229
Коммуникативтіліктің жауап алынған жағдайда ғана жүзеге асуы оның ұстанымы болып есептеледі.
Яғни осы екі әдісті сабағымда қолдану кезінде маған бірден бір көмекші құрал ол
–
аудио материалдар
болып табылады. Оқушылар компьютер арқылы естіп, тыңдау дағдыларын қалыптастырады.
Ал, жазуды оқыту кезінде, сауатты жазу дағдыларымен, есте сақтау қабілеттерін дамытады, әрі
пернетақтаны меңгеруге септігін тигізеді. Тыңдау, сауатты жазу, әріптерді теру секілді үш іс-әрекетті бір
уақытта біріктіреді. Коммуникативтік сөйлеу әрекетінің қай түрі болса да лексикалық-грамматикалық
дайындық деңгейіне сүйенеді. Белсенді сөйлеу әрекетін ұйымдастыруда ауызекі жауаптасу мен мәтін
бойынша жұмыс негізгі құрал болып табылады. Сонымен қатар, ақпараттық оқу құралдары (компьютер,
аудио-визуалды құралдар) бойынша да оқушылар белсенді коммуникацияға түсе алады. Ауызекі сөйлеу
тілін қалыптастыруда сөздер мен сөз тіркестерінің қолданылуын, сөйлем құрастыруды, тұрақты сөз
тіркестерін қолдануды, сұрақ қоюдың барлық түрлерін үйрену тиімді. Оқушылардың сөйлеу дағдылары
ауызекі сөйлеу жүйесінен, сұраққа қысқа да толық жауап қарастыра алуынан, оқығандарын ауызша да,
жазбаша да мазмұндап беретіндей дағды-машықтарынан, шығарма, хат жазу дағдыларынан құралады.
Ағылшын тілін оқытуда ең алдымен тәжірибелік мақсат қойылады, оған оқушылардың сөздік қорларын
байыту, сауатты жазуға үйрету, сөйлесуге, көргендерін, естігендерін әңгімелеп беруге үйрету қажет. Ал
бұл іс-әрекеттерді сауатты да дұрыс жүзеге асыру үшін грамматикалық жұмыс жүргізілуі керек. Оны
оқушылар пернетақта арқылы компьютерге енгізу арқылы тез әрі ыңғайлы орындай алады. Айтылған
барлық жұмыс түрлерінде АКТ (аудио, видео материалдар, презентациялар және т.б.) сабақтың ажырамас
бөлігіне айналды.
Сонымен, ағылшын тілі – бүгінгі заманымыздың кілті, компьютер технологиясының кілті екені
белгілі. Ағылшын тілі – ұлы әдебиет тілі. Бұл тілде әлемге әйгілі Вильям Шекспир, Джонаттан Свифт,
Вальтер Скотт сөйлеген. Заманауи ұстаз тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педа-
гогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық
білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы
маман болу керек. Мемлекетімізде жаңа телекоммуникациялық құралдың дамып келе жатқаны сөзсіз. Әр
оқытушы үшін компьютер және мультимедиялық құралдарды қолданудың сабақ өту барсында өте тиімді
тәсіл екені белгілі. Бұл құралдың қуаттылығы соншалықты онымен бірге білім жүйесіне жаңа әдістермен
бірге әлемдік ойлаудың жаңа идеологиясы енгізілді. Инновациялық технологияларды сабақта қолдану –
бұл оның нәтижелігіне қолайлы жағдайды жасаудың бірден-бір жолы, ал ол өз кезегінде бірлесе
жұмыс жасауға, адами қарым-қатынастарға себепкер болады. Оқытуға жаңашыл көзқарасты қолдану,
тәжірибеге бағытталған оқытудың үлкен жетістігі болып табылады, сондай-ақ оның сапасы алынған
білімнің нақты жағдайда мақсатқа жетумен қатар өмірдің сапасын көтеруде үлкен сұранысты
қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: