283
шыққан» кеңестік зұлмат жоңғарлардай ат тұяғымен дүбірлетіп жетпесе де, мысқылдап кіріп, талай
тағдырды тәлкек еткеніне тарих куә.
«... Сол даланы айқыш-ұйқыш кесіп өтетін керуен жолдардан андыз-андыз будақтаған шаң көрінеді.
Шаң – шапқан аттың, шұбырған көштің шаңы! Ұлы көштің арты әлі үзілер емес. «Пәледен машайық
қашыпты» деп, басқа төнген апаттан құланша үріккен қайран ел ата-қоныс, туған жерін жат қолына
тастап, Бақты тауын бетке алып жосып келеді.
... Қазақтың «Ақтабан шұбырындысы» осымен аяқталар ма екен? Әй, ең соңғы көш осы болар...»
[6, 444-445].
Қазақ прозасының қара нары, тағдыры бөлек қаламгер – Қабдеш Жұмаділовтің «Соңғы көш» роман-
дилогиясының кейіпкерлері осылай толғанса да, болашақты дөп басып айта алмапты. Олар Кеңестің
қызыл қырғынынан бас сауғалап барған Қытай елінде де небір зобалаңды басынан кешіріп, еліне қоныс
аударған қазақтың өткен ғасырдың алпысыншы жылдарындағы көші араға отыз жылдай уақыт салып
қайталанатынын болжап білмеген еді.
Егемендік алғаннан кейін басталған жылымықты пайдаланып, туған жерге үдере көшкен Қытай
еліндегі қазақ хандастары осы көшті жалғастырған еді.
«...Иә, арт жақта тұтас бір өмір, үлкен тарих қалғаны рас, - деді Нұрбек те көз ұшында бұлдырап
көрінген Шәуешектің қалың талына қарап тұрып. – Кейде ойлап тұрсаң, осынау жер бетінде әлмисақтан
бері жасап келе жатқан сияқтысың. Әрине, әрқайсымыз бастан кешкен тарихты ұмытпаспыз, мәңгі ой-
серік етіп, өзімізбен бірге ала кетерміз... Бірақ соны көзі көрмеген, бастан кешпеген өзге жұртқа, келер
ұрпаққа қалай түсіндірерсің?» [6, 447].
Дегенмен, «көзі көрмеген, бастан кешпегендерге» үркін көш, ұлы көштің жай-күйі тарихи дерекпен
қоса, көркем әдебиет арқылы таралып жатқаны анық. Себебі көш – қазақ үшін ұмытылмайтын, бәріне
мағынасы айқын, мәні көмескіленбейтін ұғым. Оған халқымыз ерекше мән бере отырып, терең мағына
жүктейді. Өйткені жер бетінде қазақ барда бұл ұғым өзінің жүректі сыздатар сезімімен ұрпақтан ұрпаққа
нәзік жалғасып келе жатыр. Тарих көшімен бірге көшіп жүрген қазақ өмірінде оның мәні мен мағынасы
өзгергенімен үздіксіз жүріп келеді. Үркін көш кейде көштің басқа түріне ұласып отырған.
Көш – бір немесе бірнеше отбасының қажетіне қарай талданған қоныс аудару барысы. Көш аралығы-
на қарай ұзақ, жақын болады. Жақын көштер – тасынып көшуі делінеді де, арқалап, дорбалап, арбалап
жүріп жұрт жаңалайды. Бұл көбінде мал өрістерінің қолайлығын пайдалану үшін жасалады. Ұзақ көштер
–
бір жерден екінші бір жерге қоныстану. Бұл да тегінде мал өріс жағдайына қарай көктеу, күзеу, жайлау,
қыстау деп бөліп, бір таудан екінші бір тау, қолайлы ойпаттарға көшу. Бұл уақытына, аралығына қарай
қозы көш (жас төл енесіне ілесіп шаршамай жететін жер, түстік көш, күндік көш) тіпті айлық көшке дейін
созылады.
Қазақ көші ертеде ел көңілі жай болған кезде өте жайдары салтанатты болған. Көшу – қазақтың ең
келелі жұмысының бірі. Көшуде ауыл ақсақалдары ертеде ауыл-аймақ болып малға қоныс іздейтін болса,
бір елден екінші бір жерді алдын ала жер жағдайын танитын сұңғыла, көпті көрген, көзі қарақты
қарттарды ақылшылыққа алып, топтасып қоныс өріс шалады. Малының төрт маусымдық қолайлығына
қарай жылы, сулы, шөбі шүйгін, отын-суға қолайлы кең жерлерді мекендеу үшін жер шалып, қайтып
келген соң ауыл-аймақ болып, ақылгөй қариялар кеңесіп, кесім жасайды. Көште күні бұрын, тіпті ұзақ
көштерге бірер жыл бұрын да даярланады. Уақыты белгіленгеннен кейін ерлер жағы ат-көлігі жуас әрі
жетерлік болуы, киім – кешек жылы, толық, сәнді болуы қажет. Көлігі, мініс аты жетпейтіндерге басқалар
көлік шығарып береді. Болмаса, көштің алды қоныстанып болған соң, көлік әкеліп көшіріп алады. Әсте,
жұртқа тастамайды. Жұртта қалса, елге таба болады деп қарайды [2].
Достарыңызбен бөлісу: