316
қазақтардың гуманистік дүниетанымы, адамдық сипаты мен сапасы, ұлттық қасиеті мен менталитет
белгілері терең бейнеленеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев көпұлтты Қазақстанда идеялық топтасу мен
қазақстандық отаншылдықты қалыптастырудың бір ғана жолы бар екенін көрсетеді. Қазақстан Респуб-
ликасының тәуелсіздігі мен егеменділігі жағдайында патриоттық тәрбие беру мәселесін адамдарға ұлттық
дәстүрлердің ықпалын, оның әсер ету механизмін қолдану арқылы шешіледі. Дәстүр дегеніміз – біздің
таным-түсінігіміз, белгілі бір ұлтты құрайтын халықтың ата-бабаларының халық болып қалыптасу
жолындағы бүкіл тіршілік тәжірибесінен сан ғасырлар бойы тірнектеп жинап, сұрыптау тезінен өткізіп,
бір жүйеге келтіріп, қалыпқа түсірген өмір сүру заңы, яғни бүгінгі түсінікпен айтсақ, қатал тірліктің
қағидаларынан қорытып, уақыттың өзі бекітіп берген конституциясы. Оған басқа ұлттың ортақтығы жоқ.
Белгілі бір ұлттың адамзат өркениетінің ортақ өрісіне шығып, дамып жетілуі де, құлдырап төмен кетуі де
осы ұлт дәстүрінің сақталуы мен бұзылуына байланысты. Дәстүр бұзылған жерде халықтың халықтығы
бұзылады: қазақ – қазақ болудан, орыс – орыс болудан, шүршіт – шүршіт болудан, т.б. қалады. Ал бұған
керісінше, қалыптасқан дәстүрі бұзылмаған елдер халықтық қалпына селкеу түсірмей, өзіндік өмір сүру
заңдылықтарын сақтай отырып, ел көшін замана талабына сай жетілдіре дамытып, алға ілгерілей береді.
Мұндай елдің іргесі берік, мәртебесі биік [5].
Жеке адамның ұлттық-патриоттық қасиетін қалыптастыруда алдыңғы ұрпақтардың сан ғасырлық
тәжірибесі, яғни ұлттық дәстүрлері белгілі рөл атқарады. Дәстүрлер адамдардың ақыл-ойы мен
сезімдеріне иелік ете отырып, адамдардың белгілі бір тобын біріктіріп, жұмылдыратын нақтылы күшке
айналады: олар белгілі бір әдет, талғам, әлеуметтік, адамгершілік, эстетикалық, спорттық және т.б. идеал-
дарды меңгеруге ықпал етеді. Дәстүрлер адамдардың бір-біріне, өз халқына деген қарым-қатынасының
тұрақты нормаларын, мәселен, ұлттық мақтаныш сезімін, патриотизмді білдіреді. Нақты дәстүрлер
адамдардың белгілі бір қажеттіліктеріне байланысты туындайды. Ұлттық дәстүрлер, мәселен, бесікке
салу, тұсау кесу, құда түсу, т.б. халық дәстүрлері тарихи тұрғыда туындаған қажеттіліктерге байланысты
пайда болады. Сонымен қатар бұл қажеттіліктердің керектігін адамдар ұғынып-түсіне білулері тиіс және
бұл түсінік ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыруы қажет.
Патриотизмді қалыптастыру мен дамытудың бір жолы тұлға бойында ұлттық сезім тәрізді құбылыс-
ты орнықтыру болып табылады. Қоғамнан тыс өмір сүретін адам болмайды. Әрбір адам нақты ұлттың
немесе ұлыстың өкілі ретінде бой көрсетеді. Туған халқының тағдырына, мақсат-мүддесіне, оның рухани
құндылықтарына деген қарым-қатынас, тұлғаның ұлттық сана-сезімі – мұның барлығы ұлттық сезімге
жатады. Ұлттық сезім – бұл рухани құбылыс.
Патриотизмнің қалыптасу жолын былайша айқындауға болады. Адамдар ортақ аймақта мекен ететін,
өмір сүру салты ұқсас, қарым-қатынас тілі ортақ, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, мәдениеті мен тұрмыс-
тіршілігі ортақ белгілі бір этникалық қауымдастықтың құрамына кіреді. Дәстүрлер ұлттық патриотизмді
қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Қазақ патриотизмі ең алдымен қазақ халқына, оның ұрпақтан-
ұрпаққа жалғасып келе жатқан рухани құндылықтарына деген құрмет пен сүйіспеншілік, бұл
құндылықтарды игеруге талпыныс болып табылады [6]. Сонымен қатар бұл – өткен кезеңде ұлттарды
біріктіріп, бір-біріне қосып жіберу мақсатымен жүргізілген саясаттың салдарынан ішінара ұмыт болған
халықтың тарихи жадын, материалдық және рухани мәдениетінің белгілерін, өткеннің озық дәстүлерін
қайта жаңғыртып, қалпына келтіруге саяды .
Бүгінгі таңдағы әлемдегі тарихи, әлеуметтік-саяси оқиғаларға үңілсек саны көп ұлттың саны аз ұлтқа
үстемдік ете отырып жойып жіберуді, өзіне сіңіріп алуды мақсат ететіні, ал аз ұлттардың қалайда құрып
кетпеу үшін жанталасқа түсіп келе жатқаны байқалады. Саны көп ұлтпен аралас-құралас тірлік кешкен
саны аз ұлттың жойылып кетпеуге қарсы ең негізгі, ең басты қаруы – ұлттық дәстүрі мен тілі. Талай-талай
қырғын соғыстар мен індеттерді бастан өткерген халқымыздың құрып кетпей, өніп-өсіп, ұлан-ғайыр
жерді иеленіп отыруының басты себебі көптеген дәстүрлерді сақтап қалуында.
Достарыңызбен бөлісу: