385
дұрыс бөлшектенуі, дұрыс әрі анық айтылымы маңызды. себебі синтез арқылы мәтін дыбысталған сөз
ретінде жарыққа шығып, қатысымдық сипатқа ие болады. Сондай-ақ сөйленім синтезінде айтылымның
дұрыстығы әртүрлі диалектілік ерекшеліктерді салыстыру үшін, ер және әйел сөйленістерін саралау үшін
және сөздерді автоматты тану жүйесін әзірлеу (авиабилеттерге тапсырыс) үшін қажет екені белгілі.
Корпусты тіл формасына (тұрпатына) қарай жазба түрдегі корпустар және сөйлеу түріндегі
(фонетикалық) корпустар деп екіге бөлуге болады. Жалпы корпус – бұл ауызша және жазбаша мәтіндер-
дің жиынтығы. Сөйленім немесе ауызша корпусы деген аудиомәтін мен олардың транскриптысының
кешені. Әр сөздің транскрипциясынан басқа сөйленім корпусына әдетте сөздер және олардың қолданылу
жиілігі туралы ақпарат және метабелгіленім беріледі. Ал сөйленім синтезінде диктордың мәтінмен
жұмыс істеуі аса маңызды болып табылады. Сөйленім синтезін жасау барысында диктордың
просодикалық білімінің жоғары болуы көзделеді. Жалпы ауызша сөздің физиологиялық сипаты –
артикуляциясы жағынан дұрыс дыбыстау, сөз ағымын дұрыс бөлшектеп ұйымдастыру болса, интонация
белгілі бір ойды білдіретін сөз бөлігінің тыңдаушыға түсінікті әрі әсерлі болатындай безендірілуін, яғни
сөз ағымы арқылы бір ғана емес, әр түр мағыналарды жеткізудегі әуен, әуез, ұзақтылық пен қарқын,
дауыс қаттылығы сияқты интонацияның компоненттерін үйлесімді жүзеге асыруды талап етеді.
Интонация кез келген сыртқа шыққан ойдың ауызша тілдегі көрінісі. Интонациясыз айтылған сөздің
мысалын табу өте қиын. Интонациясыз сөйлеушінің ойын, оның сол ойға, тыңдаушыға деген қатысын
білу қиын. Интонация арқылы сөздің коммуникативтік мақсатын да түсінеміз.
Ауызша тілдің өзіндік ерекшеліктері болатыны белгілі. Ең алдымен ауызша тілдің құралдары
тыңдарманға бағытталып құрылады, яғни қарым-қатынастағы серігіне сөйлеушінің әсер етуі есту қабілеті
арқылы жүзеге асады. Демек қандай да бір коммуникативтік мақсатпен айтылған сөз тыңдарманға,
біріншіден, дұрыс естілуі шарт, екіншіден, ондағы мақсат айқын көрініп, соған сәйкес таңдалған тілдік
лексика-грамматикалық құралдар (сөз, сөз тіркестері, жалғаулықтар мен шылаулар) интонациялық
жағынан дұрыс ұйымдасуы (әуен, қарқын, дауыс күші, әуез, кідіріс) керек.
Қай халықтың болса да, оның сөйлеу тілінің өзіне тән интонациясы бар екені анық. Сол сияқты
әртүрлі маман иесінің өзіндік интонациялық конструкциялары әр басқа болып келеді. Жалпы интонация
Достарыңызбен бөлісу: