Түрішілік Биотикалық факторға жануарлар, өсімдіктер және микроорганизмдердің өз өсімталдығын арттырудағы әрекеті (демогр. әсер), мекен ететін аумағын қорғаудағы жануарлардың мінез-құлығы (этологиялық әсер), т.б. әсерлер жатады.
Түраралық Биотикалық факторға комменсализм (сіңісу), симбиоз (селбестік), нейтрализм (бейтарап селбесу), масылдық (басқа ағза есебінен күн көру), жыртқыштық әсерлер жатады. Биотикалық фактордың қалыпты жағдайдан ерекше ауытқуы ағзалардың қалыптасқан тіршілігіне әсерін тигізбей қоймайды, соның нәтижесінде табиғи тепе-теңдік бұзылады.