Тақырып / Тема Өсімдік эволюциясындағы сабақтың құрылысының өзгерісі. Өсімдіктің негізгі топтары


Өсімдіктердің ылғалға байланысты экологиялық топтары



бет5/8
Дата14.12.2021
өлшемі109,6 Kb.
#127065
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
921150466200 9-апта лекция

2. Өсімдіктердің ылғалға байланысты экологиялық топтары

Ылғалға байланысты өсімдіктердің мынадай негізгі топтарын ажыратады:



1. Ксерофиттер (грекше «ксерос» - құрғақ, «фитон» - өсімдік) - топырақтағы және ауадағы ылғалдың тұрақты немесе уақытша жетіспеуіне бейімделген өсімдіктер.

2. Мезофиттер («мезос» - орташа) - орташа ылғалдық жағдайында тіршілік ететін өсімдіктер.

3. Гигрофиттер (грекше «гигра» - ылғал) - көбінесе атмосфералық ылғал мол жерлерде тірішілік ететін өсімдіктер.

4. Гидрофиттер (грекше «гидро» - су - суда өсуге бейімделген өсімдіктер. Гидрофиттер суда жартылай батып тұрады, сондықтан денесінің жартысы су астында,жоғарғы бөлігі су бетінде қалқып өседі.

5. Толығынан суға батып тіршілік ететін өсімдіктерді гидатофиттер («гидатос»-су) деп айтады.

Гидатофиттер - су өсімдіктері. Бұларға балдырлар, сужапырақ, валлиснерия, көптеген шыландар,егеушөп, мүйізжапырақ, тұңғиық, сары тұңғиық, наяда, дүңгіршек,т.б. өсімдіктер жатады. Бұлардың бірсыпырасы су түбіне бекініп, біразы су қабаттарында бос жүреді.

Гидатофиттердің тіршілік ортасына байланысты құрылымында өзіндік ерекшеліктері бар. Жапырақтары жұқа. Мысалы, сужапырақ жасушалардың екі қабатынан ғана тұрады. Су асты жапырақтары көбінесе жіп тәрізді бөлшектеніп кеткен. Дене беткейлері көлемді. Бұл ауа алмасуды жеңілдетеді, суда еріген оттегі өте аз. Су өсімдіктеріне жарық жетіспейді, өйткені жарық сәулелерінің бір бөлігі ғана сіңеді де. біразы су бетінен шағылысып, сіңе алмайды. Сондықтан оларға көлеңке сүйгіш өсімдіктердің ерекшеліктері тән.

Гидрофиттер - әдетте су қоймаларының жағалауында өседі. Су қоймаларының түбіне көптеген қосалқы тамырлары немесе жапырақты өркендері шығып тұрады. Гидрофиттердің барлық мүшелерінде су қоймасы түбіндегі және суға батып тұрған бөліктерін оттегімен қамтамасыз ететін жасушааралық қуыстары жақсы жетілген. Көптеген гидрофиттерде пішіні және құрылымы дамып жетілген орта жағдайына байланысты әртүрлі жапырақтар пайда болған. Мысалы, жебежапырақты алар болсақ, оның су бетінен жоғары көтеріліп тұрған жапырағының сабағы мықты, жапырақ тақтасы тығыз, пішіні жебе тәрізді, мезофилінде бағаналы ұлпа жақсы жетілген, жапырақ сабағында,сол сияқты тақтасында да жасушааралық қуыстары бар.

Гигрофиттер - ылғалды ормандар мен өзен аңғарларының батпақты шалғындардың өсімдіктері. Өсіп тұрған ортасында ауа ылғалы жоғары болғандықтан, бұларда судың булануы баяу жүреді немесе буланбайды, мұның нәтижесінде жоғары ағыс жолымен минералдық заттардың қозғалуы баяулайды. Гидрофиттерге көптеген шаяноттар, көкбұталар, кейбір бегониялар жатады. Қоңыржай аймақтың гидрофиттеріне баймана, шытырлақ, батпақ қызылбояуы, кейбір қырықбуындар жатады. Мәдени өсімдіктерден күрішті атауға болады.

Мезофиттер - орташа ылғалды орташа тіршілік ететін өсімдіктер. Бұған қоңыржай аймақтың жапырағын түсіретін ағаштар мен бұталары: шалғын және орман шөптесін өсімдіктердің басым көпшілігі, егістік дақылдардан - қатты және жұмсақ бидайдың басым көпшілігі, жүгері, сұлы, асбұршақ, қытайбұршақ, қантқызылшасы, кенепшөп, бадам, жүзім, жемістік дақылдарының көпшілігі, сәбіз, қызанақ, керем, т.б.жатады.

Ксерофиттер - ылғал тұрақты немесе уақтылы жетіспейтін ортада өсетін өсімдіктер. Олар су теңдестігін әр түрлі бейімделу арқылы реттейді. Морфологиялық құрылысы жағынан ксерофиттер алуан түрлі. Бұған әр түрлі тіршілік формалары жатады, олардың бірсыпырасы алдыңғы тарауларда берілген. Мысалы, сабақтары мен жапырақтарында су қорын сақтайтын сабақты-жапырақты суккуленттер сол сияқты жапырақтардың әр түрлі дәрежеде редукциялануы.

Ксерофиттердің устьицесі крипта (латынша Crypta-төле) деп аталатын тереңдікте, шұңқырда орналасады және олардың қабырғаларының кескін үйлесімі күрделі болып келеді. Мысалы, алоэда жасуша қабықшасы жасушаларының өскіндері бір-біріне жақындайды, сөйтіп су буының ауаға шығуына кедергі жасайды.

Олеандрада әрбір үлкен төледе бірнеше устьице орналасады да, ал төленің қуысы жұмсақ тығын сияқты жиі орналасқан түктермен толып тұрады.

Ксерофиттердің екі тобын ажыратады: склефориттер (грекше «склерос»-қатты) және суккуленттер (латынша «суккулентус»-шырынды).

Склерофиттер - құрғақ, қатты келеді, олар су мол болатын мезгілде де бойына су қорын жинамайтын, денесіндегі ылғалды 25 ға дейін жоғарылатудан зиян шекпейтін ксероморфты құрылымды өсімдіктер. Склерофиттерге жүзгін, сексеуіл және тағы сол сияқты шөл, шөлейтті, құрғақ дала өсімдіктері жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет