Тақырып 1: «Зертханалық жұмыстарды орындау техникасы»



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата10.12.2022
өлшемі0,73 Mb.
#162215
түріПрактикум
1   2   3   4
Байланысты:
Практикумны барлы кезе іне студентті т ра ты ж мыс орнын
С.И. Брызгалова Введение, С.И. Брызгалова Введение, билет кәс бағд, билет кәс бағд, instr pvo 2021, 1-2022-1-000510154-1-1, 1509095776438, 6-дәріс-Эндокардиттер.-Миокардиттер.-Перикардиттер., d2ee2137de53b7a541163002d6787d5a, Составлено на основании Приказ Министра здравоохранения Республики
1.3.
 
Химиялық зертханада жұмыс кезінде техника қауіпсіздігінің 
міндетті талаптары 
 
Химиялық зертханада жұмыс кезінде есте сақтау қажет, әр химия-лық 
тәжірибені орындау кезінде мұқияттылық пен көңіл аударуды талап етеді! 
1.
Реактивтерді пайдалану кезінде оның негізгі қасиеттерін білу қажет: отқа 
қауіптілігі, улылығы, басқа реактивтермен жарылғыш қоспа түзілу жағдайлары. 
2.
Күшті иісті және улы заттар, сілті мен қышқылдың концентрлі ерітінді-
лерінмен, сілтілік металдармен барлық жұмыстар тартқыш шкафта жүргіз-іледі.
3.
Тартқыш шкафта жұмыс жасаған кезде тартқыш шкафтың есігін оны 1/5-1/4 
биікте көтеру. Жұмыс аяқталғаннан кейін оны тығыз жабу керек. 
4.
Қауіпті заттармен жаңа немесе қайталанған тәжірибені қою осы жұмыстың 
жетекшісінен (оқытушыдан) рұқсат алғаннан кеін ғана жіберіледі. 
5.
Оқытушының рұқсатынсыз заттың қасиетін зерттеуге, сондай-ақ оның 
химиялық ыдысынан су ішуге тыйым салынады. 
6.
Лас ыдыста тәжірибе жүргізуге тыйым салынады. 
7.
Оқытушының нұсқауынсыз ешқандай қосымша тәжірибе жүргізуге 
болмайды. 
8.
Ыдысқа жақын ейкейіп, бөлінген газды иіскеуге болмайды. Газ немесе 
сұйықты иісін анықтау кезінде абайлап ауамен демалу, ыдыста өзіне қарай 
қолыңмен жеңіл бағыттау. 
9.
Реактивтерді құю кезінде ыдысқа ейкеюден шашырап, кетуден немесе 
бөлшектердің бетке немес киімге тиюден аулақ болу. 
10.
Сұйықтарды қыздырғанда ыдысқа ейкейме, ыдыстан шашырау мүмкін. 
11.
Қыздыру кезінде сынауықтың аузын өзіне немесе жаныңдағы жолдас-
тарына қараптып ұстама. 


12.
Химиялық стаканмен ыстық сұйықтарды тасымалдау кезінде орамалға 
стаканды қойып, стаканды қос қолмен ұстау қажет. 
13.
Сутегіні алу кезінде Кипп аппаратында аса сақтықпен жұмыс жасау қажет, 
дұрыс болмаған кезде аппаратта жарылыс болуы мүмкін. Сондықтан алдымен 
осы аппаратпен жұмысты бастамас бұрын, міндетті түрде оқытушыдан 
инструктажды алу қажет және Кипп
 
аппаратының орнату сипаттамасын зер 
салып оқу. 
Кипп аппаратымен жұмыс кезінде мынадай қауіпсіздік ережесі сақта-лады: 
а) құрылғының жанында жанып тұрған жаңғышты жақындатып ұстауға 
болмайды; 
б) сутегімен жұмысты жасамас бұрын, қондырғыдан ауаны үш рет 
атмосферадан ығыстыру қажет, газды тазалыққа тексеру керек. Ол үшін 
сынауықты орауышқа орап, оған сутегіні жинау керек. Содан кейін сынауықты 
саусақпен жауып, жанып тұрған жаңғышқа жақындату керек. Жандырған кезде 
дыбыс шықса, демек сутегіде оттегінің қоспалары бар. Таза сутегі ақырын 
жарылыспен жану керек. Сынаманы сутегі таза болғанға дейін жасау керек. 
Содан кейін сутегімен жұмыс жасауға болады. 
14.
Күкірт қышқылының концентрлі ерітінділерін сұйылтқан кезде оны суға 
сыздықтатып ақырын құю керек. Резеңке қолғап және көзілдірік киген дұрыс.
15.
Сілтілік металдарды алдын-ала дайындалған судың мөлшерінде ақырындап 
еріту. Улы калий мен натрийдің кесегін матаға орап оны ұсақтау. 
16.
Ашық жалынмен жұмыс жасаған кезде жанғыш ерітінділер тұрған ыдыстан 
1 м кем емес қашық жерде жұмыс жасау керек.
17.
Жеңіл тұтанатын сұйықтарды (ЖТС-бензин, спирт, эфир және т.б.) бір 
біріне құйған кезде ашық жалыннан 3 м қашықтықта құю керек. 
18.
Концентрлі азот қышқылы кейбір органикалық заттарға (скипидар, эфир 
майлары, ветошь, ағаш үгінділері және т.б.) әсер еткен кезде олардың жануын 
тудыруы мүмкін екенін есте сақтау қажет.
19.
Ерітінділердің электролизі кезінде кейбір заттар барлық электрлік 
контактілер жақсы тұйықталған болуы қажет, осылай болмаса ұшқын пайда 
болып сутегі жарылыс беруі мүмкін. 
20.
Газ горелкасымен жұмыс кезінде айырықша абайлап сақ болу керек. 
Зертханада шығарда газ горелкасының кранын жабылғанын тескеру. 
21.
Ешқашан отқа қауіпті және жарылғыш заттарды (сілтілік металл, ақ және 
қызыл фосфор, күкіртті көміртек, жеңіл тез тұтанатын сұйықта) қоқыс жәшігіне 
тастау және раквинаға құюға болмайды.
22.
Жұмыс жасалған (ластанған) сілті мен қышқыл ерітінділерін канализацияға 
құюға болмайды. Зертханада құюға арналған арнайы ыдыстар болуы қажет. 
23.
Сілтілік металдар едәуір активті заттар екендігін ескеру керек. Олармен 
жұмыс кезінде аса сақ болу қажет. 
24.
Массасы 2 г дейінгі сілтілік металдардың қалдықтарын этил спиртінде еріту 
жолымен оны жояды. 
25.
Сілтілік металдарын кесуге және қалдықтарды жинауға тыйым салынады. 
Барлық сілтілік металдар шыны ыдысында керосин астында сақталуы туралы 
ескерту. 


26.
Жанғыш сұйықтықтар немесе басқа заттар жанған кезде горелканы тез 
сөндіріп, электрлік қыздыру приборларын ток ажырату, отқа кауіпті (жанғыш) 
заттарды ыдыстарымен қалдыру және келесі сөндіру шараларын қолдану: а) 
ыстық сұйықтықтарды асбестілі немесе кәдімгі одеялмен жабу немесе құм 
шашу, б) тұтана бастаған фосфорды ылғалды құммен немесе сумен өшіру 
қажет. 
27.
Киім жанған кезде пальто немесе жабынмен және (одеяло) жалынды жауып 
сөндіру. 
28.
Егер электр желілері жанып жатса, тез арада ток ажыратқыштан ажырату 
және бар құралдармен өртті сөндіру (құм, су, асбестілі одеял). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет