12.
Химиялық стаканмен ыстық сұйықтарды тасымалдау кезінде орамалға
стаканды қойып, стаканды қос қолмен ұстау қажет.
13.
Сутегіні алу кезінде Кипп аппаратында аса сақтықпен жұмыс жасау қажет,
дұрыс болмаған кезде аппаратта жарылыс болуы мүмкін. Сондықтан алдымен
осы аппаратпен жұмысты бастамас бұрын, міндетті түрде
оқытушыдан
инструктажды алу қажет және Кипп
аппаратының орнату сипаттамасын зер
салып оқу.
Кипп аппаратымен жұмыс кезінде мынадай қауіпсіздік ережесі сақта-лады:
а) құрылғының жанында жанып тұрған жаңғышты жақындатып ұстауға
болмайды;
б) сутегімен
жұмысты жасамас бұрын, қондырғыдан ауаны үш рет
атмосферадан ығыстыру қажет, газды тазалыққа тексеру керек. Ол үшін
сынауықты орауышқа орап, оған сутегіні жинау керек. Содан кейін сынауықты
саусақпен жауып, жанып тұрған жаңғышқа жақындату керек. Жандырған кезде
дыбыс шықса, демек сутегіде оттегінің қоспалары бар. Таза сутегі ақырын
жарылыспен жану керек. Сынаманы сутегі таза болғанға дейін жасау керек.
Содан кейін сутегімен жұмыс жасауға болады.
14.
Күкірт қышқылының концентрлі ерітінділерін сұйылтқан кезде оны суға
сыздықтатып ақырын құю керек. Резеңке қолғап және көзілдірік киген дұрыс.
15.
Сілтілік металдарды алдын-ала дайындалған судың мөлшерінде ақырындап
еріту. Улы калий мен натрийдің кесегін матаға орап оны ұсақтау.
16.
Ашық жалынмен жұмыс жасаған кезде жанғыш ерітінділер тұрған ыдыстан
1 м кем емес қашық жерде жұмыс жасау керек.
17.
Жеңіл тұтанатын сұйықтарды (ЖТС-бензин, спирт, эфир және т.б.) бір
біріне құйған кезде ашық жалыннан 3 м қашықтықта құю керек.
18.
Концентрлі азот қышқылы кейбір органикалық заттарға (скипидар, эфир
майлары, ветошь, ағаш үгінділері және т.б.) әсер еткен кезде олардың жануын
тудыруы мүмкін екенін есте сақтау қажет.
19.
Ерітінділердің электролизі кезінде кейбір
заттар барлық электрлік
контактілер жақсы тұйықталған болуы қажет, осылай болмаса ұшқын пайда
болып сутегі жарылыс беруі мүмкін.
20.
Газ горелкасымен жұмыс кезінде айырықша абайлап сақ болу керек.
Зертханада шығарда газ горелкасының кранын жабылғанын тескеру.
21.
Ешқашан отқа қауіпті және жарылғыш заттарды (сілтілік металл, ақ және
қызыл фосфор, күкіртті көміртек, жеңіл тез тұтанатын сұйықта) қоқыс жәшігіне
тастау және раквинаға құюға болмайды.
22.
Жұмыс жасалған (ластанған) сілті мен қышқыл ерітінділерін канализацияға
құюға болмайды. Зертханада құюға арналған арнайы ыдыстар болуы қажет.
23.
Сілтілік металдар едәуір активті заттар екендігін ескеру керек.
Олармен
жұмыс кезінде аса сақ болу қажет.
24.
Массасы 2 г дейінгі сілтілік металдардың қалдықтарын этил спиртінде еріту
жолымен оны жояды.
25.
Сілтілік металдарын кесуге және қалдықтарды жинауға тыйым салынады.
Барлық сілтілік металдар шыны ыдысында керосин астында сақталуы туралы
ескерту.
26.
Жанғыш сұйықтықтар немесе басқа заттар жанған кезде горелканы тез
сөндіріп, электрлік қыздыру приборларын ток ажырату, отқа кауіпті (жанғыш)
заттарды ыдыстарымен қалдыру және келесі сөндіру шараларын қолдану: а)
ыстық сұйықтықтарды асбестілі немесе кәдімгі одеялмен жабу немесе құм
шашу, б) тұтана бастаған фосфорды ылғалды
құммен немесе сумен өшіру
қажет.
27.
Киім жанған кезде пальто немесе жабынмен және (одеяло) жалынды жауып
сөндіру.
28.
Егер электр желілері жанып жатса, тез арада ток ажыратқыштан ажырату
және бар құралдармен өртті сөндіру (құм, су, асбестілі одеял).
Достарыңызбен бөлісу: