Тақырып 11 Электр қауіпсіздігі



Дата12.11.2023
өлшемі37 Kb.
#191060
Байланысты:
Дарис 7-Электр кауипсиздиги.docx


7 дәріс


Электр тогының әсерінен қорғау құралдары

Электрқауіпсіздігі – зиянды және қауіпті электр тоғы, электр доғаы, электр магниттік өріс және статистіу электр әсерінен адамды сақтауды қамтамасыз етету шаралары мен техникалық құралдардың жиынтыңы.


Адамдардың қауіпсіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін өнеркәсіп басқармасы электр қондырғыларын орнату ережелерін, электрқондырғыларын тұтынуға беру кезіндегі техникалық ережелерін, электрқондырғыларын тұтынуға беру кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауы қажет. Сол ережелердің негізінде жергілікті нұсқаулар мен ережелер құралады.
Электрқондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік жұмысшылардың ұжымдық және жеке қорғаныс құралдары арқылы қамтамасыз етіледі. Оларға: қоршау және оқшаулағыш қондырғылар мен жабындар; қате операциялар болған жағдайда, оларды болдырмау үшін аппараттар мен қоршауларды блокадалау; электр қондырғылар мен желі учаскелерінің қосылып- өшуін автоматтандыру; автоматты бақылау мен сақтандырушы дабыл қондырғыларының; сақтандыру үшін жерге қосу және нөлге келтіру; кернеуді реттеуге және қуатты төмендетуге арналған қондырғылар; аппараттарды дистанционды басқару; сақтандырушы қондырғылар; сақтандыру белгілері (жазулар, плакаттар) және де электрден сақтандырушы құралдар жатады. Статикалық электрден сақтандыру құралдары мыналар болып табылады: жерге қосу қондырғылары, ауаны ылғалдандыру, антиэлектрлік жабындар.
Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ететін техникалық тәсілдер
А) Ток өткізетін бөліктерді элекризоляциясы
б ) нөлдеу
в )жерге қосу
г )электр тоғынан ажырату (защитное отключение)
д) Изоляцияланбаған ток өткізетін бөлшктерін қоршау және оларды қол жетпейтін биіктікке ( жерге )орналастыру
Жұмысшылардың электр тогымен зақымдануынан, конструкцияларды монтаждау, электр жабдығын жөндеу мен ұстау, электрқұрылғылар, электржабдықтары мен электрөткізгіштер талабына сәйкес болуы тиіс. Жабдықтың электртогы жүрмейтін бөліктеріне жақындау жерге қатысы бойынша кернеу болуына байланысты немес дұрыс оқшаулау жұмысын жүргізбеу нәтижесінде ауыр жағдайға әкелуі мүмкін, осыған орай ток жүруші бөлікке жақын аймақта арнайы ескерту белгілері, таңбалары, тиісті нұсқаулар көрсетіледі.
Электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін келесі техникалық әдістер қолданылады:
Жерге тұйықтау. Қорғаныш жерге тұйықталу деп металлда жүретін ток бөлшектерді жермен немесе оның эквивалентінен әдейі электрлік қосуды айтады.
Қорғаныш жерге тұйықтаудың мақсаты - кернеуге ұшыраған электрқондырғының корпусына немесе басқа да ток жүретін металды бөлшектеріне тиіп кеткен жағдайда токпен зақымдану қауіптілігін жою.
Қорғаныш жерге тұйықтаудың әрекетінің негізі - кернеуге ұшыраған корпуспен жер арасындағы кернеуді қауіпсіз мәнге дейін төмендету.
Жерге тұйықтағыш өткізгіштер ретінде әртүрлі металды құрылыстарды қолдануға болады: лифтердің, көтергіштердің фермалары, шахталары, электрөткізгіштердің болат қабырғалары, тағайындалуы әртүрлі ашып салынған стационарлық құбырлар.
Нольге келтіру деп корпусқа тұйықталу салдарынан және басқа да себептер бойынша кернеуде болуы мүмкін металды ток жүрмейтін бөлшектерді нөлді қорғаныш өткізгішпен әдейі электрлік қосуды айтады.
Нольге келтіруді мақсаты - кернеуге ұшыраған электр қондырғының корпусынан және басқа ток жүрмейтін металды бөлшектеріне тиіп кеткен жағдайда токпен зақымданып қауіпін жою. Бұл мақсат зияңдалған электроқондырғыны желіден дереу ажыратумен шешіледі.
Нольге келтіру әрекетінің негізі – корпусқа тұйықталуды бір фазалы қысқа тұйықталуға айналдыру.
Бұл ережелерін орындалуы тағайындалуы мен конструкциясы бойынша өте әртүрлі және көпқатарлы электр қондырғысын қауіпсіз қызмет етуге толықтай рұқсат етеді.
Жабдықтың ток жүрмейтін бөліктеріне жақындау жерге қатысы бойынша кернеу болуына байланысты немесе басқа заттың оқшаулауы нәтижесінде ауыр жағдайға келуі мүмкін, сондай - ақ ток жүруші бөлікке жақындауда.
Бұның болмауы үшін, электрқондырғының ток жүрмейтін металл бөлігінен жерлендіру қорғанысы жүргізіледі.
Электр құралдарының апатсыз жұмыс істеуі, сондай-ақ электр жарақат жағдайы көбінесе басшылықтың квалификациясы мен қызмет етуші қызметкерлер және электр желісі, электр құралымен жұмыс істеуді ұйымдастыруға тәуелді. Осы мақсатта әр мекемеде қызметкерлер үшін элетротехникамен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері, нұсқаулары мен талаптары беріледі. Электрлі қондырғылардың электр қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары қатаң түрде «Тұтынушылардың электр қондырғыларын тасымалдау ережесі және техника қауіпсіздігі ережелері» сәйкес келуі қажет.
Барлық өнеркәсіптерде сондай-ақ мекемелерде жалпы түрде, электр қауіпсіздігін орнату үшін мынадай техникалық тәсілдерді қолданылады: қорғаныс жерге тұйықталу, нолденуі, қорғаныс сөндіру, потенциалды түзету, кіші кернеу, ток өткізгіш бөлшектердің изоляциясы, сеттердің электр бөлінуі, қоршау құралдары, ескертпе құралдар, қауіпсіз белгілер, ескертпе плакаттар, электрқорғаныс құралдар.
Электртогымен зақымдану қаупі бар жұмыстарда келесідей қорғану заттары қолдану керек; изоляциялайтын резина, төсемдер, резина қолғаптар, сонымен қатар қуаты 12В аспайтын электр шамдар. Электродвигательдің бөлімшесінде олардың көмегімен қозғалысқа келетін тетіктің айналу бағытын қызыл бағытпен көрсетеді. Ай сайын жер асты қорғанышының дұрыстығын тексеріп тұрады.
Электротехникалық құралдар барлық технологиялық процесте бар және сол себепті жұмысшылардың электр тогімен жараланбау қауіпсіздік шаралар жасалуы керек. Барлық электрқозғауыштарды қосуда қондырғы ұшқын беру мүмкін, сол себептен олар жарылысқа төзімді жасалуы керек.
Өндірісте үлкен қауіпсіздік тудыратын статикалық электр зарядталуынан, олар сұйықтардың, газдардың, будың, үгілгіш заттардың араласуына әкеліп соқтырады, жанатын газ бен ұнтақтар шашырауы мүмкін, олар диэлектриктер болып аталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет