Тақырып №12. Әлемдік саясат және қазіргі халықаралық қатынастар



бет3/3
Дата25.03.2022
өлшемі28,86 Kb.
#136769
1   2   3
Байланысты:
№12 cеминар саясаттану Жуман Молдир

Әлемдік саяси үрдіс
Саясат – бүкіләлемдік құбылыс . Ол дүние жүзіндегі барлық адамдардың, әлеуметтік топтардың, ұйымдар мен мемлекеттердің өмір тіршілігінің ажырамас саласы, қоғамдық болмыстың айқындаушы факторларының бірі. Бұл заманда әлемдік саяси үрдістің ағымдарынан тысқары оқшау қалып отырған ешқандай мемлекетте, халықта жоқ.
Әлемдік саяси үрдіс дегеніміз- дүние жүзі қауымдаситығының өміріне қатысы саяси шнешімдерді қабылдап, оларды іске асыру жолындағы мемлекетік саяси институттардың, қоғамдық және саяси қозғалыстардың, халықаралық ұйымдардың, жеке адамдардың іс- әрекеті. Әлемдік саяси үрдістің нақты тарихы дәуірге байланысты өзіндік мазмұны, ерекшеліктері мен заңдылықтары бар.
Осы тұрғыдан алғанда ең әуелі назар аударатын нәрсе – осы заманғы әлем өте күрделі, сан алуандылықты толы, сөйте тұра – біртұтас. Бүгінгі дүние шынында да сан алуан. Әлемде 200 – дей мемлекет, 2000 – нан астам этникалық топтар бар. Олардың әрқайсысының тарихта жүріп өткен өзіндік жолы, қалыптасқан дәстүрі, тілі, діні, және діни нанымы, ұлттық сипаты бар. Әр халықтың, мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік және рухани даму деңгейі де әр басқа, олар тарихи дамудың әр сатысында тұр. Соған сәйкес өмір салты, мақсаты- мүдделері де алуан түрлі. Мұның бәрі олардағы саяси жүйенің сипатының, мемлекеттік құрылыстың көптүрлігін, демократиялық нышандарын деңгейін анықтайтыны сөзсіз. Осыдан келіп саяси құбылыстардың күрделілігі мен қайшылықты түрде өрбуі туындайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет