Тақырып: Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы



бет2/5
Дата13.09.2022
өлшемі5 Mb.
#149328
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
1. дәріс Тарихқа дейінгі адам эволюциясы ҚТ МЕЖ ФАК
Презентация (1), 2-дәріс меж.фак ҚТ, ДБ Өтініш үлгісі, baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov , Жутов ОКТЯБРЬ 2023, Image to PDF 20231108 10.43.21

2

  • 2)Этнография деректері Тарих ғылымы салаларының бірі—жер шары халықтарының мәдениеті мен тұрмысын зерттейтін этнография осы тайпалар мен халық топтарын, сондай-ақ неғұрлым дамыған халықтардың тұрмысында сақталған алғашқы тұрмыс сарқыншақтарын ақтарып тексерумен шұғылданады. Этнографиялық төркіндердің арқасында өткен шақтағы қоғамдық дамудың әр түрлі сатылары туралы анағұрлым толық ұғым алуға қол жетті. Алғашқы тұрмыс қауымдық құрылыстын қайсы бір дәрежеде сипаттарын сақтаған тайпалар мен халық топтары жер шарының түрлі жерлерінде қазірде де өмір сүреді немесе осы таяудағы өткен шақта өмір сүрді. Олар түрлі сатыларда тұрады және дамудың әр түрлі кезеңдерінде болып саналады.
  • Бұлардың кейбіреулері, әлі мүлде металдарды білмейді және тас ғасырында өмір сүреді, екіншілері осы заманғы капиталистік дүниенің күшті ықпалына ұшыраған, бірақ қалайда өмірдің көне сиқының элементтерін сақтап қалған. Осы алыстағы өткен шақты реконструкциялау үшін, жоғарыда айтылып өткендей, сарқыншақтарды, яғни ең кейінгі қоғамдардағы сақталған өткеннің іздері мен қалдықтарын зерттеудің зор маңызы бар. Мұндай сарқыншақтар салт-саналарда ерекше айқын байқалады (құда түсу, той-думан, жерлеу салттарында), кейде бұлар киім-кешекте, әшекейлерде, үй құрылысында т. б. сақтала береді. Алғашқы тұрмыстық табыну және алғашқы тұрмыстық тіршіліктің басқа да көріністері фольклорда-әңгімелерде, өлең-жыр, толғау, жұмбақ, аяттарда, тағы басқаларда бейнеленіп қалған.

3

  • 3) Лингвистикалық деректер Халықтың өткен шағы туралы ұғымның маңызды дерек-төркіні лингвистикалық деректер бола алады. Осы заманғы тілдердің өз ара қарым-қатынастары мен туыстық дәрежесін зерттеу халықтар арасындағы тарихи байланыстар фактілерін табуға әкеп соғады, өйткені тілдік семьялар дегеніміз тілдердің тобы, демек шыққан тегінің ортақтығына байланысты халықтардың да тобы. Басқа лингвистикалық деректердің арасында топонимика деректері, яғни қайсыбір территориядағы географиялық атаулар жиынтығы (елді мекендер, езендер, көлдер, таулар т. б.) зор маңызға ие болды. Өте тұрақты, сірә жанды топонимдік атаулар халықтың көне тайпалық құрамы туралы, оның алмасуы жөнінде сонау алыстағы өткен шақтағы жергілікті мекендердің немесе өсімдіктердің сипаты жайында, халықтың әуел басқы іс-қарекеті туралы, т. б. пайымдауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет