Егер гендердің өзара әрекеттесуі нәтижесінде бір белгінің көрінуіне екі, үш немесе одан да көп гендердің әсері болса, ондай құбылысты полимерия деп атайды. Мұндай гендерді полимерлік гендер дейді. Оларды бірдей әріптермен белгілейді, бірақ индексі өзгеше болады. Мысалы, А1 А1 А2 А2 немесе a1 a1 а2 а2, A1 А1 А2 А2 А3 А3 немесе a1 a1 а2 а2 а3 а3. Полимерлі гендер өсімдіктер мен жануарлардың бағалы, сапалы белгілері мен қасиеттерін бақылайды. Мысалы, өсімдік бойының биіктігі, пісу мерзімі, дәнінің орташа салмағы, майлылығы, қанттылығы, нәруыз мөлшері, т.б. Полимерия құбылысын алғаш рет 1908 жылы швед ғалымы Нельсон-Эле бидай дәні түсінің тұқым қуалауын зерттегенде ашқан. Ол түсі қою қызыл бидай дәні мен ақ түсті бидай дәнін будандастырғанда, бірінші ұрпақта өсімдіктер дәнінің түсі аралық ашық қызыл болған. Ал екінші ұрпақта 64 өсімдіктің ішінде бір ғана ақ түсті дәнді өсімдік, қалған дәндердің түсі қою қызылдан, ақшыл қызылға дейін болған. Сонымен белгілердің ажырауы 63 : 1 сан қатынасында жүрген. Полимерлік гендер қызметіне қарай 2-ге бөлінеді Кумулятивті - Кумулятивті полимерия кезінде белгінің даму дәрежесі генотиптегі полимериялық гендердің доминанттық аллельдерінің санына тікелей тәуелді болады. Кумулятивті полимерияда екінші ұрпақта белгілердің өзгеру қатары үзіліссіз жүреді..
Кумулятивті емес - Кумулятивті емес полимерия кезінде белгінің дамуы генотиптегі полимериялық гендердің доминантты аллеліне байланысты. Бұл жағдайда белгілердің фенотиптік көрінуіне полимерлік гендердің бір ғана доминантты аллелі жеткілікті болады. Мұнда белгілердің екінші ұрпақта ажырауы 15:1; 63:1 қатынасында және полимерлік гендердің жұп санына байланысты болады.
Кумулятивті полимерия Кумулятивті емес полимерия - Бұл құбылысқа мысал ретінде жүгері собығының ұзындығының өзгеруі мен бидай дәнінің түсінің өзгеруін және адам терісінің түсін алуға болады Мысалы, адам терісінің түсін аллельді емес екі доминантты ген А1 және А2 анықтайды. Терісінің түсі қою қара адамдардың (негроидтер) генотипі А1А1А2А2 болса, ақ адамдардың генотипі а1а1а2а2 болып келеді. Ал генотиптері А1А1А2a2; А1a1А2a2; А1a1a2a2 адамдардың терісінің түсі қарадан — ақшылға дейін болады.
Плейотропия Гендердің көп жақты әсері деп бір геннің бір белгінің дамуына ғана емес, бір мезгілде бірнеше белгінің фенотиптік көрінуіне әсерін айтады. Бұл құбылысты Мендельдің тәжірибелерінен байқауға болады. Мысалы, бұршақ өсімдігінде А гені үш белгінің дамуын бақылайды: тұқымның қабығының қара түсін, гүлінің қара қошқыл түсін және сабағының қызыл түсін. Қорытынды Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы мен дамуында тұқымқуалаушылық шешуші рөл атқарады. Өйткені эволюция барысында қалыптасқан тіршілікке қажетті жаңа белгілермен басқа да өзгерістер осы тұқымқуалаушылыққа байланысты ұрпақтан ұрпаққа беріліп, бекітіліп отырады. Тұқымқуалаушылықтың негізінде органдардың алуан түрлі топтары қалыптасты, дербес және біртұтас жүйелер (популяциялар, түрлер) құрылып, олардың тіршілік етуіне және қоршаған орта жағдайларына сай бейімділіктің сақталуына мүмкіндік туды. Сондықтан да тұқымқуалаушылық эвол. әрекеттің негізгі қозғаушы күшінің бірі болып табылады. Табиғатта тұқымқуалаушылық өзгергіштікпен қатар жүреді. Ауыл шаруашылығы мен медицина үшін тұқымқуалаушылықтың заңдылықтарын зерттеп білудің маңызы зор. Пайдаланылған әдебиеттер 1. Жүнісбаева Ж.Қ. Жалпы генетика негіздері: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2016. – 194 б. 2. Уильям С. Клаг. Генетика негіздері. 11-басылым, 1-том. –Алматы, 2016. 3. Берсімбаев Р.І. Генетика. Алматы, “Қазақ университеті”, 2016. 4. Берсімбаев Р.І., Мұхамбетжанов К.Қ. Жалпы және молекулалық генетика. Алматы, “Қазақ университеті”, 2005.
Достарыңызбен бөлісу: |