Кәсіби шеберліктің мотивациялық критерийлерін қалыптастыру тұрғысынан студенттік орта гетерогенді. Кейбір студенттер білімге деген ұмтылыспен, таңдаған мамандығы бойынша жоғары кәсіби дағдылар мен іскерлікті игеруге деген ұмтылыспен, ал басқалары өздерінің амбицияларын қанағаттандыру үшін жоғары медициналық білім туралы диплом алуға ынталы. Алайда,нәтижесінде дәрігер мен пациент арасындағы қарым-қатынас стилін мотивациялық критерийлер анықтайды. Бірақ, егер біріншісінің қарым-қатынас принциптері дәрігердің антына, лауазымдық нұсқауларға және тарихи дәстүрлерге сүйенсе, екіншісінде науқастың құқықтары мен міндеттері мүлдем анықталмаған.