Тақырып. Ақша қаражаттарының есебі және оның баламалары. Дәріс жоспары: Ақшалай қаражаттары және олардың элементтері


Күмәнді дебиторлық берешектер түсінігі және оларды есептен шығару. Күмәнді берешектер бойынша резервтерді бағалау әдістері



бет6/45
Дата07.02.2022
өлшемі0,64 Mb.
#96730
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
6. Краткое содержание лекций по ФУ 1

2. Күмәнді дебиторлық берешектер түсінігі және оларды есептен шығару. Күмәнді берешектер бойынша резервтерді бағалау әдістері. Дебиторлық борыштың сенімсіз талаптары деп, Қазақстан Республикасының заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен борышты айтады.ҚР Азаматтық кодексінің 178 бабына сәйкес бұл мерзімге 3 жыл берілген.
Күмәнді талаптар бойынша резерв құрудың мәні сатып алушының қарызын төлеумеуден кәсіпорынды сақтандыратын тәуекелдік қорын құру болып табылады.Мұндай резервтің құрылуы кәсіпорынның экономикалық тұрақсыздықта жұмыс істеуімен байланысты.Жаппай төлем қабілетін жоғалту жағдайында кәсіпорындар жөнелтілген өнім, орындалған жұмыс және көрсетілген қызмет үшін алдын-ала төлем алуға мүдделі.Алайда, сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің әр кез төлемдік қабылеті және алдын-ала төлем жасауға мүмкіндігі бола бермейді.Осы қалыптасқан жағдайларда сату көлемін арттыру, соған байланысты пайда мөлшерін ұлғайту мақсатында кәсіпорындар тауарды төлеу мерзімін кейінге қалдырып, несиеге беруге мәжбүр.Бірақ кәсіпорын өнімді өткізумен байланысты шығындар шығарғанда сатып алушылар мен тапсырыс берушілер әр түрлі себептер бойынша қарызын өтей алмауы мүмкін.Дәл осы жағдайда кәсіпорындар күмәнді талаптар бойынша резерв құру тәжірибесін қолдануы керек.Бұл резерв кәсіпорынға қаржылық есептілік құруда негізгі ережелердің бірі – сәйкес келу қағидасының орындалуын қамтамасыз етеді.Ендеше, бір мәміле немесе оқиға нәтижесінде пайда болған кірістер мен шығыстар бір уақытта танылады, ал күмәнді талап сомалары өткізілген өнім, орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет көлеміне сәйкес келуі керек және тауар өткізілген, жұмыс орындалған және қызмет көрсетілген есерпті мерзімнің шығындарына жату керек.
Күмәнді талаптар бойынша резервтер есебі 1290 «Күмәнді талаптар бойынша резерв» шотында жүргізіледі.Бұл шот контрактивті, өйткені сатып алушы мен тапсырыс берушілердің дебиторлық борышының бағасын түзетеді.
Есепте күмәнді талаптар бойынша резервтің жәй-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат баланста және пайда мен зиян туралы есете келесідей көрсетіледі:
- баланстағы дебиторлық борыш 1290 «Күмәнді талаптар бойынша резерв» шотында есептелетін күмәнді талаптар бойынша резерв сомасына азайтылып көрсетіледі;
- пайда мен зиян туралы есепте құрылған резерв сомасы кезең шығыстары ретінде танылады.
Егер сенімсіз дебиторлық борыш сомасы белгілі болса онда оны шығыстарға жатқызамыз:
Дебет 7440 «Күмәнді талаптар бойынша шығыстар»
Кредит 1290 «Күмәнді талаптар бойынша резерв»
Сенімсіз дебиторлық борыштың сомасын, яғни іздену мерзімі өтіп кеткен борышты баланстан шығару мына бухгалтерлік жазумен көрсетіледі:
Д-т 1290 «Күмәнді талаптар бойынша резерв»
К-т 1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі»
Күмәнді қарыздарды бағалаудың екі әдісі бар. Күмәнді талаптармен резервті құру кезінде кәсіпорын өз қарауы бойынша есептік саясатта екі әдісі бірін таңдауға және қарастыруға құқылы:

  • несиеге толық қолдануынан пайыз әдісі (кіріс пен шығыс туралы есеп)

  • төлеу мерзімі бойынша ДҚ есептеу әдісі (бухгалтерлік баланс).

Бірінші әдістің мақсаты күмәнді ДҚ шығынының пайда болу нәтижесінде нақты өлшеулер болып табылады. Екінші әдістің мақсаты ДҚ-ң таза бағасын нақты өлшеу болып табылды.
Несиеге толық қолдануынан пайыз әдісі (кіріс пен шығыс туралы есеп)
Бұл әдістің мәні күмәнді қарыздардың жіберудің толық көлеміндегі пайыз анықтау болады. Қарыз бойынша резервті пайыз анықтау үшін тауардың қолданысқа берілу көлемі мен өткен жылдардағы төленбеген есептер сомасын талдау керек және үмісіз қарыздар сомасы мен қолдану көлемінің орташа пайыз сәйкестігін анықтау керек. Содан кейін алынған пайыз өтпелі уақыттағы қолданыс көлеміне қолданылады және осымен резерв сомасын есептеуге қолданылады.Үлгі. 1 жылға қолданысқа жіберу көлемі 1049 мың. теңгені құрайды. Қарыздың пайыз талдау үшін бес есептік период таңдалған. Қолданудың толық көлемінің күмәнді талаптарының пайыз анықтау кестесі (мың.теңге)

Кесте 1 - Пайыз анықтау





Кезеңдер

Қолдану көлемі

Күмәнді талаптар сомасы

Пайыз

Бірінші

890

19

2,1

Екінші

997

12

1,2

Үшінші

1002

16

1,6

Төртінші

1019

14

1,4

Бесінші

1032

21

2,0

Қорытынды

4940

82

1,66

Бес период ішінде орташа пайыз:




.

Бұдан күмәнді талаптар бойынша резерв сомасы:





Есептік жыл соңында 7440 шотының дебеті бойынша және 1290 шотының кредиті бойынша (күмәнді талаптар резерві) 17,4 мың.теңге сомасына жазба жасалады.
Төлеу мерзімі бойынша шоттарды есептеу әдісі.
Қарызды төлеу мерзімі бойынша күмәнді талаптардың пайыз анықтауында негізделеді. Бұл пайыз анықтау үшін келесі категориялар арқылы алуға арналған есептерді сұрыптау керек:

  • төлеу мерзімі келмеген есептер;

  • 1 күннен 30 күнге дейінгі төлеу мерзімді есептер;

  • 31 күннен 60 күнге дейінгі төлеу мерзімді есептер;

  • 61 күннен 90 күнге дейінгі төлеу мерзімді есептер;

  • 90 күннен көп төлеу мерзімді есептер.

Әр категорияға күмәнді талаптардың болжамды пайыз анықталады.
Үлгі. Хаттау нәтижесінде төленбеген ДҚ мөлшері 700 мың.теңгені құрайды. Төлеу мерзіміне қарай бұл мөлшерді келесідей бөлуге болады:
- бірінші категория - 200 мың.теңге;
- екінші категория - 170 мың.теңге;
- үшінші категория - 100 мың.теңге;
- төртінші категория - 150 мың.теңге;
- бесінші категория - 80 мың.теңге.
Пайыз және күмәнді талаптар сомасын анықтау кестесін мысалға келтіреміз: Күмәнді талаптардың есептерді алу әдісі бойынша төлеу мерзімі арқылы резерв көлемін анықтау кестесі.

Кесте 2 - Резерв көлемін анықтау





ДҚ төлеу мерзімі

Сома, мың. теңге

Күмәнді деп саналатын талаптар, %

Күмәнді талаптар сомасы, мың. теңге

Төлеу мерзімі келмеген

200

14

5

1

28

10

1 күннен 30 күнге дейінгі төлеу мерзімді

170

16

10

3

27,2

17

31 күннен 60 күнге дейінгі төлеу мерзімді

100

12

20

5

12

20

61 күннен 90 күнге дейінгі төлеу мерзімді

150

27

40

10

40,5

60

90 күннен көп төлеу мерзімді

80

43

50

30

34,4

40

Қорытынды

700
















1290 шоты бойынша есеп алуға журнал-ордер № 10 беріледі.


Резервті құру есептерді алу әдісі бойынша төлеу мерзімі арқылы алынған күмәнді талаптар сомасы бухгалтерлік есеп көрсеткішінде есеп беру периодының басындағы құрылған резерв сомасына төмендейді.
Егер төлету шаралары бәрі қолданылса және сәтсіз болса, онда бухгалтерлік есепте саналатын үш жыл өткен соң ұзақ мерзімді ДҚ-ны кәсіпорын жоюы мүмкін. Ол күмәнді талаптар бойынша құрылған резерв, период шығыны немесе несиеге берілген тауар сатылымының шығыны арқасында жойылады және екі жыл ішінде баланстан кейінгі есептерді ескеру керек.


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
1) Дебиторлық берешектер, оның түрлері.
2) Алынуға тиісті шоттар.
3) Берілген жеңілдіктер есебі.
4) Сатылған тауарлардың қайтарылуының, сатудан жеңілдіктердің және баға жеңілдіктерінің есебі.
5) Күмәнді қарыздарды бағалау.
6) Алынуға тиісті вексельдер.
7) Алынуға тиісті вексельдерді бағалау және тану.
8) Ұсыну және талдау.

Әдебиеттер тізімі:


негізгі (1- 10);
қосымша (1-7).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет