Тақырып 8. Автокөлік құралдарын бағалау туралы жалпы мағлұмат, бағалау кезеңдері
Автокөлік құралдарын бағалауға жалпы түсініктеме.
Бағалауды қолдану аймағы.
Бағалау кезеңдері, бағалау жүргізу туралы келісім шартқа тұру
Шығындық тәсілде бағаланатын жылжымалы мүліктің құны бірінші кезекте оны құру мен өткізуге кеткен шығындармен анықталады. Осындай әдіспен анықталаты құн нарықтық құнмен сай келмеуі мүмкін, өйткені шығындар – пайдалылық, сапа және бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін құнның жалғыз факторы емес.
Шығындық тәсілмен бағаланатын нарықтық құн ұдайы өндіру құны болып табылады, егер оны бүгін шығарса және объектінің қанша тұратындығын, яғни бағалардың әрекет етуші деңгейінде анықтайды.
Бағаланатын объектінің жасы үлкен болған сайын оның шығындық тәслін көбірек бағалауға тура келеді. Машиналар мен автокөлікті бағалаудағы шығындық тәсіл іс жүзінде келесі әдістермен жүзеге асрыладды:
бірыңғай объектінің бағасы бойынша есептеу;
элмент бойынша (агрегат бойынша) есептеу;
шығындарды талдау және индексациялау;
Бірыңғай объект бойынша есептеу Бағаланатын объект үшін конструкциясы, пайдаланатын материалдары және дайындау технологиялары бойынша ұқсас бірыңғай объектілерді таңдап алады. Оның үстінде біріңғай объект басқа тағайындауға ие болып басқа салаларда қолданыла алады. Біріңғай объект нарықта белгілі бір сұрныспен қолданылады және оның бағасы белгілі.
Біріңғай объектіні дайындаудың өзіндік құны бағалантын объектіні дайындаудың өзіндік құнына жақын және өндірістік факторлардың берілген объектілеріне арналған жалпыларының ықпалында қалыптасады.
Элемент бойынша (агрегаттық) есептеу Бұл әдіс бағаланатын объект сатып алуға болатын және бағалары нарықта белгілі құрамдас ьөліктерден жиналуы мүмкін.
Мұндай бағалаудың неғұрлым тән мысалы, автокөліктің құнын олардың жиналатын бөлшектері бойынша бағалау болып табылады.
Осы әдіспен жұмысты жүргізу мынадай:
Бағаланатын объектінің құрылымын талдайды және олардың негізгі бөлшектерінің тізімін құрастырады.
Объектінің әрбір бөлігі бойынша бағалық ақпарат жинайды.Егер бағалары уақыттың әртүрлі сәттеріне қатысты болса,онда оларды индексиейді.
Бөлшектердің бағалары туралы жиналған мәліметтерді объектінің толық өзіндік құнын есептеу үшін пайдаланады.
2.
Шығындарды талдау және индекстеу Бағалау тәжірибесінде айтарлықтай кең тараған мысал объектінің ескі құнын (бағасын) түзетуші индекстердің (индекс-дефляторлар) көмегімен қазіргі заманғы бағалар деңгейіне келтіру болып табылады. Егер осы объектке жататын өнімнің сол тобы үшін баға индекстері белгілі болса, оъектінің бағасын тікелей индекстеу арқылы жүзеге асады. Бұл әдістің ерекшелігі мынада, индекстеуге объектінің тұтастай алғандағы құны (бағасы) емес, оның өзіндік құны реттелетін шығындар ұшырайды.
Мұндай жағдайда объектін өндіру кезінде шығындалатын ресурстардың баға индекстерін негізге алады. Ресурстардың баға индекстер туралы ақпарат дайын бұйымдардың баға индекстері туралы ақпаратқа қарағанда анағұрлым қол жетерлік.
Оның үстіне бағаның белгілі бір кезеңнің (жылдың, тоқсанның, айдың) соңына қатынасын білдіретін базистік баға индекстері туралы сөз болып отыр. Шығындық көрсеткіштің бағалау сәтіне қарай мәнін келтіру үшін, шығу сәтінің жағдайы бойынша бұл көрсеткішті түзетулер енгізуші индекске көбейту қажет. Түзету енгізуші индекс-баға индексін бағалау жағдайына қатынасы.
Шығындарды талдау және индекстеу әдісіне белгілі бір байқампаздықпен қарау керек. Біріншіден,дәл емес өзіндік құн құрылымын экономикалық элементтер бойынша анықтау кезінде қалыптасады.
Өзіндік құн құрылымы әдетте айтарлықтай тұрақты, әйтсе де оған бірнеше факторлар әсер етеді.Ауыр және металл сыйымдылықты объектілердің өзіндік құнында материалдық шығындардың шекті салмағы айтарлықтай. Жаппай өндіру объектілерінде өндірісті өзіндік құнмнен автоматтандыруда амортизациялаудың шығындар пайызы жоғары. Екіншіден, баға индекстері енгізілген пайдаланатын ресурстар мен тауарлардың арасында қолднылатын толық сай келетін ие екендігін мақұлдауға болмайды. Үшіншіден, бағалау кезіндегі баға индекстерін алдағы кезеңге арналған динамика бойынша болжауға тура келеді, бұл да қателіктерге алып келеді.
3.
Автокөліктердің физикалық тозу пайызын анықтау Автокөліктердің физикалық тозу пайызын анықтау үшін келесідей ақпараттарды дайындайды:
1. Спидометрден жол жүрілген есептік бойынша нақты көрсеткішін аламыз.
2. Автокөліктің техникалық куәлігіне сәйкес жүрілген уақыты.
3. Көліктің тозу пайызын мына формула арқылы анықтаймыз:
Итр=(И1*Пф+И2*Дф);
Мұнда К1-жүрілген жол бойынша тозу көрсеткіші;
Пф-көлікті қарау кезінде спитометрдегі жүрілген жол (км);
К2-уақыт факторлары бойынша тозу көрсеткіші;
Дф-көліктің нақты жүрілген қызметі
Көліктің бұйымдық кешенін ауыстырғандағы жеке тозу есебін анықтайды:автокөлік дөңгелектері,аккумулятор батареясы және т.б.
Көліктің (бұйымдық кешенін ) тозу есебінің құны мына формулалар арқылы анықталады:
Сиз=Ц-Виз=Цр*((1-Итр)/100)
Достарыңызбен бөлісу: |