ХХ ғ. 20-30 ж.ж. Қазақстандағы мәдени құрылыс. Қазақстанда білім беру жүйесінің құрылу тарихын талдаңыз: бастауыш, орта жалпы білім беру және арнайы оқу орындары (алғашқы оқулықтардың дайындалуы, интернат-мектептердің ашылуы, қазақ интеллигенциясының рөлі және т.б.);
қазақ жазуының араб алфавитінен латын алфавитіне, кейін кириллицаға көшу себептері мен мақсатын анықтау. Осы өзгерістердің салдарларын көрсету қажет.
Қазақ тілінің жазу тарихында әліпби жүйесі бірнеше тарихи кезеңдерді басынан өткізіп, ұлттық әліпби деңгейіне жеткен. Бірнеше ғасыр бойы қазақ халқы араб графикасына негізделген әліпби жүйесін пайдаланып келген-ді. 1929-40 жылдар аралығында латын графикасына негізделген әліпбиді жазу жүйесіне енгізіп, 1940 жылдан бері қарай кирил графикасы әліпбиін қолданып келеді.
Араб графикасына негізделген қазақ әліпбиін кезінде А.Байтұрсынов реттеп, тіл ерекшеліктеріне сай жетілдірді, ол 30-жылдарға дейін “төте жазу” деген атпен қолданылып келді. Бұл жазудың емлесі морфол. дәстүрлі шарттарға негізделген. 1940 ж. орыс графикасы негізінде қалыптасқан қазақ әліпбиі мен орфогр. емлесіне әр кезде (1957, 1970), әр түрлі өзгерістер енгізілді. Кириллица негізіндегі жазудың қазақ тіліне тән ерекшеліктердің бәрін дұрыс көрсете алмауына байланысты кейінгі жылдары (1993 жылдан бастап) қазақ ұлттық жазуын латын графикасы негізіне көшіру мәселесі қойылып отыр