Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы — XIX ғасырдың екінші жартысы — XX ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті. Саяси, экономикалық экспансиямен қоса, құлдыққа салушылардың мәдениеті күштеп танылды.Патша өкіметінін кертартпа саясаты халыққа білім беру саласынан мейлінше айқын анғарылады. Отаршыл билік қазақ халкының мүдделері мен құқықтарын елемей, онын рухани дамуын тежеді. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде қарастырылып отырған кезенде орын алған соны құбылыстар қазақ қоғамының қоғамдық санасындағы елеулі өзгерістерге әкеп соқты. Мұндай елеулі өзгерістер ұлттық сана-сезімді оятуға жағдай жасады, қазақ қоғамында жаңа идеялардың, ой-пікірлер мен көзқарастардың қалыптасуын анықтап берді. Мәдениет тұрғысынан алғанда, дәуірдің жаңалыктары ең алдымен еуропалық өркениетті, жаңа құндылықтарды бастапқыда әлеуметтік үстем топ өкілдерінің, адамдардын шағын тобының меңгеруі орын алғанынан көрінді. Ұлттық зиялылардың қалыптасу жолы бірдей болған жоқ, күрделі және ұзаққа созылған үрдіс болды. Бұл жағдайдың халық шаруашылығында да, мәдениетте де мамандар санының өсуінен көрінгені күмәнсіз. Оның барысын отаршылдық режим жағдайлары, патша өкіметінің бағындырылған халық жөніндегі кемсітушілік саясаты тежеп отырды. Дегенмен XIX ғасырдың аяғы — XX ғасырдың басы халықтың интеллектуалдық күштері дамуындағы жаңа кезен болып табылады.
Революцияға дейін
Революцияға дейін Қазақстанда мұсылман мектептері мен медреселерде, не «орыс-қазақ», «бұратаналық», ауылдық мектептерде оқып, бастауыш білім алуға болатын еді. Мұсылман мектептері мен медреселері байырғы ұлттардың балаларына білім және тәрбие берудің негізгі, ал Ресейдің отарлауы басталғанға дейін бірде-бір буындары болды. Бұл мектептер мен медреселердің басты мақсаты діни білім беру болғанымен, олардың оқу бағдарламаларында зайырлы пәндердің де елеулі орын алғанын атап өткен жөн. Оқыту және тәрбиелеу әдістерінің қаншалықты жетілдірілмегеніне қарамастан, бұл мектептер мен медреселер мешіттің ғана емес, сонымен қатар қоғам мен мемлекеттің де мүдделеріне қызмет етті.