сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен әр түрлі деңгейлі шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкіндік береді;
Электрондық оқулықтың құрылымын жан –жақты зерттей келе профессор О. Околелев электрондық оқу құралы қолданушының барлық сезім мүшелері жұмыс істеуін қамтамасыз ететін бірден – бір оқу құралы бола отырып, қазіргі заман талабына сай ақыл-ойдың дамуына себепші болуы тиіс деген қорытындыға келеді.
Электрондық оқулықты құрастырған кезде оның мәтіндік ақпараттан көрі графиктік ақпараты көбірек қамтылуы керек, себебі ол оқушының ақпаратты тез әрі көрнекі түрде қабылдауына жағдай жасайды.
Мен ұсынып отырған электронды оқулықтың басты ерекшелігі бастауыш сынып оқушыларына математика пәнінен оқушылардың шығармашылық іс – әрекетін дамытудың жолдарын көрсету болып табылады.