Өкілеттіктерді табыстау- оның орындалуы үшін өзіне жауапкершілік алатын тұлғаға міндет мен өкілеттіктерді тапсыру. Өкілеттіктерді табыстау ұйымдағы адамдардың өзара қатынасын орнататын негізгі процесс болып табылады. Оның көмегімен басшылар жұмысқа қажетті адамдарды таңдайды. Бүгіндері ұйымдардың басым бөлігі менеджерлерге құқықтардың бөлігін басқарудың ең төменгі деңгейлеріне табыстауға итермелейді, өйткені бұл сыртқы ортаға бейімделу және тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру кезінде икемділіктің барынша жоғары дәрежесіне жетуге мүмкіндік береді.
Жоспардың орындалуын қамтамасыз етуге тиісті ұйымдық құрылымды құруды басқарудың маңызды функцияларының бірі ұйымдастыру береді.