Тақырып бойынша тапсырма
Тапсырма 1
Әлеуметтік қызметке ақы төлеу ұғымы туралы кесте толтыру
Әлеуметтік қызметке ақы төлеу
|
Әлеуметтік қызметке ақы төлеу түрлері
|
Әлеуметтік қызметке ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген. Әлеуметтік қызмет - өзіңе қамқорлық көрсетуге қабілеті жоқ адамдарға көрсетілетін қызмет
|
Әлеуметтік қызметке ақы төлеу екіге бөлінеді: тұрмыстық қызмет көрсету және әлеуметтік- тұрмыстық қызмет көрсету.
|
Тапсырма 2
Кесте толтыр
Тұрмыстық қызмет көрсету түрлері:
Біріншісі, яғни тұрмыстық қызметпен қамтамасыз ету кір жуу, кептіру, үтіктеу, іш киімді, киімді, төсек-орын жабдықтарын дезинфекциялау сияқты әрекеттер жатады.
Екіншісі, яғни қалалық телефон байланысы қызметін ұсыну;
Үшінші, емдеуге, оңалтуға, оқуға, мәдени және тынығу іс-шараларына қатысу үшін тасымалдау кезінде көлік қызметін ұсыну.
Төртінші, хат жазуға және оқуға көмек көрсету жатады.
Бесінші, әдеттегі шаштараздарда қызмет көрсету қиын немесе мүмкін болмайтын жағдайларда қызмет алушыларға шаштараз қызметін көрсету.
Алтыншы, соңғы сапарға аттану салт- жораларын ұйымдастыру.
|
Сипатын жаз
Тұрмыстық қызмет көрсету деген- өзіңе қамқорлық көрсетуге қабілеті жоқ адамдарға көрсетілетін қызмет.
|
Әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету
Берілетін тұрғын үй барлық санитарлық нормаларға және талаптарға сай, қолайлы болуы керек.
Тұрғындар орналастыру кезінде қызмет алушылардың денсаулық жағдайы , жас ерекшеліктері, әдеттері, психологиялық жағдайы ескеріледі.
Барлық тұрғын, қызметтік және өндірістік орынжайлар санитарлық нормалар мен ережелерге, қауіпсіздік талаптарына, өртке қарсы талаптарға жауап беретін телефон байланысымен жабдықталады.
Оңалту іс-шараларын, емдеу-еңбек және білім беру қызметін, мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін ұсынылатын орынжайлар көлемі, орналасуы мен конфигурациясы бойынша қызмет көрсетілетін қызмет алушылардың ерекшелігін ескере отырып, жоғарыда аталған барлық іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етіледі.
стационарлық үлгідегі ұйымдардың мамандарының кабинеттері қажетті жиһазбен және мамандандырылған жабдықтармен жабдықталады.
Әрбір мамандандырылған кабинетке ерікті нысанда ресімделген паспорт толтырылады;
Қызмет алушылардың пайдалануына берілетін жиһаз, жабдық, жұмсақ мүкәммал Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын техникалық реттеу саласындағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкес болады;
қызмет алушылардың пайдалануына берілетін жиһаз бен төсек-орын жабдықтары пайдалануға ыңғайлы, қызмет алушылардың физикалық жай-күйін және жасын ескере отырып таңдалып, заманауи дизайн талаптарына жауап береді;
қызмет алушыларға берілетін киім, аяқ киім, іш киім және бірінші қажеттіліктегі басқа да заттар киюге ыңғайлы, қызмет алушылардың жынысына, бойы мен өлшемдеріне сәйкес келеді, мүмкіндігінше олардың сұраған фасоны мен түсіне, сондай-ақ санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптарға жауап береді;
ыстық тамақ, оның ішінде диеталық тағамдар сапалы тағамдардан әзірленуге, теңгерімділігі мен калориялық талаптарына жауап береді, санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес болады және қызмет алушылардың денсаулық жағдайын ескеріп ұсынылады.
|
Сипатын жаз
Әлеуметтік- тұрмыстық қызмет көрсету дегеніміз-яғни күтім мен медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды жақсарту, оңалту іс-шараларын жүзеге асыру мақсатында қызмет алушылар ұстау режимдеріне, денсаулық жағдайына, жынысы мен жасына сәйкес бөлімшелер мен бөлмелер бойынша орналастырылуы.
|
Тапсырма 3
Тақырып бойынша жағдаятты тапсырма құрастыру
1.Ыдырысов Ақылбек деген қарт адамның асыраушысы жоқ. Сол себепті ол әлеуметтік қорғау қызметкерлеріне қоңырау шалып, жағдайын түсіндірді. Қарт адамның жасы 75 – те . Әлеуметтік қорғау қызметкерлері қандай көмек көрсетеді?
2. Владимир Яковлевичтің жасы 34 те. Ол зағип жан. Ол ата- анасынан ерте айырылған.ал әпке- ағаларымен мүлдем араласпайды. Жергілікті әкімшілік ол адамды тіркеуге тұрғызған. Әлеуметтік қорғау қызметкерлеріне жергілікті әкімшілік тарапынан , осы адамды қамқорлыққа алу туралы өтініш келген болатын. Әлеуметтік қорғау қызметкерлер қандай көмек көрсетеді?
3.Аманбеков Әділеттің ата- анасы жол апатынан қайтыс болды. Ал, ата анасының туған- туыстары Әділетті асырап алудан бас тартты. Әлеуметтік қызметкерлер қандай көмек көрсетеді?
Достарыңызбен бөлісу: |