Тақырып: Цифрлық Қазақстан
1. Өнеркәсіпті және электр энергетикасын цифрландыру.
Өнеркәсіпті цифрландыру үшін өз технологиялары мен құзыреттерін дамытуға, индустриялық және инновациялық экожүйелердің қатысушылары арасындағы үйлестіруді қамтамасыз ету, тосқауылдарды жою, цифрлық технологияларды кеңінен тарату және тиісті ынталандыру шараларын әзірлеуге назар аударылатын болады. Өнеркәсіпті цифрландыруды ынталандыру үшін жағдай жасау өндірістік процестерді бақылауды жақсарту, шығындарды азайту, өнімнің өзіндік құнын төмендету, еңбек өнімділігін арттыру және т.б. арқылы оның бәсекеге қабілеттілігін көтеруге мүмкіндік береді.
Энергия тиімділігін арттыру және энергия шығынын азайту мақсатында өнеркәсіпте энергия тұтынуды басқарудың зияткерлік жүйелері, энергия үнемдеу технологияларын енгізу ынталандырылатын болады.
2. Көлікті және логистиканы цифрландыру.
Секторды цифрландыруды шешуге арналған негізгі міндет-транзиттік жүктерді тасымалдау көлемін ұлғайту.
3. Ауыл шаруашылығын цифрландыру.
Елдің ауылшаруашылық саласын одан әрі дамыту мақсатында осы процеске барлық қатысы бар уәкілетті ұйымдарды қоса отырып, ауылшаруашылық өнімдерінің қадағалануын автоматтандыруға бағытталған бірқатар іс-шараларды іске асыру жоспарлануда, бұл агроөнеркәсіптік өнімдердің бүкіл тіршілік циклін және өндірісі мен шығуының сандық және сапалық есебін жүргізуге және қадалауға мүмкіндік береді.
4. Электрондық сауданы дамыту.
Бағдарлама жалпы алғанда елдегі Интернет-сауданы дамыту үшін қолданыстағы кедергілерді жоюға, сондай-ақ жергілікті ойыншылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған ауқымды шаралар кешенін іске асыруды көздейді. Ұсынылатын шаралар электрондық сауданы реттеу, электрондық төлемдері қабылдауды көбейту, халықтың және кәсіпкерлердің цифрлық және қаржылық сауаттылығын арттыру, электрондық сауданы жылжыту, инфрақұрылымды және логистиканы дамыту және саланы қамтиды.
Қаржылық технологияларды және қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту.
Қаржы секторы бөлінген тізілімдер, жаңа қаржылық құралдарды ұсыну, мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ықпалдастыру арқылы рәсімдерді оңайлату әрі жеделдету сияқты технологияларды пайдалану арқылы өзгертілетін болады. Қолма қол ақшасыз айналымды ынталандыру бойынша шаралар кешенін әзірлеу мен іске асыруға айрықша көңіл бөлінетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |