Қияқөлеңдер тұқымдасы немесе Қияқ гүлділер тұқымдасы (лат. Cyperаceae)[1] - дара жарнақтылар класына жататын, көп жылдық тамыр сабақты өсімдіктер.
Қияқ гүлділер – көпжылдық шөптесін, сирек ұзын немесе қысқа тамырсабақты біржылдық өсімдіктер. Сабағы үш қырлы, сирек – цилиндрлі, іші паренхималы ұлпаға толы болады, буын және буынаралықтары нашар жетілген. Жапырақтары сабағының үш жағында да өседі, пішіні жіңішке ланцет тәрізді болып, шеттері төмен қарай иілген болып келеді. Тілшесі болмайды, кейбір түрлерінде қабыршақ түрінде кездеседі. Бұтақтануы бүйірлі-түптенеді. Бүйірлі горизонталь өркендерінен тамырсабақтары қалыптасады.
Гүлшоғыры – жай масақ немесе күрделі, көптеген гүлдерден тұрады, сирек масағында бір гүлі болады. Жай және күрделі масақтары сыпыртқы, шатырша, жұмыргүл гүл шоғырына топтанады.
Гүлдері ұсақ, түссіз. Гүл серігі болмайды, олардың орнына үлпектері немесе түктері болады. Андроцейі бір шеңберлі, үш аталықтан тұрады. Гинецейі екі немесе үш жеміс жапырақшасынан тұрады. Үстіңгі жатын, бір ұялы, бір тұқым бүрі болады. Аналық мойнында екі немесе үш жіп тәрізді ұзын аналық мрйны болады.
Гүлдері қос жынысты немесе дара жынысты болып келеді. Дара жынысты түрлерінде (қияқөлеңде) көбіне бір үйлі болады да, сирек екі үйлі болады. Бір үйлі түрлерінде гүл шоғырлары қос жынысты себебі гүл шоғрының бір бөлігінде аналық гүлдер, екінші бөлігінде аталық гүлдер өседі. Қияқөлеңнің аналық гүлдерінде гүл қабыршақтарынан басқа гүл қапшықтары болады, олар екі гүл жапырақтарының бірігіп өсуінен түзіледі. Бұлардың жемістері осы қапшықтың ішінде болады. Қияқгүлділер тұқымдас өсімдіктердің жемісі – үшбұрышты, шар тәрізді немесе қабысқан жаңғақ. Тұқымы эндоспермді, ұрықты қоршап жатады.
Мысал ретінде қынапты ұлпабасты – лат. Eriophorum vaginatum (орыс. пушица влагалищная) алып қарастырамыз. Көп жылдық шөптесін өсімдік. Сабағының биіктігі 30-100см, көп, тік, аз үшқырлы, түбінде қынапты қоңыр түсті жіңішке жапырақтары өсіп тұрады. Сабақ жапырақтары екі-үш, олар редукцияланған ұлпа түрінде болады.
Гүлшоғыры – масақ, жеміс пайда болғанда шар пішінді болады. Гүлдері ақ ұлпа түрінде өседі. Аталығы үшеу, ұзын тозаңқабы болады. Аналығы біреу, бір ұялы, үстіңгі жатын, аналығының мойны ұзын, аналық аузы жіп тәрізді келеді. Гүл формуласы:
Достарыңызбен бөлісу: |