*P3+3 немесе P0 A3-0 G(3)-(2)
Биіктігі 1,5-4 м.
Сабағы 3 қырлы, кей түрлері жұмыр сабақты.
Жапырақтары қынапты, жіңішке таспа пішінді, көбінесе сабақтың түбінен дамиды Жапырақтары өркенге кезектесіп орналасады. Жапырақ жиектеріндегі тіс тәрізді иректері төмен қарай бағытталғандықтан пышақтың жүзіндей өткір болады.
Гүлдері әр түрлі, негізінен, масақ гүлшоғырына жиналған, бірақ араларында сыпыртқы, шатырша, шашақ, шоғырбас тәрізді гүлшоғырлары да кездеседі. Гүлшоғырларынан таралған бұтақтары түрін өзгерткен жабын жапырақтарының қолтығынан шығады.
Гүлдері ұсақ, қос жынысты кейде дара жынысты. Жатыны бір ұялы, аузы 2-3 тілімді. Маусым-қыркүйек айларында гүлдеп, жемістенеді.
Жемісі - 3 қырлы, шар тәрізді, өздігінен ашылмайтын жаңғақша.
Майда тұқымдарының эндоспермінде крахмал мен май көп болады.
Қияқөлеңдер тұқымдасы негізінен шымтезек (торф) түзетін өсімдіктер.
Қияқөлеңдер тұқымдасының жер бетінде кең тараған 120 туысы, 4 мыңнан астам түрлері бар. Негізінен қоңыржай белдеуде өседі. Қазақстанда 17 туысы, 160 астам түрі кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |