СӨЖ-на арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар
СӨЖ‑ның мақсаты: тақырып бойынша алған білімді тереңдету, талдап зерделеу және дебиторлық борыш есебі туралы теориялық білімін тәжірибе жүзінде бекіту.
Ұсынылған және өз беттеріңізше таңдап алған ғылыми әдебиет тізіміне сүйене отырып:
Күмәнді талаптар бойынша резервтерді бағалау әдістеріне мысал келтіріңіздер.
Вексельдер бойынша есеп айырысу есебін толықтырыңыз.
Есеп
Күмәнді талаптар бойынша
2006 жылдың 31 желтоқсанына «Халық» корпорациясының алынуға тиісті шоттарына жүргізілген талдау нәтижесі келесіні көрсетті:
Күмәнді деп табылған шоттар 180000
Алынуға тиісті шоттар 1750000
Күмәнді талаптар бойынша резерв 125000
«Халық» корпорациясының 2006 жылдың 31 желтоқсанына алынуға тиісті шоттарының таза құны нешеге тең?
Есеп
Вексельдер есебі бойынша бухгалтерлік өткізбелер құру.
Берілгені:
Сатып алушыдан дебиторлық борышты қамтамасыз ету мақсатында жылдық 12%-бен, 30 күнге, сомасы 200000 теңге болатын вексель алынды.
30 күн өткеннен кейін пайыздық кіріс есептелді (Сомасын анықтаңыз).
Вексель бойынша негізгі борыш сомасы және пайыз сомасы төленді (сомасын анықтаңыз).
Тапсырма:
Берілген операциялар бойынша бухгалтерлік өткізбелер құрыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |