Негізгі борыш сомасы х Пайыздық ставка х Вексель мерзімі (3)
Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебі Жалпы кез келген ұйымның бухгалтерлік есебіндегі мына шотта:
1220 «Еншілес серіктестіктердің борышы»
1220 «Тәуелді серіктестіктердің борышы»
1230 «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы»
1240 сол ұйымның барлық еншілес және тәуелді серіктестіктердің, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларының дебиторлық борыштары жайлы ақпараттар көрініс табады.
«Шаруашылық серіктестіктері»дегеніміз пайда табу мақсатына негізделген және жарғылық қоры құрылтайшылардың салған салымдарының үлесімен анықталатын коммерциялық ұйымдар немесе заңды тұлғалар болып табылады. Қазақстан Республикасындағы шарушылық серіктестіктер: толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілікті серіктестік және акционерлік қоғамдар нысандарында болуы мүмкін. Осы жоғарыда айтылған еншілес серіктестік дегеніміз, басқа (негізігі)шаруашылық серіктестік оның жарғылық қорына үлесін қоса алатын серіктестік болып табылады. Еншілес шаруашылық серіктестігі өзінің негізгі шаруашылық серіктестігінің қарыздарына жауап бермейді. Тәуелді серіктестіктердің еншілес серіктестіктерден айырмашылығы, олар филиал боп табылады және ондай серіктестіктердің өз алдында жарғылық қоры болмайды, ал олардың балансы ішкі қолдануға ғана арналады. Сонымен қатар, тәуелді серіктестіктер өздерінің қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебін өздерін жүргізіп, есеп тіркелімдерін, бас кітапты толтырады және баланстарын жасайды.
«Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаның» қатысушысы өзінің жеке қаржылық есеп беруінде және біріктірілген (консолидация) қаржылық есеп беруінде өзінің үлестік қатысуын көрсетуі қажет. Ол үлесімді (пропорционалды) біріктіру үшін есеп беретін пішімдерінің (форматтардың) біреуін қолдану негізінде жүзеге асады.
Еншілес, тәуелді серіктестіктерге, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға ұйым ақша берген уақытта:
Дт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» шоты,
Кт: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылса,
Сатылған өнім, тауар, негізгі құралдар мен материалдық емес активтер және материалдардың құнына еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борыштарының пайда болуына:
Дт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» шоты,
Кт: 6010 «Негізгі қызметтен алынатын кіріс» немесе «Негізгі емес қызметтен алынатын кіріс» деп аталатын шоттардың тиістілері түріндегі бухгалтерлік жазу жазылады.
Сатылған өнім, тауар, негізгі құралдар мен материалдық емес активтер және материалдардың құнына есептелінген қосылған құн салығы сомасына:
Дт: 1220, 1230 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы шоты» шоты;
Кт: 3130 « Қосылған құн салығы шоты» түріндегі корреспонденция жазылса.
Шетелдік валютадағы борыштар бойынша тиімді бағамдық айырмашылыққа;
Дт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларлың борышы» шоты;
Кт: 6250 «Бағам айырмасынан түскен кіріс» шоты түрінде корреспонденция жазылуы тиіс.
Еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борыштарының жабылуына:
Дт: 1210 «Алынған вексельдер» немесе 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты»» шоттарының тиістілері;
Кт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» деп аталатын шот түрінде екі жақты жазу жазылады.
Еншілес , тәуелді серіктестіктер мен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борыштарының салыстыру актілері арқылы кредиторлық борыштардың есебінен жабылуына:
Дт: 1210 «Алынған вексельдер» шоттарының тиістілері;
Кт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» деп аталатын шот түрінде екі жақты жазу жазылады.
Еншілес, тәуелді серіктестіктер мен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борыштары олардан тауарлық-материалдық құндылықтарды жеткізу үшін алынған аванстар есебінен жабылғанда мына төменде көрсетілгендей түрінде бухгалтерлік жазу жазылады:
Дт: 3510 «Тауарлы-материалдық қорларды жеткізіп беру үшін алынған аванстар» немесе
«Орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттардың тиістілері;
Кт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» шоты.
Осы жоғарыда айтылғандармен қатар шетелдік валютадағы борыштар бойынша тиімсіз бағамдық айырмашылық пайда болған уақытта:
Дт: 7430 «Бағам айырмасы бойынша шығындар» деп аталатын шот;
Кт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» шоты түріндегі бухгалтерлік жазуы жазылады.