Мұғалім: Алтынбеков Аян Серікұлы
8 сынып
Күні: 13.11.2010ж
Тақырып: Денелердің электрленуі. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп. Өткізгіштер мен диэлектриктер.
Мақсаты:
Білімділік: Алғашқы түсініктер мен ұғымдар қалыптастыру және бекіту: денелердің электрленуі, электр заряды, өткізгіштік, элетр өрісіндегі өткізгіштер және диэлектриктер, электроскоп.
Дамытушылық: сабақ жадығаттарын талдау барысында оқушылардың монологтық және диалогтық сөйлеу мәдениетін дамыту, өз көзқарасын ұтымды жеткізе алу және оны қорғай алу машығын дамытуға жағдай жасау
Тәрбиелік: Жауапкершілікке, ұқыптылыққа, өз ойын дәйекті баяндай білуге баулу.
Көрнекі құралдар: Электронды оқулық,жеке карточкалар, электроскоп, таяқшалар.
Сабақ жоспары:
I. Ұйымдастыру кезеңі,
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру «Школьный физический эксперимент» электронды оқулық бойынша
ІІІ. Жаңа тақырыпты бекіту. Жеке карточкалар бойынша өздік жұмыс.
IV. Қорытындылау
Сабақ барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Денелердің электрленуі.
Янтарь — еІektrоп — "электрон" деген грек сөзі.
Денелердің электрлену кұбылысы түрлі тектегі екі дененің жанасуы кезінде гана байкалады.Денелер өзара электрленеді де, олардың арасында электр күштерінің тартылысы пайда болады. Бұл құбылыс үйкелу аркылы электрлену деп аталады
Қарастырылған құбылыстар электрлену кезінде түрлі заттардан жасалған денелердің электрлі өзара өрекеттесу қабілетіне ие болатындығын дәлелдей түседі. Денелердің осы " қасиетін электр заряды деп аталатын физикалық шамамен сипаттайды. Денелердің өзара электрлік өрекеттесу кабілетіне ие болуы — олардың электрленуі деп аталады.
Бірдей электр зарядтарын аттас зарядтар деп атайды. Демек, электрленген аттас зарядтар бір бірінен тебіледі.
Зарядталған шыны жөне эбонит таяқшалары өр түрлі ма-териалдардан жасалғандықтан, олар түрліше электрленеді. Оларда өр аттас зарядтар пайда болады. Демек, өр аттас электр зарядтары бір-біріне тартылады деп ұйғарым жасауға болады.
Жүнге үйкелген эбонит таяқшада немесе янтарьда пайда болған зарядтар шартты түрде теріс (-), ал жібекке немесе теріге үйкелген шыны таяқшадағы зарядтар оң (+) деп аталған.
Қоршаган ортаның денелерімен әрекеттеспейтін денелер жуйесін ощиауланган немесе тщыцталган деп атайды. Бұл жүйедегі электрлену кұбылысы электр зарядының сақталу заңына бағынады:
Тұйықталған жүйедегі денелердің электрленуінің барлық құбылыстарында электр зарядтарының қосындысы сақталады:
q 1 + q 2 + q 3 +….. + q n = const
ЭЛЕКТРОСКОП. ЭЛЕКТРОТКІЗГІШТЕР ЖӘНЕ ЭЛЕКТР ТОГЫН ОТКІЗБЕЙТІНДЕР
I. Электрленуді байқауға арналған ең ыңғайлы аспап электроскоп деп аталады. Металл корпус ішіне пластмасса тығын аркылы ұшына жұка қағаздың екі кішкене жапырақшасы бекітілген металл таякша өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |