3. Экономикалық қорлар (ресурстар) және өндіріс факторлары Қоғамның тіршілік етуі үшін өндіріс процесі қажет. Экономикалық игіліктерді өндіру үшін ресурстар, яғни қоғамның әлеуметтік мүмкіндіктері өндіріс процесінде қолданылады. Ресурстар – бұл материалдық және рухани игіліктер мен қызметтерді жасау процесінде пайдалануы мүмкін әртүрлі өндіріс элементтерінің жиынтығы. Оның мынандай түрлері бар:
1) табиғи ресурстар- адамдардың күнкөріс көзі ретінде пайдалынылатын табиғат элементтері;
2) материалдық ресурстар- өндіріс процесінде өңдеуге, қайта өңдеуге арналған элементтердің кешені;
3) еңбек ресурстары- халықтың еңбекке жарамды бөлігі;
4) қаржы ресурстары- шаруашылық жүргіуші субьектілер мен мемлекет жасақтайтын ақшалай кіріс.
Өндіріс процесінде бастапқы ресурстар адамдардың қажеттіліктеріне бейімделеді, игіліктердің жасалуы жүзеге асады.
Қажеттілік– бұл адамдардың белгілі- бір пайдалылығы бар игіліктерді иелену мен пайдалануға деген ынталылығы. Игіліктер қажеттіліктерді қанағаттандыратын құралдар болып табылады.
Нақты өндірісте әрекет жасауға жұмсалған ресурстарды өндіріс факторлары деп атайды. Қазіргі экономикалық теорияда төрт өндіріс факторлары белгіленген: еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілет.
Қоғамдық өндірістің екі жағы бар: өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар
Жұмысшы күші дегеніміз- адамның еңбекке қабілеттілігі. Ал еңбек дегеніміз- адамның саналы іс- әрекеті болып табылады.
Өндірісті ұйымдастыруға жұмысшы күшінің болуы жеткіліксіз. Оған қоса өндірістің заттық факторлары – өндіріс құрал- жабдықтары керек. Өндіріс құрал-жабдықтары – бұл еңбек заттары мен еңбек құралдарының жиынтығы. Өндірістік қатынастар- бұл материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну кезінде пайда болатын экономикалық қатынастар жиынтығы.
Өндіріс процесі өндіргіш күштер арқылы жүзеге асады. Өндіргіш күштердегеніміз - бұл өндірісті ұйымдастыру үшін пайдаланатын жұмыс күші мен өндіріс құралдарының жиынтығы.
Өндіріс құралдары екі бөлшектен құралады:
Еңбек заттары – ол адамның еңбегіне бағытталған зат.
Еңбек құралдары–ол адамның еңбек затына ықпалын жүргізетін құрал.
Қажеттілікті қанағаттандыру барысында қоғамдық өндіріс екі сфераға бөлінеді: