Тақырып экономикалық теорияның ПӘні мен әдісі. ҚОҒамдық Өндіріс негіздері



бет5/5
Дата07.02.2022
өлшемі70,71 Kb.
#83176
1   2   3   4   5
Байланысты:
экономика 1

4. Өндіріс және ұдайы өндіріс.
Қоғамдық ұдайы өндіріс ұғымын алғаш рет зерттеген физиократтар мектебінің өкілі Ф.Кенэ. Одан кейін одан әрі дамытқан К.Маркс болды. Ол «Капитал» еңбегінің 2-ші томында қоғамдық өндірістің екі бөлімшесінің пропорциясын қарастырған. Сонымен қатар, ағылшын экономисі Дж.М.Кейнс қоғамдық ұдайы өндіріс мәселесіне үлкен мән берді.
Үнемі қайталап, жаңғырып отыратын өндірісті ұдайы өндіріс (қайта өндіру) деп атайды.
Ұдайы өндірістің түрлері:

Жай ұдайы өндіріс Ұлғаймалы ұдайы өндіріс.

Жай ұдайы өндіріс- бұл өндіріс процесінің үзіліссіз өзгермеген күйде қайталануы. Ұлғаймалы ұдайы өндіріс- бұл өндіріс процесінің ұлғайып үзіліссіз қайталанып жаңғыруы. Қазіргі заманғы экономикаға өндірісті кеңейту тән. Бұл өндіріске салынған жаңа инвестициялар шығындалған капиталды тек қайтарып қана қоймай, өндірістің қосымша немесе өндірістің ең тиімді құралдарымен оны көбейтеді. Сонымен өндіріске қосымша капитал салу есебімен оны ірілендіріп, капиталдың жинақталуын қамтамасыз етеді.


Ұлғаймалы өндірістің түрлері:

  1. Экстенсивті-өндіріс факторлардың сан жағынан молаюы арқылы дамиды.

  2. Интенсивті -өндіріс техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды.

  3. Аралас- өндіріс факторлардың сан жағынан молаюы және техника мен технологияны жетілдіру нәтижесінде дамиды.

Өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну.
Адамзаттың және қоғамның үстемелі дамуының материалдық негізі– ол өндіріс. Қоғамдық өндірістің соңғы нәтижесі – қоғамдық өнім болып табылады. Қоғамдық өнімнің қозғалысы төрт сатыдан өтеді:

  1. Өндіріс – адамдарға қажетті материалдық игіліктерді, пайдалы өнімді өндіру процесі.

  2. Бөлу - әрбір адамның өндірілген өнімдегі үлесін анықтау.

  3. Айырбас – белгілі бір өнімді басқа өнімге айырбастау процесі.

  4. Тұтыну - өндірілген өнімді қажеттілікті қанағаттандыру үшін пайдалану. Ол қоғамдық өнім қозғалысының соңғы сатысы.

Қоғамның белгілі- бір уақыт ішінде өндіргіш барлық материалдық игіліктерінің жиынтығы қоғамдық жиынтық өнімді құрайды. Қоғамдық өнім өндіріс дәрежесін немесе оның тиімділігін сипаттайды.
Қоғамдық өндірістің байлық көрсетілетін қызметтер және заттар түрінде көрінетін нәтижесі қоғамдық өнім болып табылады. Заттар- өмір сүрудің тұрақтылығымен қалыпты тәуелсіздікке ие болатын материалдық баршылықтың белгісі. Қызмет көрсету белгілі бір тұтынушылықты қанағаттандыруға бағытталған адам немесе кәсіпорынның пайдалы қызметінің нәтижесі. Өндірістің ерекшелігі мен қызметтерін өткізуі көп жағдайда өзара айырбасталмайтын, жинау, сақтау, жеткізудің мүмкін еместігіне орай, материалдық ігіліктермен салыстырғандағы тұтыну мен өндіріс үдерістерін қатар алып жүрумен қорытындыланалы. Байлық- бұл еңбекпен құрылған және жиналған материалдық игіліктердің жиынтығы. Ол мыналарды өзіне қосады: а) негізгі өндірістік қорлар (ғимарат, машиналар және құралдар) және өндірістік емес (тұрғын үй, ғимарат және білім мекемелерінің құралдары, мәдениет және денсаулық сақтау); ә) материалдық айналымдық құралдар; б) азаматтардың жеке мүлкі.
Экономикалық агент пен экономикалық игіліктің арасындағы өзара іс- қимылы 2.2-суретте көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет