Басты терминдер: әлеуметтік өзгерістер, гомогенизация және унификация
Әлеуметтік өзгеріс – бұл әлеуметтік нысанның біреуінен екіншісіне ауысуы. Әлеуметтік өзгеріс – бұл қоғамның әлеуметтік түрде ұйымдасуының қандай да болсын модификациясы, ондағы мінез-құлықтың орныққан үлгілерінің, әлеуметтік құрылымы мен әлеуметтік институттарының түрленушілігі [1, 95-96 бб.]. Әлеуметтік өзгерістер адамдардың жаңа жағдайлардың алдына әкеп қояды және іс-әрекеттердің жаңа формаларының жасалып шығарысуына мүмкіндік береді. Э.Гидденс жүйе өзгерістер үдерісіне қандай дәрежеде және қандай көрінісіне болатынын шешу үшін негізгі институттардың нақтылы кезең бойындағы түрленуінің дәрежесін анықтап алу қажет екенін атап көрсетеді. Өзгерістердің қайсыбір түрде есепке алынуы ненің тұрақты болып қалуының бөлініп шығуын да болжамдайды, өйткені ол оның аясында өзерістер нақтыланатын негіз болып табылады. [2, 592 б.].
Адамзат тарихының созылмалы он бабындағы өзгерістердің шешімдері пайымдалатын теориялық үлгілердің арасында екеуі болып көрсетіледі. Біріншісі- әлеуметтік эволюционизм. Екіншісі- тарихи материализм.
Әлеуметтік өзгерістердің эволюциялық тұжырымдамалары қоғамдардың дамуында өсе түсетін күрделілікке деген қозғалыс жүріп жататынынан туындайды. Адамзат дамуының ерте деңгейлерінде болған аң аулаушылар мен терімшілер тайпалары өте кейінгі тарихи кезеңде пайда болған отырықшы қоғамдарға қарағанда аса қарапайым құрылымға ие болады. Содан кейін өзінің күрделілігі бойынша қандай да болсын алдыңғы типтерден басым болып табылатын индустриалдық қағидалар пайда болды. Осы теорияны жақтаушылар аса күрделі организмдер қарапайым ағзаларға қарағанда бейімдеушілік пен тіршілік етуге деген үлкен қабілеттілігіне ие болатынына сенімді.
Әлеуметтік эволюционизмнің нұсқаларының бірі әлеуметтік – дарвиниз болды. Әлеуметтік дарвинизм Чарльз Дарвиннің биологиялық эволюцияларға арналған еңбектерінің ықпалымен пайда болды. Ол ХІХ-ХХ ғасырлар шегінде ерекше танымалдылыққа ие болды. Әлеуметтік дарвинизмді жақтаушылар адамзат қоғамдарының арасында биологиялық организдердің арасындағыдай, өмір сүру үшін күрес жүріп жататынын нақтылайды.
Қазіргі заманғы батыс қоғамдары осы күресте басымдылыққа ие болды және осындай көріністе оның өздері әлеуметтік прогрестің жоғарғы деңгейін көрсетеді. ХІХ ғасырдың эволюция теоретиктері бір сызықтылыққа жиі түрде бейім болды. Олар адамзат қоғамының дамуының бірыңғай сызығы – қарапайым нәрседен күрделіге қарай дамушылық болатынын нақтылады. Соңғы бірнеше онжылдықтарда әлеуметтануда эволюциялық теориялардың өзіндік бейнеде қайта өрлеуі болып өтті, бірақ екпін енді бір сызықтылыққа емес, мультисызықтылыққа жасалады. Мультисызықтылық теориялар қоғамның бір типінен екіншісіне алып баратын, дамудың әр түрлі жолдарының болуы мүмкін деп ұйғарады [2, 592 б.].
Т.Парсонс «Эволюциялық өзгерістер» теориясын жасап шығарды. Ол қоғамның эволюциясының өзі үздіксіз немесе сызықтық үдерісті білдіретіні туралы түсінікті жоққа шығарды. Ол қоғам өзінің құрылымдары мен функцияларында оданда көп дифференцияланған болып қалыптасу үрдісіне ие деген гипотезаны ұсынды. Және де жаңа құрылымдар бұрынғыларына қарағанда аса функционалды түрде бейімделінген болуы үшінде маңызды [3].
Тарихи материализм – бұл К.Маркс жасап шығарған әлеуметтік өзгерістердің интерпретациясы (түсіндірілуі). К.Маркс бойынша әрбір қоғам өз өзгерісінің өзі қондырмадағы – саяси, заңдылық және мәдени институттардағы өзгерістерге сай келуін өзіне тартатын өзгерістердегі экономикалық базис пен инфрақұрылымға негізделеді. К.Маркс әлеуметтік өзгерістерді түсіндірудің кілті – адамдардың өздері қолдана отырып, өндірістің барлық аса күрделі және жетілген жүйелерін жасайтын, материалдық әлемді өзінің мақсаттарына бағындыра отырып, оған өзінің күшейтетін тәсілдер болып табылады деп нақтылайды.К.Маркс осы үдерісті өндіргіш күштердің өсуі ретінде сипаттайды. Ол әлеуметтік өзгерістер біртіндеп даму үдерісі ретінде ғана емес, сонымен бірге революциялық сілкіністер ретінде де болып жатады деп санады. [2, 596 б.]. Ю.Волков былай деп атап көрсетеді: К.Маркс бойынша, қандай да болсын өзгерістердің өзі қарама-қарсылықтардың үздіксіз дау-жанжалының өнімін көрсетеді. Қандай да болсын өзгерістер-әлеуметтік,экономикалық немесе адами өзгерістер, қазірде бар яғни жаңадан пайда болып жатқан қарама-қайшылықтарды шешудің деңгейлері арқылы жатады [3].
Э.Будденс бойынша, әлеуметтік өзгерістерге ықпал ете алатын факторлардың негізгі типтері: физикалық орта, саяси ұғымдар мен мәдени факторлар болып табылады. Физикалық қоршаған орта адамзат қоғамындағы әлеуметтік ұйымдардың дамуына айтарлықтай әсер көрсетеді. Бұл, әсіресе, адамдардың өмір сүруі климаттық жағдайлармен анықталатын жағдайдағы экстремалдық (шұғыл) жағдайларда байқалады. Әлеуметтік өзгерістерге деген саяси ықпалдың негізгі факторы-әскери күш болып саналады. Тек сол ғана дәстүрлі мемлекеттердің көпшілігінің пайда болуында іргелі рөл алады. Өзгерістердің сипаты мен қарқынына әсер етуші мәдени факторлардың арасында коммуникациясының жүйесінің табиғаты ерекше маңыздылыққа ие [2, 598-599 бб.].
Әлеуметтік өзгерістердің көрініс беруінің бірі-жаһандану болып табылады. Жаһандануды универсализация (жалпылықтың нығаюы) және гемогенизация (біртектілікке қарай қозғалыс) ретінде түсіну жақын арада – ХХ ғасырдың ортасында пайда болады. Біртектілік (универсализация, гемогенизация) категориялары көрініс беретініне қарағанда біршама күрделірек. Бүгінде эксперттер жаһанданудың бірыңғай, әмбебап нормаларымен мінез-құлық ерекшелерінің қабылдануын, ал унификация мен стандартизация қашанда жаһанданудың синонимдері бола бермейтінін болжамдауы міндетті еместігіне көңіл бөледі. Универсализация мен гемогенизация жаһанданудың ажырағысыз өлшем ретінде абсолютті сипатта бола бермейді, олар салыстырмалы. Бірқатар зерттеушілер әлемнің универсалануымен гемогенизациясын вестернизация ұғымымен, яғни батыстық құндылықтардың кең таралуы деп онымен сәйкестендіреді. Бүгінде әлемнің болашағына ықпал етуі мүмкін болатын, батыс және шығыс мәдениеттерінің өзара ықпал жүріп жатыр.
Әдебиеттер:
1. Осипов Г. В. (ред.). Социологический энциклопедический словарь: на русском, английском, немецком, французском и чешском языках. – ИНФРА. М-Норма, 1998.
2. Гидденс Э., Бердсолл К. Социология. – URSS, 2005. – 632 с.
3. Волков Ю. Социология. – Litres, 2021.
Достарыңызбен бөлісу: |