Тақырып: Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану



бет20/49
Дата08.02.2022
өлшемі189,29 Kb.
#123194
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49
Сегрегация (бөлектеу, жатсыну) – бұл ең алдымен нәсілдік, таптық немесе діни негіздегі, жекелеген тұлғалардың, қауымдардың және халықтардың жағдайлары мен құқықтарын қанаудың нәтижесі болып табылатын әлеуметтік аластаушылық [3, 313 б.]. сегрегацияның екі формасы ерекшеленеді: институциональдық сегрегация әр түрлі топтардың (әртүрлі мектептер, ауруханалар, қоғамдық тамақтану нысандары) өкілдерінің паралельдік мекемелерді міндетті түрдегі пайдаланушылығымен сипатталады. Территориялық сегрегация – бұл жекелеген топтар олар үшін арнайы бөлінген территорияларда (резервацияларда) өмір сүруге мәжбүр болуы. Резервация деп жергілікті халықтың мәжбүрлі түрде қоныстануы үшін берілген территория түсініледі, ол нәсілдік қанаушылықтың бір түрі [3, 298 б.].
Қазіргі кезде «гетто» сөзімен жиі түрде «түрлі-түсті азшылықпен» қоныстанған АҚШ-тың қалаларының аудандарын айтады.
Геноцид – бұл нәсілдік, ұлттық, этникалық немесе діни белгілері бойынша халықтың жекелеген топтарын қырын жою және де осы күш-жігер жұмсап жоюға есептелінген өмір жағдайларын әдейілеп жасау [3, 51-52 бб.].
Геттоға қанаушылыққа ұшыраған ұлттық азшылықтың қоныстанған қала аудандары жатады [3, 54 б.].
Апартеид түрлі-түсті халықтардың сегрегациясында көрініс беретін нәсілдікк қанаушылықтың шекті формасын білдіреді [2, 33 б.].
Британдық әлеуметтанушы – Э.Гидденс АҚШ мысалында этникалық қарым-қатынастың салыстырмалы түрдегі дамуы мысалындағы үлгінің үш типін ұсынды. Біріншісі – ассимиляция, ол иммигранттар басым көпшіліктің құндылықтарымен және нормаларымен сәйкестіктегі, мінез-құлықты қайтадан құруды және өзіндік салт-дәстүрлерді жоғалтады деп болжамдайды. Екінші үлгі – балқытқыш қазан деп аталады. Бұл жағдайда имигранттардың салт-дәстүрлері шынайы халықтың ортасында басым болатын құндылықтардың ортасында еріп кетпейді, дегенмен де, ескі және жаңа салт-дәстүрлердің бірігуі болып жатады, мәдениеттің жаңа үлгілерінің қалыптасуы үдерісі жүреді. Үшінші үлгі – мәдени плюрализм үлгісі. Осы көқарасқа сәйкес, оңтайлы шешім сөздің толық мағынасындағы плюралистік қоғамды құрудан тұрады, онда көп бейнелі барлық субмәдениеттердегі тең құқылық мойындалады [5, 263 б.].
Қазақстан Республикасындағы конфессия аралық және этникааралық келісім мемлекеттің бүтіндігінің және демократиялық қайта құрулар жолындағы оның алға дамуының қажеттілік шарттарының бірі болып табылады. Діни сенім бостандығы – бұл демократиялық қоғамның қажетті шарты, адамның құқықтары мен бостандықтарының жүйесінің негізгі элементтерінің бірі. Көп конфессиялық мемлекеттіліктің негізгі тәуелсіз республиканың өмір сүруінің алғашқы жылдарынан-ақ заңдылықпен енгізілген.
Қазақстан Халқы Ассамблеясы (ҚХА) – мемлекеттік ұлттық саясаттың жасалуы мен іске асырылуына мүмкіндік беретін. Қазақстан Республика Президенті жанындағы кеңес берушілік – кеңесу органы. ҚХА басты міндеті – мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және этносаралық қарым-қатынас саласындағы қоғамның мемлекеттік және азаматтық институттарының өзара әрекеттестігінің тиімділігін көтеру болып табылады [7]. Қазақстан Халқы Ассамблеясы Қазақстанда өмір сүретін барлық этностардың мүдделерін білдіретін, Қазақстанның саяси жүйесінің маңызды элементі болып табылады.

Әдебиеттер:


1.Кухарчук Д. Социология: конспект лекций. – Litres, 2018.
2.Кравченко С. А. Социологический энциклопедический русско-английский словарь. – 2004. – 511 с.
3.Осипов Г. В. (ред.). Социологический энциклопедический словарь: на русском, английском, немецком, французском и чешском языках. – ИНФРА. М-Норма, 1998.
4.Кочетков В. В. Идентичность в международных отношениях: теоретические основы и роль в мировой политике //Вестник Московского университета. Серия 25. Международные отношения и мировая политика. – 2010. – №. 1.- С.5-26
5.Гидденс Э., Бердсолл К. Социология. – URSS, 2005. – 632 с.
6. Little W. et al. Introduction to sociology. 2nd Canadian edition. – 2018. https://opentextbc.ca/introductiontosociology2ndedition/chapter/chapter-11-race-and-ethnicity/
7.Қазақстан Халқы Ассамблеясы/ https://assembly.kz/ru/ank/obshchaya-informatsiya/deyatelnost/




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет