2. Ерте темір дәуіріндегі көшпелі мал шаруашылығы.
Жайлау.
|
Мұнда көшудің басты мақсаты-малды семірту. Адамдар үйлену тойын жасап, ат жарыс, күрес өткізген, жыршыларды сайратып, ақындар айтысын тыңдаған.
|
Күзеу.
|
Халық жиналысы өтіп, ру мен тайпаның аса маңызды мәселелері шешілген. Жүгі ауыр көш болған.
|
Қыстау.
|
Жылы қоралары бар тұрақты орын. Мұнда көшпелілер 6 ай қозғалмай отырған.
|
Көктеу.
|
Наурыз мейрамы тойланған (бұдан 3000 жыл бұрын пайда болды).
|
II. Сақ-скиф мәдени-тарихи қауым (сақ-сармат кезеңі).
1. Сақтардың жалпы сипаттамасы.
Жері.
|
Жетісу; Қазақстан мен Орта Азия; Алтай-Дунай.
|
Хронологиясы.
|
Б.з.б. 8–3.
|
Басқару жүйесі.
|
Билеушінің титулы: патша. Сақтарда әскери демократия болды. .
|
Қолөнері.
|
Б.з.б. 8 ғ. аң стилі пайда болды, аң стилімен сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысты. Осы жерлерден сақтарға «өмір ағашы» дейтін арыстан бейнесі тарады.
|
Саудасы.
|
Б.з.б. 6-3 ғғ Қытай, Үндістан, Персиямен сауда жүргізді.
|
Маңызы.
|
Олардың жорықтарынан кейін Еуропада, Кіші Азияда, Жерорта теңізінің бойында, Мысырда кентаврлар туралы аңыз тарады. Ер-тоқымды, батырлар жырын шығарды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |