Тақырып: геморрагиялық инсульт жоспар



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата07.02.2022
өлшемі2,65 Mb.
#95302
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Кыдыралы Жансая

ИНСУЛЬТ

Инсульт
(
лат.
insultus
- соққы, қыспа талу, инсульт) -
ми
тканінің зақымдалуын, оның қызметінің, 
мидағы
қан
айналысының кенеттен бұзылуы; осының 
салдарынан миға қан құйылады, немесе
ми
тамырлары 
бітеліп қалады (
тромбоз
). 

Инсульттың басты себебі —
гипертония
ауруы 
және
ми
тамырларының
атеросклерозы
. Оның пайда болуы 
қан айналысының тасуына байланысты.



Геморрагиялық. 
Бұл бас миына немесе
оның сыртқы қабығына
қан құйылуы. Ми мен 
жұлынға
жарақаттанусыз
қанның құйылуы.
Ишемиялық.
Тромбоз, эмболия, 
тамырлардың қысылуы
мен стенозы және жалпы
гемодинамиканың
төмендеуінде мидағы белгілі
бір бөліктің қанмен
қамтамасыз етілуінің
төмендеуі немесе тоқтауына
алып келетін ауру.
Инсульт



ГЕМОРРАГИЯЛЫҚ ИНСУЛЬТ
Геморрагиялық инсульт ми мен оның қарыншаларына немесе қабықасты 
кеңістігіне кенеттен қан құйылудың салдарынан болады. 
Геморрагиялық инсультке адетте артериялық гипертония немесе оның 
атеросклерозбен қаббаттаса келуі, сирегірек геморрагиялық диатездер 
(лейкоз, анемия, жүкті әйелдер токсикозы және басқалар), ми тамырларында 
туа біткен немесе жарақат салдарынан болған аневризмалар, инфекциялы –
аллергиялық васкулиттер себеп болады. 
Қан құйылу ошақтары 2 топқа бөлінеді:
1.
Ішкі капсуланың сыртынан семиовалдық орталыққа таралатын 
латералдық қан құйылу;
2.
Ми қарыншаларына өтетін ішкі капсуланың ішкі жағына қан құйылу;



ПАТОГЕНЕЗ
Геморрагиялық инсульттің даму механизмі екі жағдайға байланысты. 
Олардың біріншісі- тамырлардың қоректенуін бұзатын ангиоспазм, 
ал екіншісі – ми тамырларының иннерварциясы бұзылуы мен қан 
қысымының кенеттен көтеріліуіне байланысты оттегіні тасымалдау 
жеткіліксіз болғандықтан оларда дистрофиялық өзгерістердің пайда 
болуы.
Осы өзгерістердің салдарынан қан қысымы күрт көтеріледі де, миға 
қанның ақырын сіңуі немесе тамыр жарылуына байланысты құйылуы 
байқалады. Геморрагиялық инсульттің пайда болуына осы факторлардың 
екеуі де ықпал етуі мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет