Мх – алшақтаған метастаздарды анықтау үшін мәліметтер жеткілісіз
М0 – алшақтаған метастаздардың көрінісі жоқ
М1 – алшақтаған метастаздарды анықталады
●G – гистопатологиялық дифференцировка
Gx – анықталмайды
G1 – жоғары дәрежелі дифференцировка
G2 – орташа дәрежелі дифференцировка
G3 – төмен дәрежелі дифференцировка
G4 – дифференцирленбеген ісіктер
ТОҚ ІШЕК РАГІ КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ:
ТОҚ ІШЕК РАГІ КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ:
1. Ішектің ауруы-өте жиі кездесетін белгі, аурулардың 80 % болады. Бұл белгі тоқ ішектің оң жақ бөлігінде 2-3 есе жиі кездеседі. Ауру сыздап шаншып, ұстамалы болып сезіледі.
2 . Нәжіспен бірге шырыш, ірің сияқты патологиялық заттар шығады. Бұл жағдай көбінесе ішектің оң жақ бөлігінде пайда болған ісікке тән. Ісік ішектің сол жақ бөлігінде пайда болғанда нәжіспен аралас ұйып қарайған қан пайда болады.
3. Ішектің қызметі бұзылып іш қатуы немесе іш өтуі пайда болады. Немесе бұл бұзылыстар алмасып отыруы мүмкін. Іштің қорылдауы жиілейді. Қабыну қосылуына байланысты ішектің жиырылуы күшейіп, секрециясы жоғарлап іштің өтуіне әкеп соғады.
4. Асқа тәбеттің төмендеуі, диспепсия белгілері.
5. Науқастың көңіл күйі бұзылып, халы нашарлайды, дене қызуы көтеріледі, жүдей бастайды.
6. Бүйенде , өрме және көлденең ішекте пайда болған ісіктерді пальпация әдісімен анықтауға болады.