Тақырып Жеңіл атлетикалық жалпы және арнайы жаттығулар. Жеңіл атлетика туралы өзімнің түсігім


Жерлесіміз Ольга Васильевна Шишигина



бет2/5
Дата06.02.2022
өлшемі25,34 Kb.
#82068
1   2   3   4   5
Байланысты:
Тақырып1

Жерлесіміз Ольга Васильевна Шишигина 1968 жылы Алматы қаласында дүниеге келді. Қазақстандық жеңілатлет, спринтерші, Сидней Олимпиадасының чемпионы (2000), Қазақстанның Еңбек сіңірген спорт шебері. Жеңіл атлетикамен (кедергілерден 100 метрлік спринтерлі орғу) 1978 жылы шұғылдана бастады. 1985 жылы КСРО құрама командасы сапына кірді. 1986 жылдан Кеңес одағының көптеген чемпионаттарына қатысқан және бірнеше дүркін жүлделерге ие болды.
1994 жылы Жапонияның Хиросима қаласында өткен Азия ойындарында жеңімпаз болды, осыдан кейін оған «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді.
1995 жылдардағы жазғы (Гетеборг, Швеция) және қысқы (Барселона, Испания) Әлем чемпионаттарының күміс медаль иегері. Одан кейін 1999 жылғы (Маэбаши, Жапония) Әлем чемпионатында алтын жүлде алды және 2000 жылы Сидней Олимпиадасының чемпионы болды. 2001 жылы Канаданың Эдмонтон қаласында өткен Әлем чемпионатында күміс жүлдені иеленді. 2002 жылы Қазақтың мемлекеттік туризм және спорт академиясын бітірді. Осы академиясының жеңіл атлетика кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2013 жылдан бастап ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. І дәрежелі «Барыс», «Құрмет», «Дарын» ордендерімен марапатталған.
1968 жылы Мехикода өткен жарыста американлық спортшы Боб Бимон— 8 м 90 см ұзындықтан секіруден әлем рекортын жаңартқан. Бұны күллі әлем «21 ғасырдың ең биік көрсеткіші» деп бағалады. Араға 20 жыл салып Сеулде өткен олимпиадада 100 және 200 м қашықтықтан жүгіруден америкалық желаяқ Флоренс Гриф фит- Джойнер рекорттық көрсеткішті бағындырды. Оның бұл жетістігі 14 жыл қатарынан сақталып тұрды. Жеңіл атлетика — бүгінгі таңда тек біздің елде ғана емес, дүние жүзінде кең таралған спорт түрі. Жеңіл атлетиканың негізгі жаттығулары — тегіс жерде жүгіру, бедерлі жерде жүгіру, жүру, кедергілермен жүгіру, ұзындыққа және биіктікке секіру, лақтыру, жеңіл атлетикалық көпсайыс.
Жүгіру — қысқа, орташа және ұзақ қашықтық болып үшке бөлінеді. Қысқа қашықтыққа — 100, 200, 400 м және 110 м кедергілі қашықтық жатады. Орташа қашықтыққа800,1000, 1500, 2000, 3000 м жүгіру және 3000 м кедергілі қашықтыққа жүгіру жатады. Ұзақ қашықтыққа — 5000, 10000, 20000, 42 шақырым 192 м марафондық қашықтық және 50 шақырым кросс (дала жарысы) жатады.
Жүру — 20 шақырым спорттық жүріс. Лақтыру — диск, найза, граната, балға, доп және ядро. Секіру — орында тұрып және жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, биіктікке және сырықпен секіру, үш аттап секіру.
Жеңіл атлетикалық көпсайыс — көпсайыс құрамына жеңіл атлетиканың жаттығуынан 10 жаттығуға дейін кіреді. Олар — жүгіру, секіру, лақтыру және кедергілерден өту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет