Тақырып: Жүрек қан тамыр жүйесінің қызметі бұзылған кездегі медбикелік үрдіс. Науқастың жүрек-тамыр жүйесінің қызметі бұзылу жағдайында баға беру. Жүрек-тамыр ауруларымен ауыратын адамдардың негізгі шағымдарына төс және жүрек тұсының ауыруы,демікпе,жүректің қатты және шалыс соғуы, тері және Ткілегей қабықтардың көгеруі, шемен-ісіктері, диспепсиялық шағымдары,жөтел,қан түкіру жатады.
Ауырғандық: Жүрек тамыр ауруларында ауырғандық адам организмінің әр жерінде кездеседі. Оның жиі локализациясына төстің арты,жүректің тұсы, оң жақ қабырға асты, бас,іш қуысы және аяқ жатады.
Төс арты және жүрек тұсының ауыруы жүректің ишемия ауруында,жүрек неврозында(кардионеврозда),жүрек бұлшық еті мен перикард ауруларында кездеседі. Көрсетілген локализациядағы ауырғандық кейде рефлекторлы болуы да мүмкін.