Тақырып: «Жүрек циклі және оның фазалық құрылымы»


Атриовентрикулярлық түйін аймағында 2-5 см/с созылатын атриовентрикулярлық кідіріс болады, ол жүрекшелер мен қарыншалардың іздік жиырылуын қамтамасыз етеді



бет4/4
Дата13.12.2021
өлшемі1,32 Mb.
#100301
1   2   3   4
Байланысты:
физиология6а

Атриовентрикулярлық түйін аймағында 2-5 см/с созылатын атриовентрикулярлық кідіріс болады, ол жүрекшелер мен қарыншалардың іздік жиырылуын қамтамасыз етеді.

СТАННИУСТЫҢ САЛҒАН ЛИГАТУРАЛАРЫ


ҚАЛЫПТА

1 лигатура

2 лигатура

3 лигатура


ПУЛЬС ЖИІЛІГІ БОЙЫНША АВТОМАТИЯНЫҢ ӨЗГЕРІСІН БАҒАЛАУ

  • АВТОМАТИЯ ЖОҒАРЫ - ПУЛЬС ЖИІЛЕЙДІ- ТАХИКАРДИЯ
  • АВТОМАТИЯ ТӨМЕН - ПУЛЬС СИРЕЙДІ - БРАДИКАРДИЯ
  • ӨЗГЕРМЕЛІ АВТОМАТИЯ - ТҮРЛІ ЖИІЛІКТЕГІ ПУЛЬС - СИНУСТЫҚ АРИТМИЯ

Кардиомиоциттер – жүректің ортаңғы етті қабығы – миокардтың жасушалары. Қызметіне қарай: жұмысшы және өткізгіш болып бөлінеді.


Қасиеттері

Өткізгіш кардиомиоциттер

Жұмысшы кардиомиоциттер

Диаметрі

2-3 мкм

миофибрилла аз,

саркоплазма көп

20-30 мкм

миофибрилла көп,

саркоплазма аз

Тыныштық потенциалы

- 60 мВ, тұрақсыз, үнемі өзгереді

- 90 мВ, тұрақты

ӘП амплитудасы

80 мВ

110 мВ

Автоматия

автоматияға ие

автоматия тән емес

О2 сезімталдылық

О2 жетіспеушілігіне аса сезімтал емес

О2 жетіспеушілігіне өте сезімтал

Қызметі

Жүректің өткізгіш жүйесінің жасушалары

Жүректің жиырылғыш жүйесін құрайды

Жұмысшы мен өткізгіш кардиомиоциттердің ерекшеліктері

Өткізгіш кардиомиоцит

Жұмысшы кардиомиоцит

Шапшаң деполяризация кезеңі

Ca

Na

Плато кезеңі

-

Са

ӘП ұзақтығы

50-100 мс

300 мс

Баяу диастолалық

деполяризация

+

-

Жиырылғыштық

әлсіз байқалады

+

Автоматия

+

-

Өткізгіш кардиомиоциттің ӘП

Жұмысшы кардиомиоциттің ӘП

ЖҮРЕКТІҢ ЫРҒАҚ ЖҮРГІЗУШІ ЖАСУШАЛАРЫНЫҢ ӘРЕКЕТ ПОТЕНЦИАЛЫ


1

2

3



1 – БАЯУ ДИАСТОЛАЛЫҚ ДЕПОЛЯРИЗАЦИЯ (БДД)

2 –ДЕПОЛЯРИЗАЦИЯ



3 –РЕПОЛЯРИЗАЦИЯ

Синоатриалдық түйінде әрекет потенциалының дамуы


Пейсмекер жасушаларының

әрекет потенциалы үшін тән:

Баяу спонтанды

диастолалық

деполяризация

Шыңға шығудың

баяулығы, кіші амплитуда,

әрекет потенциалының

шың тәрізді формасы

Ерте шапшаң реполяризация

фазасының болмауы,

"овершут" пен"плато" фазаларының

айқын көрініс бермеуі

Жүректің ырғағын қалаушы жасушаларындағы электрлік потенциалдар пайда болуының иондық механизмдері


Синоатриалды түйінің жасушаларындағы баяу диастолалық деполяризация және ӘП баяу көтеру кезеңінің дамуында кальций каналдары жетекші роль атқарады.

Баяу диастолалық деполяризацияның жылдамдығы

автономды (вегетативті) жүйке жүйесімен реттеледі.

Симпатикалық жүйке жүйесі әсерінен медиатор норадреналин

баяу кальций каналдарды белсендіреді,

нәтижесінде диастолалық деполяризацияның жылдамдығы

жоғарылайды және спонтандық белсенділігінің ырғағы жоғарылайды.

Парасимпатикалық жүйке жүйесі әсерінен медиатор АХ

мембрананың калий өткізгіштігін жоғарлатады, ол

диастолалық деполяризация дамуын баяулатады немесе оны тоқтатады

және мембрананың гиперполяризацияны тудырады.

Осы себептен ырғақтың сиректеу немесе автоматияның тоқтауы пайда болады

.

Кардиомиоциттердің әрекет потенциалы

0 фаза – шапшаң Na+ каналдарының белсенділігі.

Бастапқы шапшаң реполяризация фазасы – К+ каналдарының белсенділігі (1 фаза).

Плато фазасы – жасушадан К+ баяу шығуы жасушаға Са++ иондарының баяу енуімен теңестіріледі (2 фаза).

Реполяризация фазасы - жасушадан К+ сыртқа шығуы (3 фаза).

Тыныштық фазасы мембраналық потенциалдың қалыпқа келуі (4 фаза).

«Бәрі немесе ештеңе емес» заңы

Рефрактерлік

- дегеніміз қозбаушылық.

Жүрек бұлшықетінің абсолюттік рефрактерлік кезеңі – 0,27 с, ал салыстырмалы рефрактерлік кезеңі 0,03 с құрайды.

Абсолюттік рефрактерліктің ұзақ кезеңі жүрек бұлшықетінің жеке дара жиырылу режимі мен оның ырғақтылығын қамтамасыз етеді.

Жүрек бұлшықетіне тетанустық жиырылу тән емес.

Өткізгіштік

дегеніміз – қозуды белсенді күйдегі аймақтардан тыныштық күйдегі аймақтарға өткізу қабілеті.

Жүректің өткізгіштік қасиеті электротониялық табиғатқа ие.

Ол атиптік және жұмысшы миокард жасушалар арасындағы нексустардың және кардиомиоциттерді бөліп тұратын қосымша пластинкалардың төменгі электрлік кедергісімен қамтамасыз етіледі.

Нәтижесінде, кез келген аймақты табалдырықтан жоғары тітіркендіру миокардтың түгел қозуын тудырады.

Бұл жүрек бұлшықетінің ұлпасын жекелеген жасушаларға (функционалдық синцитий) морфологиялық түрде ажыратылған деп санауға мүмкіндік береді.

Жүрекшелер бойынша қозуды өткізу жылдамдығы 1 м/с.

Қарыншалар бойынша қозуды өткізу жылдамдығы 0,8 м/с.

Жиырылғыштық

дегеніміз – жүрек бұлшықетінің ұзындығының өзгеруі немесе оның кернеу күшінің өзгеруі.

  • Жүрек ырғақты түрде, жеке дара жиырылу режимінде жұмыс атқарады.
  • Жүректің жиырылуы систола деп алатады. Алдымен жүрекшелер, содан соң қарыншалар жиырылады.
  • Жиырылу фазасынан кейін босаңсу фазасы, яғни диастола болады.

Жүрек циклі – жүректің жиырылуы (систола) мен одан кейінгі босаңсуына (диастола) жұмсалатын уақыт.

Жүрек циклінің орташа ұзақтылығы = 0,8 сек (жүрек минутына 75 рет соқса)

ЖҮРЕК ЦИКЛІНІҢ ФАЗАЛАРЫ

  • Жүрекшелердің систоласы (0.1 с)
  • Қарыншалардың систоласы (0.33 с)
  • Қарыншалардың диастоласы (жүректің жалпы паузасы) (0.47 с)

ЖҮРЕК ЦИКЛІНІҢ ФАЗАЛАРЫ


Қарыншалардың систоласы – 0,33с

Қарыншалардың ширығу кезеңі – 0,08 с

асинхрондық жиырылу - 0,05 с

изометрлік жиырылу – 0,03 с

Қан айдау кезеңі - 0,25 с

қанды тез айдау – 0,12 с

Қанды баяу айдау – 0,13 с

Қарыншалардың диастоласы – 0,47 с

Протодиастолалық кезең – 0,04 с

изометрлік босаңсу - 0,08 с

Қарыншалардың қанмен толу кезеңі – 0,25 с

Қанмен тез толу кезеңі – 0,09 с

Қанмен баяу толу – 0,16 с

Жүрекшелер систоласымен қамтамасыз етілетін қарыншалардың қанмен толу кезеңі – 0,1 с

ЖҮРЕКШЕЛЕРДІҢ СИСТОЛАСЫ


1 ФАЗА

ҰЗАҚТЫЛЫҒЫ

0,1 с

ЖҮРЕКШЕЛЕР

+

ҚАРЫНШАЛАР

-

ҚАҚПАҚШАЛЫКЛАПАНДАР

АЙШЫҚ КЛАПАНДАР

ҚАННЫҢ ҚЫСЫМЫ

5 – 7 мм.с.б.

ҚАРЫНШАЛАРДЫҢ СИСТОЛАСЫ


2 ФАЗА

ШИРЫҒУ ФАЗАСЫ (0,08 с)

АЙДАУ ФАЗАСЫ

(0,25 с)


ҰЗАҚТЫЛЫҒЫ

0,33 с

ЖҮРЕКШЕЛЕР

-

ҚАРЫНШАЛАР

+

ҚАҚПАҚШАЛЫ КЛАПАНДАР

АЙШЫҚ КЛАПАНДАР

Сол жақ қарыншадағы ҚАННЫҢ ҚЫСЫМЫ

25-30 120 - 130

мм.с.б. мм.с.б.


ҚАРЫНШАЛАРДЫҢ ДИАСТОЛАСЫ (ЖҮРЕКТІҢ ЖАЛПЫ ПАУЗАСЫ)


3 ФАЗА

БОСАҢСУ КЕЗЕҢІ

ҚАНМЕН ТОЛУ КЕЗЕҢІ

ҰЗАҚТЫЛЫҒЫ

0,47 с

ЖҮРЕКШЕЛЕР

-

ҚАРЫНШАЛАР

-

ҚАҚПАҚШАЛЫ КЛАПАНДАР

жабық

ашық

АЙШЫҚ КЛАПАНДАР

жабық

ашық

ҚАННЫҢ ҚЫСЫМЫ

0 мм.с.б.

Жүрек циклінің ФАЗАЛАРЫ

1 ФАЗА

2 ФАЗА

3 ФАЗА

Жүрекшелер систоласы

Қарыншалар систоласы

Қарыншалардиастоласы

ҰЗАҚТЫЛЫҒЫ

0,1

0,33

0,47

ЖҮРЕКШЕЛЕР

+

-

-

ҚАРЫНШАЛАР

-

+

-

ҚАҚПАҚШАЛЫ КЛАПАНДАР

ашық

жабық

ашық

АЙШЫҚ

КЛАПАНДАР

жабық

ашық

жабық

ҚАННЫҢ ҚЫСЫМЫ

5 – 7 мм.с.б.

120 - 130

мм.с.б.


0

мм.с.б.

Гемодинамиканың негізгі көрсеткіштері

  • Қанның систолалық көлемі = 50-70 мл
  • Қанның минуттық көлемі = 4,5-5 л/мин
  • Жүрек индексі = қанның минуттық көлемі / дене беткейінің ауданы (1,76 м2).
  • Орта есеппен алғанда оның көлемі = 2,84 л/м2.

Егде жастағы адамдарда байқалатын жүрек қызметінің өзгерістері

Миокардтағы биологиялық тотығу үрдістерінде май қышқылдарын қолдану баяулайды, соның салдарынан жүректе май жиналып, кардиосклероз дамиды.

Миокардтың энергетикалық субстрат ретінде сүт қышқылын қолдану қабілеті азаяды, ал миокардта сүт қышқылының жинақталуы ұлпалық ацидоздың дамуына әкеледі.

Кардиомиоциттерде миоглобин мен митохондрий саны азаяды.

Егде жастағы адамдарда байқалатын жүрек қызметінің өзгерістері

Жасушалық тыныс алудың ферменттік жүйесінің белсенділігі төмендейді.

Тотығу үрдістерінің қарқындылығының азаюы миокардтың жиырылғыштық қызметінің төмендеуіне әкеледі.

Миокардтың жиырылғыштық қасиетінің азаюы жүректің соғу көлемі мен жүректің жиырылу жиілігінің азаюяна әкеледі.

Миокардтың қозғыштығы мен өткізгіштігі төмендейді, ол жүрек ырғағының баяулауымен, электрокардиограммада P-Q интервалының ұлғаюымен және QRS кешенінің ұзақтығының артуымен көрініс береді.


Назарларыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет