Тақырып. Кәсіпкерлердің шаруашылық серіктестерімен келісімдік қатынастары


· кәсіпорын және делдал арасындағы комиссияның келісімшарты негізінде құрылған комиссиялық операциялар, мұнда делдал өндірушіден тауар сатып алмайды, сату-сатып алу мәмілесін жүзеге асырады



бет4/5
Дата22.11.2022
өлшемі2,31 Mb.
#159315
түріЛекция
1   2   3   4   5
Байланысты:
12 КАСИПКЕРЛІК

· кәсіпорын және делдал арасындағы комиссияның келісімшарты негізінде құрылған комиссиялық операциялар, мұнда делдал өндірушіден тауар сатып алмайды, сату-сатып алу мәмілесін жүзеге асырады;

· кәсіпорын мен делдал арасындағы агенттік келісімшарт (нақты мәмілеге емес, белгілі бір аймақта белгілі бір уақытта таратуға келісіледі);

· брокерлік операциялар, мұнда делдал сатушы мен сатып алушы арасындағы байланысты жүзеге асырады.

Сату-сатып алу келісімшартын коммерциялық мәмілелерді жүргізудегі негізгі құжат ретінде қарастырайық. Сату-сатып алу келісімшарты тауарды жеткізуге және мәмілені өткізуге қажет басқа операцияларды жүргізуге қатысушылардың келісімімен бекітіледі.

  • Келісімшартта төмендегідей шарттар қарастырылуы қажет:
  • · тапсырыс заты және көлемі;
  • · тауардың саны мен сапасын анықтау тәсілдері;
  • · тапсырыс мерзімі, орны және шарттары;
  • · келісімшарт бағасы;
  • · төлем шарттары және төлем валютасының атауы;
  • · тауарды өткізу және қабылдау тәртібі;
  • · тапсырыс кепілі, айыппұлдық немесе ынталандыру санкциялары;
  • · қатысушылардың келісе алмаушылық жағдайындағы арбитраж;
  • · бағынбайтын күштер жағдайы (форс-мажорлық жағдайлар);
  • · қатысушылардың құқықты мекен-жайы және басқа да реквизиттері;
  • · қатысу жақтардың қолдары.
  • Келісімшарт мәміле өткізу шарттарын, оны орындау тәртібін және қатысушылардың міндеттерін анықтайды.

Келісімшарттың негізгі бөлімдеріне қысқаша сипаттама берейік.

  • Кіріспе бөлім.
  • Бұл бөлімде мәміле жайлы жалпы мәліметтер, қатысушы жақтардың толық атаулары, осы мәтінде қолданылатын терминдер, олардың мәні, келісімшарт атауы және номері, оның келісу уақыты мен орны көрсетілуі керек.
  • Келісімшарт тақырыбы. Бұл жерде тауар атауы негізгі сапалық және сандық сипаттарының анықтамасымен көрсетіледі.
  • Мәміле бойынша тауар саны. Бұл бапта тауардың өлшем бірлігі (дана, куб метр, тонна және т.б.), тауар санын анықтау тәртібі түсіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет