Тақырып Кіріспе. Педагогикалық технологиялар туралы ұғым



бет1/3
Дата25.12.2021
өлшемі33,28 Kb.
#105291
  1   2   3
Байланысты:
921949336014 1-апта лекция


Тақырып 1. Кіріспе. Педагогикалық технологиялар туралы ұғым.

Дәріс тезистері.

Оқытудың педагогикалық технологиялары түсінігі. Оқытудың педагогикалық технологияларына сипаттама. Білім берудің ізгілендіру технологиясы. Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы. Ойын арқылы оқыту технологиясы. Модульдік оқыту технологиясы. Жекелеп оқыту технологиясы. Топтық технология. Кезеңдеп оқыту технологиясы. Дамыта оқыту технологиясы. Оза оқыту технологиясы. Ақпараттық технология. Деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы. Бағдарламалы оқыту технологиясы. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы. Интерактивті оқыту технологиясы. Кәсіби бағдар беру технологиясы.

«Педагогикалық (білімділік) технология» ұғымы қазіргі уақытта психологиялык-педагогикалық әдебиеттерде ең кең колданып, таралған. Білімділік технологиясын қолдану мен жасау мәселелеріне жеткілікті арнайы әдебиеттер арналған, ғылыми-тәжірибелі форумдар өкізіледі. Педагогикалық технологияның келелі мәселелері Туран университеті 1997 жылы өткізген «Дүниежүзілік білімділік технологияның негізгі тенденциялары, білімділік және тиімділік мәселелері» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясында қаралып, талқыланды. Көпшілікке белгілі болған ұғымды әртүрлі түсіндіреді. Бір зерттеушілер ағымға сай осыған сүйенеді, екіншілері тәрбие мен оқытудың жоғары нәтижесіне жету кұралы ретінде бағаласа, үшіншілері (бұл категорияға біз өзімізді жатқызамыз) — жаңа педагогикалық технологияны құру мен оған көшу — бұл келе жаткан ақпараттык өркениетті білім берудің алдындағы көкейтесті және перспективалық міндеттерді шешудегі зандылық үрдіс.

Білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын м әселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады.

Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. Осындай мақсат көздеген жүйелі ізденістер мұғалімнің жаңа технологияны меңгеруіне, инновациялық жетілуіне мүмкіндік береді.

Педагогикалық технология - мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер көзі. Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді.

Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасында «Жоғары білімді дамытудың негізгі үрдісі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық қажеттіліктерімен тығыз байланысты білім беру және техногияларды жетілдіру көзі» деп атап көрсеткендей, қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе: әлеуметтік педагогикалық ұйымдастыру тұрғысынан білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестірумен және оларды жүзеге асыра алатын болашақ мамандарды даярлау болып отыр.

Қазіргі заман педагогтерінің негізгі мақсаты-білім алушылардың білімін сапалы ету, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік жасау. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технолгиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп қолдануда.

Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі оқыту мақсаты болып қалады.

Бұл оқу құралда жаңа педагогикалық технологияны меңгерудің міндеттері, жолдары, қолданудың әдіс- тәсілдері сонымнен қатар педагогикалық технологияның түрлері оны оқу- үдерісінде қолданудың тиімділігі қарастырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет