Басқарудағы коммуникацияның ролі және оның түрлері
Басқарудағы коммуникацияның ролі және оның түрлері
Коммуникация дегеніміз қарым-қатынас, екі және одан да көп адамдардың өзара түсінісуге негізделген байланысы: бір бірінен ақпарат, мәліметтер алмасуы.
Басшы өзінің көпшілік уақытын мәліметтер алу және шешім қабылдау үшін, біреулермен байланысуға, қарым-қатынас орнатуға арнайды. Баскдрудың жоспарлау, ұйымдастыру мотивация және бақылау қызметтерін орындау да қарым-қатынас орнатуға байланысты. Коммуникация – басшылық етудің байланыстырушы процесі болып саналады.
Коммуникативті мәдениет негізінде қарым-қатынастын адамгершілік талаптары жатыр: сыпайылық, орнықтылық, әдептілік, кішіпейілдік, нақтылық, елгезектік.
Сөйлеудің келесі қызметті оның — коммуникативті қызметі ол өзі мәнерлі бейнелеудің құралдарын қамтиды. Мәнерлі бейнелеу қызметі өздігінен сөйлеуді анықтай алмайды. Сөзді мәнерлі бейнелеу құралы ретінде ым, ишарат, әртүрлі бет қимылы деп танылады, басқалармен қатар мәнерлі бейнелеу қозғалыстарына кіреді. Дыбыс мәнерлі қозғалыс ретінде жануарларда да болады. Сөз мәнерлі бейнелеу құралы болумен қатар, ықпал ету құралы болып табылады. Ықпал ету қызметі — сөздің негізгі қызметінің бірі. Адам сөйлегенде басқа адамның мінез-құлқына, ойлауы мен сезіміне, санасына әсер етеді. Сөздің әлеуметтік мәні бар, ол — қатынас құралы, ықпал ету құралы болғандықтан, ең алдымен осы қызметті атқарады.