«Ой қозғау» әдісі - (немесе психология тілінде «Миға шабуыл» деп те аталады). Бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр баланың пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. «Миға шабуыл» стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса, баланың стандарты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. Топ құрамын да, қандай да бір проблеманың шешімін табуды өтінемін. Барлық балалар өз пікірлерін айта бастағанда, ешкім оның ойын бөліп, өз пікірін айта алмайды және бағаланбайды. Іс-тәжірибеден байқағаным, бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер, яғни шешімдер табуға болады. Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат емес, ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болады. Қағидасы:
- Ұсынылған пікір бағаланбайды, сыналмайды.
- Жұмыс пікірдің сапасына емес санына бағытталған (неғұрлым пікір көп болса, соғұрлым нақты шешім қабылдауға таңдау болады).
- Барлық пікірлер «бір ауыз сөзбен» жазылып отырғаны жақсы.
- Белгіленген уақыт сақталуы тиіс.
«Ой қозғау» тәсілін қолданғанда мынандай ережелерді ұстану қажет:
Проблеманы негізгі терминдер арқылы құрастырып, бір ғана ең басты мәселені айқындау;
Бір де бір идеяны жалған деп танымай, оны зерттеуді тоқтатпау;
Кез-келген идеяны (тіпті оның қажеттілігі қазір күмәнді көрінсе де) жалғастыруға ұмтылу;
Қатысушылар өзін ыңғайлы сезініп, «ашылуы» үшін оларды қолпаштап, ынталандырып отыру.
Бұл әдісті көбіне ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбын ашуда қолданамын. Мысалы: жұмбақ, сөзжұмбақ, суретті ребустар шешу арқылы оқу іс-әрекетінің тақырыбын өздері тауып, ашады.
Достарыңызбен бөлісу: |