Тақырып 1 Мемлекеттік қаржы қызметі.
Тапсырмалар / Задания:
1 тапсырма Келесі сұрақтарға баяндама жасау.
1. Қаржылық құқықтың басқа құқық салаларымен байланысын анықтау?
2. Қаржылық құқықтың басқа құқық салаларында алатын орыны. Өзара байланысы мен ерекшеліктері, ұқсастықтары. Қаржылық құқықтың басқа құқық салаларында алатын орыны туралы ҚР және шетел ғалымдарының пікірлері. Осыған байланысты өз ойыңды тұжырымда?
Мемлекеттің қаржылық қызметі мемлекеттің біртұтас өзінің немесе оның уәкілетті мемлекеттік органдарының Қазақстан Республикасының қаржылық құрылысын ұйымдастыру және оның тұрақтылығын, тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету оның тұрақтылығын, тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, қоғамдық мемелекеттік мүдделердің әлеуметтік экономикалық және саяси әкімшілік басымдықтарын айқындау сондай-ақ мемлекеттік функцияларды атқаруға қажетті ақшалай қорларды қалыптастыру бөлу және оларды пайдалануды ұйымдастыру елдің қаржы жүйесін халықаралық қаржы жүйесіне интеграциялау жөніндегі және т.б. қимылдары мен қызметін қамтиды. Мемлекеттің қаржылық қызметінің басты мақсатына қоғамның әлеуметтік экономикалық инфрақұрылымдарының тиесінше жұмыс істеулері үшін ыңғайлы жғдай жасау оның ішінде қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды, ауыл-селоның өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарын дамыту сондай-ақ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі қаржылық экономикалық дайындық іс-шараларын аяқтау жатады. Мемлекеттің қаржылық қызметі:
1. Қазақстан Республикасының инвестициялық қаржылық кешенін дамытуға, қаржы рыногын және ақша жүйесін ұймдастыруға, оның ішінде ұлттық валюталық жүйені жетілдіруге және қоғамның ақшалай инфрақұрылымның тиісінше жұмыс істеуіне қолойлы жағдай жасауға;
2. Мемлекеттік билік және басқару органдарының, құқық қорғау органдарының, оның ішінде қаржылық құқықтық тәртіпті қорғау органдарының жұмыстары мен қызметінің тиісінше іске асырылуына сондай-ақ отанды қорғау ісі мен елдің қауіпсіздігін және экономикалық егемендігін қамтамасыз етуге қажетті мемлекеттің қаржылық экономикалық әлеуетін күшейтуге;
3. Мемлекеттің қаржылық ресурстарын қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтары мен қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ нарықтық қатынастардың және өркениетті қаржы рыногының дамуына ықпалын тигізуге пайдалану тәрізді негізгі міндеттерді шешуге бағдарланып нысаланған.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің негізгі бағыттары:
- мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру;
- мемлекеттің қаржылық ресурстарын бөлу;
- мемлекеттің қаржылық ресурстарын пайдалануды ұйымдастыру;
- мемлекеттік қаржылық жоспарлауды жүзеге асыру;
- мемлекеттің ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыру;
- мемлекеттің мамандандырылған қаржылық кредиттік және фискалдық органдарын қалыптастыру;
- қаржылық заңнаманың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің бұзылғаны үшін заңи жауапкершілік белгілеу;
- Қазақстанның Халықаралық Валюталық Қор құзырындағы қаржылық-экономикалық позициясын нығайту;
- Қаржылық өкілеттіктер пен қаржылық ресурстарды орталық және жергілікті мемлекеттік басқару оргнадарының арасында бөлу жөніндегі жұмыстарды одан әрі жалғастыру;
- Қазақстанның халықаралық қаржы жүйесіне интеграциялануын жалғастыру;
- Қазақстан аумағындағы валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасындағы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- Мемлекеттің қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
- әкімшілік аумақтық бірліктердің қаржылық экономикалық дербестіктерін және жауапкершіліктерін күшейту;
- Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жөніндегі қаржылық экономикалық және т.б. дайындық іс шараларын аяқтау;
- Ауыл-селоның өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарын тиісті деңгейде дамытуға қажетті мемлекеттік қаржылық инвестициялық және кредиттік көмектер көрсету барысында жарқын көрініс табады.
Мемлекеттің қаржылық қызметі:
- қоғамдық мемлекеттік қажеттіліктер мен мүделердің басымдығы;
- қоғамның бақылауында болу және қоғамға есеп беріп отыру;
- заңдық және жариялылық;
- мемлекеттің қаржылық ресурстарын пайдалану кезіндегі үнемділік;
- стратегиялық экономикалық қаржылық мақсаттар мен макроэкономикалық даму көрсеткіштерін есепке алу;
- орталық және жергілікті мемлекеттік билік органдарының қаржылық құзыретін бөлу әрі олардың аражігін ажырату;
- көзделген экономикалық қаржылық мақсаттарды іске асыру жолдары мен тәсілдерін ғылыми негіздеу;
- жоспарлылық және нормативтілік.
- Тиімділік және айқындылық.
Қаржы жүйесінің әрі Қазақстандағы бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету сияқты және т.б. қаржылық құқық нормаларында бекітілген принциптерге негізделіне отырып жүзеге асырылады. Өз аяларына орай мемлекеттің қаржылық қызметінің:
- бюджеттік қызмет
- мемлекеттік валюталық қаржылық қызмет
- мемлекеттік қаржылық банктік қызмет
- мемлекеттік кредиттік қаржылық қызмет
- мемлекеттік қаржылық сақтандыру қызметі;
- мемлекеттік қаржылық шаруашылық қызметі
- салықтық қызмет
- Мемлекеттік инвестициялық қызмет
- Мемлекеттік қаржылық жоспарлау;
- Мемлекеттік қаржылық бақылау сияқты түлері болады.
Қазақстан Республикасының қаржылық құрылысы ауқымындағы мемлекеттің қаржылық қызметі мемлекеттік ақшалай қорларды қалыптастыру мемлекеттік ақшалай қорларды бөлу және ақшалай қорларды пайдалануды ұйымдастыру тәрізді негізгі үш әдіс арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік ақшалай қорларды қалыптастыру әдістеріне:
- ақша қаражаттарын олардың иелерінен мәжбүрлі әрі қайтарымсыз түрде алып қою;
- ақша қаражаттарын олардың иелерінен мәжюүрлі бірақ қайтарымды түрде алып қою;
- ақша қаражаттарын және қайтарымсыз түрде тарту;
- Ақша қаражаттарын ерікті және қайтарымды түрде тарту
- Мемлекеттік қызмет көрсету негізінде ақша қаражаттарын тарту;
- Мемлекеттік мүлікті сатудан және пайдаланудан түскен ақша қаражаттарын мемлекет кірісіне айналдыру.
- Ақша және мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы жатады.
Мемлекеттік ақшалай қорларды бөлу әдістері;
Мемлекеттің ақша қаражаттарын бюджеттен біржола қайтарымсыз әрі ақысыз түрде беру арқылы қаржыландыру. Мемлекеттің ақша қаражаттарын қайтарымды әрі ақылы негізде және белгілі мерзімге уақытша пайдалануға кредит ретінде беру. Мемлекеттің өз кредиторлары алдындағы қаржылық міндеттемесін орындауы жолымен іске асырылады.
Мемлекеттік ақшалай қорларды пайдалануды ұйымдастыру. Ақашалай қорларды пайдалану басымдығын және бағыттарын белгілеу. Мемлекеттің ақшаай қорларынан алынған ақша қаражаттарын пайдалану тәртібін белгілеу. Мемлекеттің ақша қаражаттарын пайдалануды жоспарлау. Мемлекеттің ақша қаражаттарын берудің қаржылық нормативтерін және шекті мөлшерін белгілеу. Мемлекеттік кәсіпорындардың пайдаларын бөлудің нормативтерін және тәртібін белгілеу.
Ақшалай қорларды пайдалану процесіне мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу сияқты әдістер арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің аясы қаржылық құқықтың ауқымы болғандықтан уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті ақшалай қорларды қалыптастыру бөлу және оларды пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі қызметі әрқашанда қаржылық құқықтық нормалардың негізінде тек құқықтық нысанда жүзеге асырылады. Мемлекеттің қаржылық қызметінің құқықтық нысандары ретінде қаржылық қызметтің жалпы және арнаулы мәселелері бойынша өз құзыреті шегінде уәкілетті мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік қаржылық құқықтық актілері көрініс табады.
Мемлекеттің қаржылық қызметінің құқықтық негіздерін Қазақстан Республикасы Конституциясының тиісті ережелері мен қаржылық заңнамаық актілері құрайды. Қаржылық заңнамалық актілері арнаулы және жалпы болып бөлінеді. Арнаулы қаржылық заңнамаға нормативтік қаржылық құқықтық актілері ал жалпы қаржылық заңнамаға мемлекеттің қаржылық қызметін белгілі бір көлемде реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінің нормалары жатады.
Қаржылық құқықтық актілері өздерінің заңи мән-жайларына байланысты нормативтік және жекелей қаржылық құқықтық актілер болып бөлінеді. Сонымен қатар, қаржылық құқықтық актілердің бір түріне жоспарлы қаржылық актілер жатады. Осындай актілер бір мезгілде нормативтік және жекелей сипатта болады. әдетте оларды аралас қаржылық құқықтық актілер деп те атайды.
Сонымен мемлекеттің қаржылық қызметінің құқықтық нысандарына:
1. нормативтік сипаттағы біржақты қызметінің құқықтық нысандарына:
2. заңға тәуелді жекелей қаржылық құқықтық актілер шығару.
3. екі жақты қаржылық құқықтық актиілерді жасасу.
4. мемлекеттің нақты қаржылық құқықтық қатынастың субьектісі ретінде өзіне тиесілі құқықтары мен міндеттерін өз уәкілетті органы арқылы іске асыруы жатады.
Бүгінде, Қазақстан Республикасындағы тиісті қаржылық қызметі жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдар:
Қазақстан Республикасы Парламенті
Тиісті әкімшілік аумақтық құрылыстардың Мәслихаттары
Қазақстан Республикасының Үкіметі
Қазақстан Республикасының Экономикалық сауда және даму министрлігі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволары
Тиісті әкімшілік аумақтық құрылстардың Әкімдіктері
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті
Қазқстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті.
Қазқстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комиетті
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Қазақстан Республикасының Даму банкі
Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігі иерархияны сақтай отырып өздеріне тиесілі орындарға ие болған.
Нормативтік құқықтық актілер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995 жылғы 30 тамызда қабылданған, 2007 жылы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген).
2. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26-желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Президенті туралы Конституциялық заңы.
3. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 16-қазандағы «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциялық заңы.
4. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18-желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы.
5. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (1994 жылғы 27-желтоқсанда қабылданған Жалпы бөлімі, 1999 жылғы 1-шілдеде қабылданған Ерекше бөлімі) 102-104, 111-112, 117-118, 127-136, 139, 192-193, 196-198, 200-201, 206 және т.б. баптары.
6. Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексі. 24.04.2004 жылы қабылданған ҚР Заңы
1. ҚАРЖЫ ҰҒЫМЫ Қаржы әрқашанда мемлекеттің өсіпдамуымен тығыз байланысты және мемлекетпен бір уақытта пайда болды және ақша қозғалысымен байланысты. Сондықтан, қаржылар мемлекеттің атрибуты болып табылады және мемлекеттің материалдық тірегі (базасы) ретінде көрініс табады. “Қаржылар” ақша түріндегі қоғамдық өнімді бөлуге байланысты экономикалық (ақшалай) қатынастардың ауқымын қамтиды және ақшалай сипатта болады, сондай-ақ экономикалық құндылық категориясына жатады.
“Қаржы” термині латын сөзі finis – істің аяқталуы, төлеу мерзімі, тартыстың аяқталуы дегенді білдіреді. Германияда finans сөзі ХVІ-ХVІІ ғғ. парақорлық, алдау мағынасын білдірген. ХІХ ғасырдың соңында “қаржы” термині тек ақша құралдары ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің материалдық құндылықтарын да білдірген.
Қаржылар екі аспектіде қарастырылады: материалдық және экономикалық Материалдық мағынадағы қаржылар мемлекеттің қаржы ресурстарын білдіреді, яғни мемлекеттің өз меншігіндегі қолма-қол және қолда жоқ ақша қаражаттары қорларының жиынтығын айтамыз. Материалдық мағынада және “ақша” терминімен байланыстыра қарастыра отырып үш мағынасын көрсетуге болады.
Кең мағынада “қаржылар” “ақша” түсінігінің синонимі ретінде қарастырылады. Тар мағынада “қаржы” терминіне мемлекеттің және заңды тұлғалардың қаржылары кіреді. Арнайы мағынада қаржылар деп тек мемлекеттің ақша құралдары айтылады, яғни ақша айналысында пайда болатын қатынастардың жиынтығын білдіреді.
Экономикалық категория ретінде қаржы мемлекеттің ақшалай ресурстарын жоспарлы түрде қалыптастыратын және бөлетін, сондайақ олардың пайдаланылуын ұйымдастыратын экономикалық қатынастардың жүйесі. Қаржылар нақты мақсатты бағытқа, жалпы мемлекеттік мүдделерді, сонымен қатар жергілікті басқару саласында нақты міндеттерді шешуге бағытталған.
Мемлекеттік қаржылардың негізгі қағидалары Заң шығару базасының біртұтастығы; Үнемділік және ұтымдылық; Ашықтық және жариялылық; Мақсаттылық және стратегиялық бағыттылық; Белгіленген мақсатқа жетудегі ғылыми көзқарас; Қаржыларды орталықтандырылған негізде басқару; Қаржылық өкілеттіліктерді бөлу.
Мемлекеттік қаржыларға бөлу және бақылау функциялары тән. Бөлу функциясы арқылы жалпы мемлекеттік қажеттіліктер қанағаттандырылады, бюджеттердің және бюджеттік емес қорлардың баллансталуы, экономиканың өндірістік емес салаларын қаржыландыру көздері қалыптасады. Бақылау функциясы шаруашылық субъектілерінің қорлардан алған ақша қаражаттарын мақсатқа сай пайдаланулары кезіндегі әрекеттерінің дұрыс және заңды болуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қаржы жүйесі деп, мемлекеттің ақшалай қорларын қалыптастыру, бөлу, және пайдалануды ұйымдастыру барысында пайда болатын және әрқайсысы белгілі бір қаржылық-құқықтық институттардың материалдық көрінісі болып табылатын қаржылықэкономикалық институттардың жиынтығын айтамыз.
Мемлекеттің қаржы жүйесін материалдық, экономикалық, ұйымдастырушылық мағынада қарастыруға болады. Материалдық мағынада – ақшалай қаржының (орталықтандырылған және орталықтан-н) жиынтығын құрайды. (Мысалы, қаржы ресурстарының орталықт. жалпы мемлекеттік қорлар; әкімшілік – аумақтық бірліктердің қалыптасқан ақша қорлары немесе бюджеттен тыс қорлар, мемлекетік сақтандыру резервтік қоры, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің орталықтан-маған ақша қорлары).
Экономикалық мағынада – мемлекеттің ақша құрамдарының нақты қорларының қаржылық экономикалық институттарының жиынтығын құрайды. Ұйымдастырушылық мағынада – қоғамдық қаржы қатынастарының қозғалысын қамтамасыз ететін мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығын білдіреді. Қаржы министрлігі және оның аумақтық бөлімшелері; салық органдары; ҰБ және оның аумақтық бөлімдері.
МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ФУНКЦИЯЛАРЫ:
РЕТТЕУ; ЖОСПАРЛАУ; ҰЙЫМДАСТЫРУ; ЫНТАЛАНДЫРУ;
БАҚЫЛАУ.
Мемлекеттің қаржы жүйесінің аясы: Мемлекеттік қаржылар (бюджеттік жүйе, бюджеттен тыс мақсатты қорлар); Мемлекеттік сақтандыру қорлар-ң қаржы; Мемлекеттік банктердің қаржылары; Мем. ұйымдар мен мем. мекемелердің қаржы; Корпоративті қаржылар (жеке қаржылар); Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар мен кәсіпорындардың қаржылары; Сақтандыру ұйымдарының қаржылары; Банктердің қаржылары; Мемлекеттік емес арнайы қорлар-ң қаржы; Тұрғылықты халықтың қаржылары.
Мемлекеттің қаржылық қызметі – мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған қаржы, несие, салық және басқа уәкілетті мемлекеттік органдардың жоспарлы, мақсатты қызметі. Мемлекеттік қаржы қызметі әлеуметтік басқару механизмінің қажетті, маңызды құрамды бөлігі ретінде қатысады.
Қаржы қызметінің мазмұны әртүрлі бағыттардағы функциялармен сипатталады: мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, мемлекеттік қаржы ресурстарын бөлу, пайдалануды ұйымдастыру және оларға қаржылық бақылау жүргізу; елдегі ақша инфрақұрылымдарын қалыптастыру және дұрыс әрекет етуін қамтамасыз ету; ақша және бағалы қағаздар эмиссиясы; мемлекеттің қаржылық, несиелік және салық органдарын қалыптастыру; мемлекеттің қаржылық қызметі саласында мемлекеттік органдардың қаржылық құзыреттілігін анықтау;
қаржы заңдылықтарын бұзғаны үшін заңды жауаптылық белгілеу; Мемлекеттік қаржыларды қалпына келтіру; Банк және қаржы жүйесінің қызметтерін қалпына келтіру; әкімшілік-аумақтық бірліктердің қаржылықэкономикалық дербестігін және жауапкершілігін көтеру; Мемлекеттің алтын валюталық қорларын арттыру және капиталдың шетелге кетуін азайту; Инвестициялық бағдарламаларды, қаржы ағымын басқару саласында мемлекетік реттеуді күшейту; Шетел валютасына шаққанда теңгенің бағамын жоғарлату т. б.
Қаржы қызметті жүзеге асыру барысында мемлекет мынадай үш негізгі міндеттерді шешеді: 1) Елдегі ақша инфрақұрылымын қалыптастыру және дұрыс әрекет етуін қамтамасыз ету; 2) Өз қызметтерінің жүзеге асуын және өзін-өзі қамтамасыз ету үшін ақша құралдарын табу; 3) Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық процестерге ақшаның көмегімен әсер ету.
Қаржылық қызметтің әдістері: Ақша қорларын қалыптастыру; Ақша қорларын бөлу; Ақша қорларын пайдалануды ұйымдастыру. Ақша қорларын қалыптастыру әдістеріне жатады: 1. А. қ. иелерінен еріксіз және қайырымсыз түрде алу; 2. Еріксіз бірақ қайтарылатын түрде алу; 3. Ерікті бірақ қайтарымсыз түрде жұмылдыру; 4. Ерікті бірақ қайтарылатын түрде жұмылдыру; 5. Мемлекеттік қызмет көрсету негізінде ақша құралдарын тарту; 6. Мемлекеттік мүлікті пайдаланудан түсетін ақша құралдарын мемлекет кірісіне айналдыру; 7. Эмиссия, айналымға жаңадан ақша н/е бағалы қ. шығару.
Ақша қорларын бөлудің негізгі әдістері: 1) қаржыландыру, қордан ақша қаражатын мерзімсіз, ақысыз негізде, біржолата беру. Дотация – өз қаражаттары жеткіліксіз болған жағдайда көмек ретінде орынын толтыру мақсатында беріледі. Субвенция – белгілі мақсатты жүзеге асыру үшін бюджеттен төмен тұрған бюджетке ақша құралдарының бөлінуі. Субсидия – мем. ақша қорынан заңды және жеке тұлғаларға ақша құралдарының бөлінуі. 2) Несиелеу, яғни белгілі бір қордан ақша қаражаттарын қайтарып алу шартымен, ақылы түрде пайдалануға беру. 3) Мемлекеттің өзінің қаржылық міндеттемелерін орындауы (мемлекеттің ішкі және сыртқы қарыздарын өтеуі).
Ақша қорларын пайдалануды ұйымдастыру әдістері: Ақша қорларының мақсатын анықтау; Қаражаттардың пайдалану тәртібін белгілеу; Қаражаттардың қаржылық нормативтері мен шектерін белгілеу; Мем. кәсіпорындардың кірістерін бөлу нормативтері мен тәртібін белгілеу; Қаражаттарды пайдалануды жоспарлауды жүзеге асыру; ақша қорларының пайдаланылуына бақылау жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |