Мебгидролин (Mebhydrolinum) - диазолин. - Мебгидролин (Mebhydrolinum) - диазолин.
- Мебгидромин - Н1- гистаминді рецепторларының тежегіші. Аллергияға қарсы, қышымаға қарсы, экссудацияға қарсы және әлсіз тыныштандыратын әсер көрсетеді.
- Қолдану көрсеткіштері және мөлшерлеуі.
- Аллергиялық ринит (маусымдық, созылмалы), поллиноз, аллергиялық конъюктивит, есекжем, терінің созылмалы ауруы (экзема), жәндіктердің шағуына тері реакциясы; қышыма дерматоздарға және бронх демікпесіне үйлесімді емді ішке және тамақтан кейін тағайындайды. Ересектерге және 10 жастан асқан балаларға: күніне 100-300 мг (таблеткалар, дражелер 50; 100 мг №10; 20 ). 5-10 жастағы балаларға: күніне 100-200 мг. 2-5 жастағы балаларға: күніне 50-150 мг. 2 жасқа дейінгі балаларға: күніне 50-100 мг.
- Кері көрсеткіштері.
- Жоғары сезімталдық, асқазан және он екі елі ішектің ойық жара ауруы (қозу сатысында),
- АІЖ-ның қабыну аурулары, қуық асты безінің гипертрофиясы.
-
- Жанама әсері.
- Асқазан-ішек жолдарының бұзылыстары, асқазанның шырышты қабығының тітіркенуі, ауыз қуысының құрғауы болуы мүмкін; агранулоцитоз.
- Шығарылу түрі.
- 50 және 100 мг таблеткада және дражеде N. 10, 20.
Достарыңызбен бөлісу: |