Тақырып: Неологизмдердің жасалуы және оның аудару жолдары Кіріспе



бет4/7
Дата15.09.2017
өлшемі0,67 Mb.
#32675
1   2   3   4   5   6   7

1.4 Неологизмдерді аудару әдістері


Тіларалық байланыстар барысында неологизмдерді жеткізудің бірнеше жолдары ойлап табылды.



Неологизмдерді жеткізудің квазиаударымсыз әдісі. Бұлай аталудың себебі бұл әдісті қолдануда ауда,у жарғысы дыбыстық (тыныс белгілерінде) немесе графикалық (транслитерацияда) жарғыларына ауыстырылып, сөздің құрылымы аударылып жатқан тілге өз мағынасын сақтап аударылады. Бірақ бұл әдістің аударымсыз деп аталғанымен шындығына келгенде ондай емес, мұнда шеттен алған сөздер оның бар болуының алғышарты ретінде аудару үшін жасалады. Кірме сөздер аударылып жатқан тілдің өзіндік бөлігі болып саналады және шет тілден енген сөзбен бірдей орындалады. Осылай аударылу ертеден жазу болмаған тілдік байланыс дәуірінде тарала бастады, қазір де өзіндік ролінен айырылмаған. Біздің дәуірімізде бұл әдісті қолдануда бірнене шектеулер қойылған (тілдік, саясат, стилистикалық, түрлі әлеуметтік-лингвистикалық ұжымдардың дәстүрлері және т.с.с.). [16-91б]

Транслитерация әдісі бойынша ағылшын сөздерінің қазақ тілі әріптерімен жазылуын айтамыз, мысалы, put - «пут» (опцион), Nikkei -«Никкей» (Токио қаржы биржасындағы құнды қағаздар курсының индексі) және т.с.с. Транслитерация әдісін аудармашылар ХІХ ғасырдың соңына дейін кеңінен қолданылы. Осы әдіс үшін аудармашы ағылшын сөзінің айтылуын білуі шарт емес болатын және ол тыңдаушының қабылдауымен шектеледі.

Қазіргі таңда аударма тәжірибесінде көп тараған әдістердің бірі - транскрибирлеу әдісі, мұнда сөздің орфографиялық емес фонетикалық формасы ескеріледі, ағышын және қазақ тілінің фонетикалық жүйесіндегі айырмашылықтар байқалады. Транскрибирлеу дегеніміз - ақпаратты транскрипция көмегімен жазу немесе мәтінді айырып оқу. № 1 кестеде қазақ әріптерінің ағылшын дабысталуымен сәйкестелуінің бірнешеуі көрсетілген. [15-37б]

1-кесте


Халықаралық фонетикалық транскрипциядағы ағылшын дыбыстары



Қазақша әріптер

Халықаралық фонетикалық транскрипциядағы ағылшын дыбыстары

Қазақша әріптер






Дауысты монофтонгтар





Дауыссыздар


I

и (ий)


N

f


н, ң

ф


i

и

v

в

e

э (е)

T

с, т

1

э

D

з, д

@:

а

c

с

%, O

о

z

з

0

а

S

ш (щ)

u:

у

Z

ж

F:

е, (э)

h

х (г)





дифтонгоидтер


p

b

t



п

б

т



eI

эй (ей)

d

д

aI

ай

k

к

au

ау

g

г

OI

ой

7

ч

ou

оу (о)

8

дж

IF

и

l

л

EF

э (эй)

r

р

OF

о

j

й

uF

у

w

m

n




у (в)

м

н





1-кестеге ескерту

1. Барлық редукцияланған дауыстылар орфографиялық жолмен беріледі, сондай-ақ Dorset ['d%sIt] — Дорсет, Дорсит емес; Boston ['b2stFn] — Бостон және т.с.с. Тек қана кейбір қалалардың атауларында -mouth [mFT] қосымшасы –мут деп айтылады, мысалы, Plymouth — Плимут, Portsmouth — Портсмут.

2. екі еселенген дауыссыздар былайша беріледі:

дауыстылар арасында: Bonners Ferry — Боннерс Ферри; дауыссыздан кейін, сөздің соңында: Churchill — Черчилль; boss — босс Дауыссыздың алдында және одан кейін берілмейді: Middlesborough — Мидлсборо; Seattle — Сиэтл; Rensselear — Ренселер.

3 k әрпінің алдындағы дыбысталмайтын l әрпі, сол сияқты b әрпінің алдындағы p, l әрпінің алдындағы t транскрибирленгенде былайша беріледі: Folkestone ['fe4kstFn] — Фолькстон; Campbell ['k1mbel] — Кэмпбелл; Whistle [wIsl] — Уистл; Plumb [pl0m ] — Пламб

Ал басқа тілсіз әріптер айтылмайды: Knoxville — Ноксвилл

Барлық ұяң дауыссыздар орфографиялық жолмен қазақша қатаңданатын жағдайда беріледі. Сондай-ақ of [Fv, ov] әрқашанда "ов" емес "оф" түрінде беріледі, мұндай жағдай оларды дыбыстап айтуға мүмкін болмаған жағдайда, жазуға мүмкіндік береді. Мысалдар қарастырайық: Jones — Джонс, News — Ньюс и т.д. Тек қана бір жағдайда Charles — Чарльз деп айтылады.

Тыныс белгілері әдісін қолдануда транслитерация элементтерінің әрдайым кездесетіндігін есте ұстау қажет. Кестедегі мағлұматтарды нәтижелей келе транскрибирлеуде транслитерация белгілері келесі жағдайларда байқалады:

-айтылмайтын дыбыстардың транслитерациясын;

-ашық дауыстылардың транслитерациясы;

-жұп дауыссыздардың берілуі;

- сөздің айтылуының бірнеше нұсқасы болғанда, графикке жақын нұсқасының таңдалуы;

- калькалау

Аудару әдістерінің ішінде өзінше орны бөлек калькалау әдісін айтуға болады, оның неологизмдерді жеткізудің толық аударылатын және аударымсыз әдістерінің ішінде аралық орны ерекше. Калькалаудың «Аударымсыз» жолы сөздің ішкі пішінін өзгеріссіз сақтауды көрінеді (өзгеріссіз ішкі пішіннің аударымсыз берілуде сақталуы). Калькалау аударылатын немесе шеттен келетін сөздің ішкі пішінін құраушы «құрылыс материалдары» ретінде пайдаланылатын қарапайым лексикалық бірліктер арасында тіларалық екіжақты сәйкестіктердің бар болуын қадағалайды.



Калькалау баламаны құраушы әдіс ретінде дәлме-дәл аударумен туыстас, бүтін баламасы құраушы бөліктерінің баламаларын қарапайым жолмен қосу арқылы құралады. Осыдан келе, калькалауға күрделі сөзден жасалған неологизмдер келеді. Мысалы үшін multicurrency сөзі multi және currency сөздерінен құралған, ал әрқайсысы жеке-жеке «көп» (көптік мағынаны білдіретін жұрнақ) және «валюта» болып аударылады, ал екеуін қосқанда «көпвалюталы» сөзі шығады; немесе interbank (market) = inter- ("аралық-") + bank ("банк") – "банкаралық (нарық)". [17-108б]

Калькалау әдісінің артықшылығы болып оның көмегімен алынған баламаның қарапайым және қысқа болуы, оның түпкі сөзге қатысты болуы, толық ұқсастыққа дейін баруы табылады. Қысқалық пен әсерлі терминологиялық қасиет оларды газеттерде, публицистикалық және қоғамдық-ғылыми жұмыстарды кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.

Сипаттамалық баламалар неологизмдерді жеткізудің калькаланбайтын әдістеріне жатады, калькадан айырмашылығы, сипаттаушы әдістерде неологизмдерді жеткізуде аударудың нұсқасы болып сөздің ішкі құрылымына байланыссыз, тек қана шет тілдік бірліктердің мағынасы қолданылады, ал сол уақытта калькалауда аударудың нұсқасы болып шет тілдің бірлігінің пішіні саналады, ал мағыналық жағы жақша ішінде қалып қояды.

Сипаттамалық аударма әр-түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жасалады. Екі жағдайды қарастырайық.



1. open outcry терминін калькалауды қолданып, «ашық айқай» ретінде аударуға болатын еді, себебі биржада ұсыныс пен сұранысқа тез мән бермеу мүмкін емес, ал айналадағы бәсекелестікті көргенде айқайламауға болмайды. Бірақ бұлай жеткізу бұл сөздің мағынасын ашпайтындықтан тиімсіз болады. Айтылған жағдайда ең қолайлысы сипаттамалық аударма болып табылады. Сонымен терминнің мағынасын түсініктеме сөздіктен табу жеткілікті болады. The Oxford Dictionary for the Business World сөздігінде open outcry терминінің мағынасы былай түсіндіріледі: “a meeting of commodity brokers with dealers in order to form a transaction. Traders usu. form a ring around the person shouting out bids and offers”, бұл жағдайда аударма келесідей айтылады: Тікелей сатушы және сатып алушымен байланысу арқылы биржалық сауда әдісі.

Көрсетілген мысалдағы сипаттамалық аударманы біз түсініктемелік деп қарастырамыз, себебі баламада аударылатын сөздің негізгі элементтері түсіндіріледі. Түсініктемелік аударма сөзді түсіндіріп айтуға бейім, бірақ сонда да ол аударма болып қалады және шынайы мәтінді аударуға жарамды.

Сонда да түсіндірмелік баламаны ұтымды пайдаланғанның өзінде өзіне тән кемшіліктері ба. Солардың бірі болып көпсөзділік болып табылады.

Басқаша айтқанда ағылшын тіліндегі бейнелі аудару, түсіндірудің көмегімен жүзеге асады. Осы әдісті сөздіктің маңыздылығын түсіндіруде қолданумен қатар анық мәтінде неологизмдерді аударуда қолданылады.



2. Сипаттамалық аударма әдісті басқа тәсілмен де іске асыруға болады. Келтірмелі аударма – неологизмдерді қабылдау әдісі, аударылатын тілдегі сөздің баламасы ретінде неологизм болып табылмайтын, бірақ бастапқы сөзбен ортақ байланысы бар бұрын айтылған сөз пайдаланылады. Ал басқа жағдайда бұл жерде денотативтік мағынасының көлемі бойынша сәйкес келуі арқылы семантикалық беттесуге жетуі мүмкін. Мағынасының толық көлемі бойынша сәйкес келуі бойынша мысалдар келтіруге болады: order interval – "тапсырыс циклы" (кезекті тапсырыстар арасындағы интервал), managed floating rate– "түзетпелі құбылмалы курс". [18-130б]

Мағынасының толық көлемі бойынша сәйкес келуі - өте сирек жағдай. Орын ауыстырып келтірілгенде семантикалық трансформация өте жиі кездеседі, бастапқы сөздің тілі көлемі және мағынасы бойынша айырмашылығы бар аударылатын сөздің тілімен жеткізіледі. Мұндай трансформация шоғырлас немесе ығыспалы болуы мүмкін. Бірінші жағдайда сөзді аудару барысында оның мағынасы кеңейеді, ал екінші жағдайда мағынасы бойынша сәйкес келмеуіне байланысты тарылады. Шоғырлас трансформацияның мысалы ретінде transition country – "ауыспалы экономикалы мемлекет" (мағынасын сөзбе сөз аударсақ – "ауыспалы мемлекет"), industrial country – "дамыған өнеркәсіпті мемлекет" (мағынасын сөзбе сөз аударсақ – "өнеркәсіпті мемлекет").

Келтірмелі аудармада ығыспалы мағыналы баламалар жиі кезедседі, бұл келтірілу әдісі аударылатын тілде тиісті сәйкес мағынасы табылмаған жағдайда қолданылады. Мысалы: exchange rate – "айырбас курсы" (сөзбе-сөз – "айырбас деңгейі").

Сонымен неологизмдер және оларды аударудың теориялық негіздерін қорытындылай келе төмендегідей түйіндер жасаймыз:

Тіл-тілде жаңа пайда болған және оның жаңа сөз екендігі аңғарылып тұратын лексика қабатын неологизмдер деп атайды.

Неологизм сөзін грек тілінен аударғанда — тілдегі жаңалық, жаңа сөз деген ұғымдарды білдіреді.

Ағылшын тілінде жаңа сөздердің пайда болуының көптеген әдістері бар, олардың қатарына жаңа сөзөнімділігі, сөзқұрау, конверсиялық (өзгерту), қысқарту, адьективизациялық, субстиантивтік (бір есімнің екінші есімге айналуы), кері сөз құрылымы, лексико- семантикалық тәсіл, дыбыстардың кезектесуі және сөздегі екпіннің ауыстырылуы (фонологиялық тәсәл) және т.б.жатады.

Өнімді сөз жасау, қазіргі кездегі ағылшын тілінің өнімді сөз жасалуының жалпы тенденциясымен толық сәйкестік жағдайда. Көбінесе морфологиялық сөз жасау амалы қолданылады – айрықша және қайталанбайтын авторлық лексикалық бірлік құру үшін, транспозиция, жұрнақтық, сөзқосу, күрделі құрылымды модельдері қолданылады.

Морфологиялық атап айтқанда жұрнақтық сөз жасау ортасында басты өнімді жұрнақ– er жұрнағы болып табылады.



Аудару барысында неологизмдерді анықтаудың келесі әдістерін жеке-жеке қарастырдық: неологизмнің мағынасын анықтауда сөздікті пайдалану, неологизмнің мағынасын контекстен анықтау, неологизмнің мағынасын анықтау үшін құрылымын талдау.

Тіларалық байланыстар барысында неологизмдерді жеткізудің бірнеше жолдары айтылды: квазиаударымсыз әдісі, транслитерация әдісі, транскрибирлеу әдісі.


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет