Тақырып: Неологизмдердің жасалуы және оның аудару жолдары Кіріспе



бет6/7
Дата15.09.2017
өлшемі0,67 Mb.
#32675
1   2   3   4   5   6   7

2.2.2 Калькалау әдісі



Watchwood - Барлаушы орман сөзі екі негізден құралған: watch - n , 1) көңіл, бақылау, аңду; 2) вахта; 3) қарауылдау, қарауыл; в), 1) аңду, көру; 2) қарауылдау, күзету; 3) қарауылдау, сақтау және wood – n -ағаш, орман, тоғай. Шығармада жергілікті жерді зерттеген бір топ адамды аудармашылар осы сөзді сөз тіркесі арқылы аударған және аудармада калькалау әдісін қолданған. Егерде сөз қосу әдісі арқылы аударса «Барлауорман» дұрыс болмас еді.

The Watchwood we will call it. Not a squirrel will go here. [31-234б]

Олар Барлаушы орман болып аталады. Тап болған әрбір тиынды сол сәтте байқайды. [33-549б]

Snowmane -Ақжал сөзі -өте көркем аңның атауы. Сөз екі негізден snow -қар; ағарған, ақ және mane-жал құралған. Авторлар бұл сөзді калькалау тәсілімен аударған. Бірақ бірінші сөз snow -қар ретінде аударылмай «ақ» сөзімен алмастырылған.

Suddenly the king cried to Snowmane and the horse sprang away. [32-125б]

Бірде патша Ақжалға айқайлады және содан соң ол орнынан қозалды. [33-787б].

Treebeard- Қарт ағаш сөзі таңғажайып халықтың басшысы, көсемі-басты ағаштың есімі. Ең қариясы болуына қарамастан ол өте батыл болатын. Неологизм екі негізден құралған: tree -ағаш, beard-сақал, беттегі өсінділер. Бірінші компоненттің аудармасынан аталған кейіпкерлердің ерекше тіршілік иесі екендігін байқасақ, екінші компонентінің аудармасынан кейіпкерді кәрі, өз ғасырын өмір сүрген, қойған сақалының барлығы қария екендігін байқатады. Бірақ аудармашылар beard сөзіне мәтінге сәйкес «қарт» сөзімен алмастырад және орындарын ауыстырды.

Treebeard repeated the words thoughtfully. [31-75б]

Қарт ағаш ұсынылған сөздерді асықпай ой елегінен өткізді. [33-431б]

Treebeard fell silent, striding along, and yet making hardly a sound with his great feet. [31-79б]

Қарт ағаш үндемей қалып, адымды және дыбыссыз аттай басып, сонан соң қайта былдырақтады

Leaflock -Жапырақша неологизмі бұл да ағаштың атауы. Сөз екі негізден құралған leaf -жапырақ, lock -сарай. Аудармашылар бірінші бөлікті аудару барысында калькалау әдісін қолданғанымен, екінші бөлігінде бұл әдісті қолдану керексіз деп шешілген.

Leaflock has grown sleepy, almost tree-ish, you might say: he hs taken to standing by himself half-asleep all through the summer with the deep grass of the meadows round his knees. [32-86б]

Жапырақша ұйықтап қалды, қатып қалды деп айту мүлдем мүмкiн : жаздап тұрады және қалғиды, шөппен тiзеге дейiн қаптап өстi. [33-439б]

Wandlimb-Шыбықша неологизмі, кейіпкер есімі сөз екі негізден құралған: wand -сиқырлы таяқша; таяқша және limb -соңы, соңғы ретінде «шыбық» сөзі алынуы мүмкін, сондай-ақ қазақ тіліндегі кішірейткіш-сыпайылық жұрнағы –ша қолданылған. «Шыбықша» деген атау аудармашыларға қолайлы көрініп, кейіпкердің жұмсақ мінезді баязы екендігін көрсетті. Аудармада калькалау әдісі қолданылған.

ah! The loveliness of Fimbrethil, of Wandlimb the lightfooted, in the days of our youth! [31-87б]

Біздің жастық шағымызда жеңілаяқты Шыбықша сияқты, менің Фимбретилиім секілді сұлу ешкім болмады. [33-440б]

Smalborrow- Үңгіршік неологизмі кейіпкердің есімі, екі негізден құралған; small -кішкентай, үлкен емес, кішігірім және borrow -үңгір, тесік. «Үңгір» сөзін калькалау әдісі арқылы өңделген, ал «small» сөзі қазақ тіліндегі кішірейтілген сыпайылық –шік жұрнағы арқылы сөзден кейін қойылып өңделген.

«Hey, come here Smallborrow!» he called. «I want a word with you.» [32-339б]

«Ей, Үңгіршік, мұнда келші»-деп шақырды ол. -«Менің саған әңгімем бар». [33-938б]

Frogmorton-Бақашық неологизмі жергілікті жердің атауы. Осы сөзді аударуда калькалау элементтері қолданылған, өйткені, frog-бақа мағынасын білдіреді. Шығарма мәтінінде бұл жергілікті жердің атауы болғандықтан аудармашылар алдында лайықты сөзқұрастыру міндеті тұрды. Осы сөздің аудармасы шығармадағы мәтіні мен ағылшын тіліндегі мәтінін бір-біріне сәйкес келеді.

As evening fell they were drawing neat to Frogmorton, a village right on the Road, about twenty-two miles from the Bridge. [32-338б]

Кешке таман алыстан көпірден жиырма екі милл қашықта жол маңындағы ауыл - Бақашық көрінеді. [4-937б]

2.2.3 Транслитерация әдісі

Транскрипция дегеніміз сөз мазмұнында дыбыстардың берілуін айтамыз. Біз бұл сөздердің дыбыстылуын білмегендіктен транслитерация негізінде келесі мысалдарды қарастырамыз.

Толкиеннің неологизмдерінің аудармасын зерттеу барысында транслитерацияның бірнеше мысалы анықталды. Негізінен бұл жергілікті жердің және ертегі халықтың атауы. Мысал келтірейік.

Hobbiton-Хоббитания –Хоббиттер мекендейтін мемлекет. Осы сөзге аудармашылар транслитерация элементтерін қосқан, өйткені қазақ тілінде дыбысталуына қарай елдің атауы қойылған, мысалы Дания, Ұлыбритания және т.б.

One of the first things done in Hobbiton,… [32-366б].

Хоббитанияда жасалынған алғашқылардың бірі... [33-960б].

mumakil -мумактар сөзі әріптік берілулер арқылы аударылған халықтың атауы.

the mumakil of the Harad dragging through the lanes amid the fires huge towers and engines. [32-111б].

...бұл хородримдік мумактар отты алаңдарда алып қамалдар мен қабырғалы сарайлар салды [33-777б].

Gorgun -горгундар, бұл да ертегі халықтың атауы.

Kill gorgun in woods,... You hate gorgun too. [18, 116б.]

Біз ормандағы горгундарды атамыз. Саған да горгундар жау. [33, 781б.].

Pukelmen-Пукколдар, бұл сөздің аудармасында функционалды алмастыру мен транслитерация әдістерінің элементтері бар ((men -көптік есімге ауыстырылған).

and suddenly he remembered the Pukelmen. [32, 116б.]

...бір кезде оның есіне Пукколдар түсті. [33, 781б.]

Orcs -Оркилер, халықтың атауы.

and spread stamping ruin among the orcs innumerable that guarded it,… [32, 112б.]

...сансыз топырлаған оркилер... [33, 778б.]

Жоғарыда аталған халықтардың барлығы басты қаһармандық жауы болған. Келесі мысал:



Galenas -галенас, шығармада қолданылған емдік шөптің атауы, күш берумен жараланғандарды емдеуде қолданылған.

and galenas by the noble, and other names in other tongues more learned… [32, 166б.]

...ғалым галенас және басқа атаулар ең сирек кездесетін тілерде... [33, 817б.].

Rimmon -Римон және Druadan -Друадан екеуі де жергілікті жердің атаулары.

They went through Druadan to Rimmon with great wains. [32, 117б.].

Друадан мен Римонға көптеген керуендер жүрді. [33, 782б.].



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет