Жоспар: 1. «Стандарт-кост» жүйесі.
2. «Директ-кост» жүйесі.
3. ЛТ (тура мерзім) жүйесі.
4. Функционалды - құн талдауы жүйесі (ФҚТ).
5. АВС талдау жүйесі.
6. SCA жүйесі (шығындардың стратегиялық талдауы)
7. LCC жүйесі (тiршiлiк циклданың шығындарының басқаруын тұжырымдамасы)
«Standart-cost» (стандарт-кост) жүйесі ‒ ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында пайда болды. Бұл жүйенің мәні келесіде: белгіленген нормалар негізінде өндірісте өнім бірлігіне деген шығындар есептеледі, алдын ала стандартты калькуляциялар құрылады, ол нақы жұмсалған шығындарды салыстыру базасы ретінде көрініс табады.