Философия тарихында бейсаналық туралы түсініктер - Философиядағы бейсаналық әр түрлі көріністер мен әртүрлі атауларға ие болды:
- бұл болмыстың тәуелсіз түсініксіз мәні (мистика, романс);
- аффектілер және түсініксіз идеялар (Спиноза);
- -сезінбейтін қабылдау (Лейбниц);
- генерациялау принципі, әлемді құру (Шеллинг);
- -адамның еркін әрекет ету принципі (Фихте);
- әлемнің негізінде жатқан ерік (Шопенгауэр),
- ғаламның панпсихизмге немесе жалпыға бірдей сезіну қабілетіне негізделген рухани қағидасы (Э. фон Хартман);
- билікке деген ерік (Ницше),
- интуитивті идеялар мен қабылдаулар (Бергсон) және т.б.
- Бұл тәсілдердің барлығы, әдетте, не онтологиялық, не психикалық бейсаналыққа бейім.
Тіл философиясы М. Қашқари
Махмұт Қашқари «Диуани лұғат ат-түрк» атты философиялық еңбегінде алғаш рет түрік мәдениетін сипаттап берді. Бұл түрік тілінің сөздігінде түріктер өмірінің ХІ ғасырдағы бай сипаты, салт-дәстүрі, өлеңдер мен аңыздардың, материалдық мәдениет заттарының мән-мағынасы ашылып көрсетілді. Бұл кітапта сол заманның тұрмысы мен дүниетанымы ерекше мұқият сипатталған. Рулық-тайпалық қатынастардан бастап болмыс шындығына дейін баяндалған. Философиялық ұғымдар, тек пен ерекшелік терминдері, этнонимдер мен жер-су аттары (топонимдер) ерекше мәнге ие болған. Еңбекте дәстүрлі халық санасының сипаты, тарихи және мифологиялық құндылыктар, діни және этникалық терминология тіркелген.
Диуани лұғат ат-түрк
«Мен бұл кітапты алфавит тәртібімен құрастырдым, — деп жазды М. Қашқари, — парасатты — ғибрат сөздермен, ұйқасты ақ өлеңмен, мақал-мәтелдермен, өлеңдер мен қара сөзбен (прозамен) безендірдім. Мен қиынды оңайлаттым, түсініксіз жайды түсіндірдім, жылдар бойы еңбектендім, ақырында іздеуші сөзді өзінің қатарынан таба алуы үшін әр сөзді өз орнына қойып, сөз тәртібін анықтадым. Түрік, түрікмен, оғыз, жігіл, яғма, қырғыздардың сөздері мен сөйлеу мәнерлерін зерттеп, қажеттісін пайдаландым. Әрқайсысының тілі мен салты санама әбден қалыптасты. Соларды мұқият зерттеп, арнайы әліппелік тәртіпке келтірдім. Мәңгілік ескерткіш, әрі таусылмас әдеби мұра болып қалсын деген ниетпен түркі елдерінің сөздігін жасап, кітапқа «Түркі сөздерінің жинағы» деп ат қойдым (М. Қашқари. Түбі бір түркі тілі «Диуани лұғат ат-түрк»). - «Мен бұл кітапты алфавит тәртібімен құрастырдым, — деп жазды М. Қашқари, — парасатты — ғибрат сөздермен, ұйқасты ақ өлеңмен, мақал-мәтелдермен, өлеңдер мен қара сөзбен (прозамен) безендірдім. Мен қиынды оңайлаттым, түсініксіз жайды түсіндірдім, жылдар бойы еңбектендім, ақырында іздеуші сөзді өзінің қатарынан таба алуы үшін әр сөзді өз орнына қойып, сөз тәртібін анықтадым. Түрік, түрікмен, оғыз, жігіл, яғма, қырғыздардың сөздері мен сөйлеу мәнерлерін зерттеп, қажеттісін пайдаландым. Әрқайсысының тілі мен салты санама әбден қалыптасты. Соларды мұқият зерттеп, арнайы әліппелік тәртіпке келтірдім. Мәңгілік ескерткіш, әрі таусылмас әдеби мұра болып қалсын деген ниетпен түркі елдерінің сөздігін жасап, кітапқа «Түркі сөздерінің жинағы» деп ат қойдым (М. Қашқари. Түбі бір түркі тілі «Диуани лұғат ат-түрк»).
Онда түрік тілінің тарихы жазылған, түркілердің әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері жинакталған. «Мен өз зердеме тірі және рифмделген түріктердің, түркімендердің, оғыздардың, қырғыздардың… тілдерін толық түсіре білдім», — дейді данышпан ойшыл-ғалым. Былайша айтқанда, бұл еңбек лингвистикалық және этнологиялық сипатта ғана емес, сонымен бірге дүниетанымдық-философиялық, этикалық-құндылықгық және эстетикалық сипатта. Мұнда түркі онтологиясы мен тіл мәдениеті, түркі тілдерінің толық жинағы, түркі тілінің ішкі семантикалықжәне грамматикалық құрылысы, ана тіліне деген үлкен сүйіспеншілік, халыктың рухани дамуында тілдің үлкен рөлі анық көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |