Органикалық синтездің халық тұтынатын өндірістік товарларды жасауда да үлкен мәні бар.
Өзімізге белгілі бүгінде көптеген өндірістік товарларды жасауда синтетикалық материалдар кеңінен пайдаланылды.
пластмассалардың әртүрлі мебель жасауда, әр алуағі үй тұрмысында қолданылатын бұйымдар (мысалы, ыдыс-аяқ, түйме, әсемдік заттар) өндіруде қолданылады.
Сонымеы қатар пластмассалық материалдардан әртүрлі электр товарлары және басқа белшектер жасалады.
Жасанды смола мен каучуктер, синтетикалық терілердің түр-түрі алынады, ал олардан аяқкиім, тон, суланбайтын маталар және т. б. толып жатқан бұйымдар өндіріледі.
Әртүрлі мәдени товарлар, қағаз, фотографиялық материалдарды ендіру де органикалық синтездің негізінде ұйымдастырылған.
Бұлармен қатар көптеген иіс майлар, әтір, еріткіш заттар, түрлі-түрлі бояғыштар, пигменттер және суытқыштардың органикалық заттар екенін де ескерсек, бүгінде органикалық синтездің адам баласы қоғамының өмірінде алатын орнының орасан зор екенін түсінеміз.
Органикалық синтез — өнеркәсіпті және лабораториялық масштабта органикалық қосылыстарды жасанды құрастырудың әдістері мен жолдарын қарастыратын органикалық химияның бөлігі.
Достарыңызбен бөлісу: |