– игіліктің бағасы мен сол игілікті сатып алу көлемі арасындағы кері байланысты сипаттайтын нарықтық ұстаным.
Игіліктің бағасы өскен сайын сатып алу көлемі азайып, тұтынушылардың сатып алушылық қабілеті төмендейді. Және керісінше, игіліктің бағасы төмендеген сайын сатып алу көлемі ұлғайып, тұтынушылардың сатып алушылық қабілеті артады.
Сұраныс бағасы – тұтынушылардың берілген игіліктің көлемін сатып алу үшін төлеуге дайын және төлей алатын максималды бағасы.
Сұраныс бағасы – тұтынушылардың берілген игіліктің көлемін сатып алу үшін төлеуге дайын және төлей алатын максималды бағасы.
Тұтынушылар бұл жерде игілікті сатып алуда өздерінің мүмкіндіктерін толық көрсете алуы керек, яғни нарықта қолындағы қаражатын толық жұмсай алуы тиіс.
Сұраныс көлемі – тұтынушылардың ағымдағы бағамен берілген уақыт бірлігінде сатып алғысы келетін игіліктерінің максималды саны.
Сұраныс көлемі – тұтынушылардың ағымдағы бағамен берілген уақыт бірлігінде сатып алғысы келетін игіліктерінің максималды саны.
Нарық жағдайында тұтынушылар игіліктердің берілген жиынын тұтынады деген болжам жасалады.