Тақырып: Термохимия Химиялық реакция кезінде жылу өзгерістерін зерттейтін физикалық химия тарауы термохимия деп аталады Кез-келген химиялық реакция жылу сіңіре немесе бөле жүруі мүмкін - Жылу бөле жүретін реакция – экзотермиялық деп аталады.
- Жылу сіңіре жүретін реакция – эндотермиялық деп аталады.
- Эндотермиялық реакция жылуы – оң, Н>0,, ал экзотермиялық – теріс, Н<0 болып саналады.
Бөлінген немесе сіңірілген жылу мөлшерін химиялық реакцияның жылу эффектісі деп аталады. Жылу эффектісі 1 моль затқа қатысты және калориямен немесе джоульмен өлшенеді. Жылу эффектісі көрсетілген химиялық реакция теңдеулерін термохимиялық деп атайды. - Мысалы: С+О2 = CO2+394 кДж/моль
- Н2+1/2О2 = Н2О + 285 кДж/моль
- 2С + 3Н2 + 1/2О2 = С2Н5ОН + 278,2 кДж/моль
- Реакцияның жылу эффектісін стандартты жағдайда (р - 1,013105 Па, Т-298 К ) жану және түзілу жылуы бойынша есептейді.
- Түзілу жылуы деп, 1,013105 Па қысымда, температура 298 К жағдайда 1 моль берілген қосылыстың жай заттардан түзілуге жұмсалған жылу эффектісін айтамыз. Бұл кезде реакцияға қатысушылардың барлығы тұрақты агрегаттық күйде болуы шарт.
- Жану жылуы деп, стандартты жағдайда 1 моль зат қарапайым оксидтерге дейін жанғанда бөлінетін жылуды айтамыз.
1840 жылы орыс ғалымы Г.Г. Гесс тәжірибелік жолмен химиялық реакцияның жылу эффектісі оның жүру жолынан тәуелсіз екенін дәлелдеді. - Гесс заңы: Химиялық реакцияның жылу эффектісі (тұрақты көлемде және қысымда) процестің жүру жолына тәуелсіз, ол тек жүйенің бастапқы және соңғы күйлерімен анықталады.
- Гесс заңын графиттің көміртегі оксидіне (IV) дейін жануы бойынша көрсетуге болады. Реакцияны екі бағытта жүргізуге болады:
- С(қ)+О2(г) = CO2(г); Н
- С(қ)+1/2О2(г) = CO(г); Н1
- СО(г)+1/2О2(г) = CO2(г); Н2
Сызба нұсқа ретінде: Сызба нұсқа ретінде: Яғни, көрініп тұрғандай: Н=Н1+Н2 Сонымен, графит алдымен СО-ға және кейін CO2 немесе бірден CO2 дейін жанама, реакцияның жылу эффектісі бір мәнге ие болады. Жоғарыдағы теңдеуден Н1 =Н -Н2, яғни басқа реакциялардың жылу эффектісі белгілі болса, аралық реакциялардың жылу эффектісін табуға болады. Гесс заңынан маңызды екі салдар шығады: Гесс заңының бірінші салдары - Стандартты жағдайда реакцияның жылу эффектісі сәйкесінше стехиометриялық коэффициенттерге көбейтілген реакция өнімдері мен бастапқы заттардың түзілу жылулар қосындыларының айырымына тең:
химиялық реакцияның жылу эффектісі
стехиометриялық коэффициенттері ескерілген реакция өнімдерімен бастапқы заттардың түзілу жылулар қосындысы
Берілген реакция үшін келесідей жазуға болады: Берілген реакция үшін келесідей жазуға болады: – реакция өнімдері мен бастапқы заттардың түзілу жылулары стехиометрииялық коэффициенттер Гесс заңынан маңызды екі салдар шығады: Гесс заңының екінші салдары - Стандартты жағдайда реакцияның жылу эффектісі сәйкесінше стехиометриялық коэффициенттерге көбейтілген бастапқы заттар мен реакция өнімдерінің жану жылулар қосындыларының айырымына тең:
химиялық реакцияның жылу эффектісі
стехиометриялық коэффициенттері ескерілген бастапқы заттармен реакция өнімдерінің жану жылулар қосындысы
Мысал. Стандартты жағдайда химиялық реакцияның жылу эффектісін есептеңіз. N2(г) + 3H2(г) =2 NH 3 (г) - Шешімі: Анықтамалық кестеден реакцияға қатысушы реагенттер үшін түзілу жылуларын , кДж/моль жазып аламыз:
- NН3 (г) – 46,2
- N2 (г) – 0
- Н2 (г) – 0
- Гесс заңының бірінші салдарын пайдаланып, химиялық реакцияның жылу эффектісін есептейміз:
- (реакция экзотермиялық).
Бақылау сұрақтары - Химиялық реакция жылу эффектісі дегеніміз не?
- Гесс заңы және оның салдарының анықтамасын айтыңыз.
- Стандартты түзілу және жану жылуы дегеніміз не?
- Стандартты жағдайда реакция жылу эффектісін түзілу және жану жылулары арқылы қалай есептейміз?
0>
Достарыңызбен бөлісу: |