7. Қобалжушы тип. Көңіл-күйі минорлы, өзіне-өзінің сенімі аз, қарым-қатынас төмндігі, ұялшақтығымен сипатталады. Жағымды жақтары: достықты жақсы көретін, өзіне-өзінің сын көзбен қарауы жоғары, тиянақтылығымен сипатталады. Жағымсыз жақтары: өзі-өзіне сенімсіз, өзінің қабілеттілігін бағаламайды, ұялшақ. Жауапкершілікті талап ететін істен қорқады.
8. Эмотивті тип. Бұл типті адамдардың қарым-қатынас шеңбері өте тар.Реніштерін ішінде сақтайды, сыртқа шығамайды. Көңіл-күйі лезде себепсіз өзгеріп отырады. Айналасындағылармен жақсы қарым-қатынаста болуға бейім.Мейірімді, біреудің қайғысына ортақтаса алады, парыз, қарыз сезімдері шамадан тыс көп болады, бастаған істі аяғына дейін жеткізеді.Сезімтал, жылауық болады.